Зертханалық-практикалық
сабақтың жоспары №28
Топ
|
112-9-61
|
|
|
|
Дәрістің
өткізілетін күні
|
18.04.19
|
|
|
|
Пән
аты:
Ақида мәтіні
Оқытушы:
Жакипов Ж.Ж.
Дәрісхана:
№___
Дәрістің
түрі:
Зертханалық сабақ
Оқыту
әдісі:
Талдау,
тәржімалау, түсіндірме беру, түйінді
мәселе қою
Дәрістің
тақырыбы:
Ақылы бар адамның
Құдайды тануы уәжіп және ондағы қайшы
пікірлер
Дәрістің
мақсаты: Ақылы бар
адамның Құдайды тануы уәжіп екеніне
қатысты Құран мен хадистегі дәлелдермен
және ғұламалардың дәйекті сөздерімен
танысу;
Дамытушылық:
Оқушыларды белсенді қатысуға
ынталандыру, кәсіби іс шеберліктерін,
зейінділік пен белсенділік іс-қимыл
әрекеттерін қалыптастыру және
зерттеушілік, теориялық білімдерін
машықтанумен ұштастыру, қабілеттерін
дамыту. Мамандыққа деген қызығушылықтарын
арттыру;
Тәрбиелік:
Өзін-өзі
басқару, өзін-өзі қызмет етуге
жауапкершілікті сезінуге және әр бір
атқарылған жұмысты тиянақты орындауға
тәрбиелеу.
Дәріске
қолданылатын көрнекі құралдар:
Тақта, суреттер, оқулықтар, сөздіктер.
Дәріс
барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі (5
минут):
Сәлемдесу,
дәрісхана тазалығы, оқушылардың қатысымын
түгелдеп, сабаққа дайындықтарын тексеру
және оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
ІІ.
Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру
(30
минут):
Муқаллидтың
иманы.
Сұрақтар:
Иман сөзінің
тілдік және терминдік мағынасы
Иманның шарттары
Жүрекпен растау,
тілмен айту
Иманның түрлері
Ижмали иман
Тафсили иман
Тақлиди иман
Тахқиқи иман
Тақлиди иманға
қатысты мәтруди ғалымдарының көз-қарасы
ІІІ.
Сабақты өткізуді
ұйымдастыру (30 минут):
Тақырыпқа
түсінік беру:
Расында
Алланы тану–ең үлкен уәжіп болып
табылады. Алла Тағала құлдарына қай
пайғамбарын жіберсе де пенделеріне
шынайы Жаратушыны таныстырсын деп
жіберген. Бұл нәрсеге мұғтазил, ашғари
және матуриди мектептерінің өкілдері
бірауыздан келіседі. Алайда араларында
орын алған келіспеушілік–бұл уәжіп
үкіміндегі «Алланы тану» ақыл арқылы
бола ма, әлде нақыл (Құран мен хадис)
арқылы бола ма деген мәселеде еді.
Зерттей келе бұл мәселе айналасында үш
түрлі көзқарастың бар екенін байқаймыз,
олар: 1) Ақыл арқылы болады дегендер,
2)Нақыл арқылы болады дегендер. 3)Ақыл
мен нақыл екеуімен бірге болады дегендер.
Жұмыстың
орындалу тәртібі: Деңгейлік тапсырмалар:
А) Ақылы бар адамның Құдайды тануы уәжіп
екеніне Құраннан дәлел келтіреді. Ә)
Хадистен мәліметтер жинайды. Б) Ақли
ережелермен таныстырады. Оқушылар 3
топқа бөлініп, өздеріне берілген
тапсырмаларды орындап, қорғап шығады.
ІV.
Сабақты өткізуге нұсқау беру (20
минут):
«Сұраққа
жетіп ал» әдісі
арқылы оқушыларға сұрақ-жауап ұйымдастыру.
Сұрақтар:
Алланы тану үкімі
Алланы тану жолдары
Алланы ақылмен
тану
Алланы нақыл
арқылы тану
Алланы ақыл және
нақыл арқылы тану
Ғұламалардың
пікірлері
V.
Сабақты қорытындылау және бағалау (5
минут):
«Бағдаршам»
әдісі
арқылы бағалау жүргізу. Әр
бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес
карточкалар таратылған. Ұстаз олардың
сабақты меңгергендеріне байланысты
карточкаларды көтеруін сұрайды.
VІ.
Үй тапсырмасы: Алланы
тану тақырыбына қатысты қосымша дәлелдер
жинау
Әдіскер:
______________
Оқытушы:
______________