жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
жергілікті жердегі қандала түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КММ «Өкпеті» орта мектебі
Шығармашылық жобаның тақырыбы:
Жергілікті жерде кездесетін қандаланың түрлері
Жобаны дайындаған:
Асқарқызы Нұрайым
5-сынып оқушысы
КММ «Өкпеті» орта мектебі
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы
Жобаның жетекшісі:
Искакова Толеухан Ризханқызы
Биология пәнінің мұғалімі
КММ «Өкпеті» орта мектебі
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы
Үштөбе ауылы, 2016 ж.
Мазмұны
І. Кіріспе
1.1. Жартылай қаттықанаттыларға жалпы сипаттама......................3-бет
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жартылай қаттықанаттылардың құрылыс ерекшеліктері.........4-бет
2.2. Жергілікті жерде кездесетін қандалалардың түрлері.................
2.2.1. Қандалалардың зиянды түрлері............................................5-7-бет
2.2.2. Суда өмір сүретін қандалалар................................................7-8-бет
2.2.3. Табиғаттағы зиянсыз қандалалар........................................... 8-бет
2.2.4.Зиянды қандалаларды жою әдістері...................................... 8-бет
ІІІ. Қорытынды.................................................................................10-11-бет
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................12-бет
Мақсаты: Жергілікті жерде кездесетін қандала түрлерін анықтау.
Міндеттері:
- Жергілікті жерде кездесетін қандала түрлерін жинақтап, биологиялық тұрғыдан саралай отырып, нақты кездесетін түрлерін анықтау;
-қандалалардың зиянды түрлерімен күресу жолдарын қарастыру, ұсыну.
Зерттеу болжамы: егер, тұрғындар қандалалар туралы білетін болса, көкөністерін зиянды жәндіктерден қорғай алады, себебі, оларды практика жүзінде таниды, көкөністен мол өнім алуға мүмкіндіктері болады.
Тақырып өзектілігі:
2015 жылғы мамырдағы Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» -ның
87-қадамында: Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі – «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ”- деп көрсетілген. Осы себеппен мен жергілікті жерде кезігетін қандала түрлерін анықтап, зиянды түрлерімен күресу жолдарын қарастырып, сондай-ақ туған жерімнің флорасы мен фаунасы туралы деректер жинақтап, оны “Қазақстан энциклопедиясы” интернет жобасына ұсынуды мақсат етіп қойдым.
Зерттеу нысаны: жартылай жарғақ қанаттылар
Зерттеу пәні: жергілікті жерде кездесетін қандала түрлерін анықтау.
Зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдер: осы бағытта мына әдіс-тәсілдерді қолдандым: бақылау, сұқбат, тәжірибе, коллекция жинау.
Зерттеу жаңашылдығы: бар материалдарды және қосымша ақпараттар іздеу арқылы болжалды нәтижеге қол жеткізу.
Зерттеудің практикалық құндылығы: қандала түрлерінен коллекция жинақтап, олардың Үштөбе ауылындағы кездесетін түрлерін анықтадым. Алдағы уақытта қандалалар тіршілігін бақылап, болжалды нәтижелерге қол жеткізуді көздеймін.
ХХІ ғасыр-білім, ғылым, бәсеке ғасыры!
Н.Назарбаев
І КІРІСПЕ
Жартылай қаттықанаттыларға жалпы сипаттама
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым – энтомология (гректің «ентома – бунақдене + логос – ғылым»). Ол – зоология ғылымының бір саласы. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Бунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар – ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. [7 ]
Жылдар бойы адамдар қандалалар туралы жағымсыз көзқараста болып келеді, себебі кішкентай паразиттер өте белсенді көбейіп, үй-жайды жаулап алуымен қатар, адамдарды шағып, қанымен қоректенеді.
Қандалалар фауна әлеміндегі шала түрленіп дамитын үлкен отряд жартылай қаттықанаттыларды құрайды. Мұндай аталу себебі, қанатының құрылысына байланысты. Алдыңғы және артқы қанаттары бір-бірінен айқын ажыратылған. Артқы қанаты жүлгесі аз жарғақ болса, алдыңғысы біркелкі емес қанатүсті хитинді жабын.
Бір отряд тармағында жатса да олардың әртүрінің (үй және жырқыш қандалалар) өзара ерекшеленеді. Біреуі адамды шақса, ал екіншісі, керісінше пайда келтіріп, ауыл шаруашылығы зиянкес жәндіктерінің дернәсілімен, қуыршағымен қоректенеді. Қандалалар сыртқы түріне, қоректенуіне, өмір сүру ортасына байланысты ажыратылады. [ 5 ]
Қандалалардың кейбіреуі жануарлар мен адамда, ал басым көпшілігі мәдени өсімдіктерде паразиттік тіршілік етеді, сөйтіп оларға үлкен зиян келтіреді. Бұлардың ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделген, бунақталған тұмсықшадан құралады. Көптеген қандалалардың қанатүсті-алдыңғы жұп қанатының қалыңдығы біркелкі емес: жиегі көн тәрізді, қалың хитинді қабаттан құралған, қатқыл, ал үстіңгі жағы-жұқа, жұмсақ және мөлдір болып келеді. Қанатүстінің қалыңдығы біркелкі болмағандықтан, отряд шалақатқылқанаттылар деп аталған. Бұл отрядтағы бунақденелілердің кейбіреуінде - қанатүсті біркелкі қалыңдықта (мысалы, суаршын), ал кейбіреулерінде- қысқарған немесе мүлде жоқ (мысалы, төсек қандаласы) болады.
Қандаланың отаны-Жерорта теңізі. Орта Азияда өткен ғасырдың 60-жылдары орыс жауынгерлері Түркістанға келуі кезінде пайда бола бастаған. [2, 26 бет]
3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жартылай қаттықанаттылардың құрылыс ерекшеліктері
Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады.
Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері – алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады. [7 ]
Қандала, жартылай қаттықанаттылар (Heteroptera, немесе Hemiptera) –насекомдар класының бір отряды. [3, 447-бет] Қазақстанда 32 тұқымдас, 370 туыс, 1500-дей түрі бар. Құрлықтағылары өсімдікке жабысып, топырақ бетінде, ағаш қуысының астында, құм арасында, су қандалалары суда тіршілік етеді. Бұлардың қазба қалдығы юра кезеңінен бастап табылған. [4, 588-бет] Дене пішіні тіршілік ортасына қарай сопақша, таяқша, шар тәрізді. Ұзындығы 0,7мм-ден-12см ге дейін. Ауыз аппараты тескіш-сорғыш типті. [3, 447-бет] Қысқа қанаттары 2 жұп, алдыңғылары қаттылау. Мұртшалары жіп тәрізді, 4-5, кейде 1-3 буынды. Аяқтары секіруге, қазуға бейімделген. Жартылай түрленіп көбейеді. Мұртшалары жіп тәрізді, 4-5, кейде 1-3 буынды. Аяқтары секіруге, қазуға бейімделген. Жартылай түрленіп көбейеді. [4, 588-бет]
Қанат диформизмі жақсы дамыған. Мысалы, қарағай тамыры қандаласы қанатының алдыңғы жұбы жақсы жетілген, кейінгі жұбы болмайды. Үй қандаласының паразиттік тіршілік етуіне байланысты қанаты жойылып кеткен. Қандалалардың иіс шығаратын бездері бар. Сілекейі улы болады. Ол ересек қандалаларда кеудесінің төменгі жағында, личинкасының бауырында болады. Иіс шығару арқылы жауларынан қорғанады. Жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқа саны әртүрлі, 10-200-ге дейін. Дернәсілі ересек қандалаға ұқсас, қуыршақ сатысы жоқ. Су шаянының денесінің арт жағында ұзын жіпше тәрізді өсінді бар. Бұл тыныс алу түтігі, оны су бетіне шығарып, атмосфералық ауамен тыныс алады. Су инелігінің бізде 1 ғана түрі Halodatus бар. Су бүргесі, су қандаласы уақ балықтардың уылдырықтарын жейді. Өсімдік шырынымен қоректенетін қандала ауыл, орман шаруашылығына зиян тигізеді. Астық тұқымдасын зақымдайтын тасбақашық қандала (Eurygaster integriceps), қызылшада қызылша қандаласы (Рoeciloscytus), т.б. болады. Өсімдік ауруларының вирустарын тарататын түрлері де кездеседі. [3, 448-бет] 4
Бұлардың ішінде (Anthocoridae, Nabidae, Miridae, Petaromidae тұқымдасының өкілдері) зиянды жәндіктер мен кенелерді құртатын, балыққа жем болатын пайдалы түрлері де кездеседі. [4, 588-бет]
2.2. Жергілікті жерде кездесетін қандалалардың түрлері
2.2.1. Қандалалардың зиянды түрлері
Қансорғыш төсек қандаласы –(Клоп постельный -Cimex lectularius)
Қансорғыш қандала-ең танымал қандаланың бірі. Ол адамдардың үйлерінде қуыстарда жатар орынға таяу өмір сүреді. Оның шағын денесі адам баласы ойламайтын жерлерде тығылуына қолайлы, мысалы, ноутбукта немесе розеткада. [2, 26-бет]
Денес, жалпақ формада болғандықтан, оны өлтіру оңай емес. Қатқыл қабыршақты денесі қысымға төзімді, бірақ қоректенген соң домаланып, өлтіруге қолайлы болады. [ 5 ]
Паразиттердің белсенділігі адамдар ұйықтап жатқанда түнде артады. [2, 26 бет]
Жоғарыда айтылғандай, төсек қандаласы қанмен қоректенеді. Арнаулы шығыңқы тұмсығымен адам терісін тесіп, капиллярға енеді. Тұмсығында 2 канал болады; үлкенімен қан сорады, ал кішкентайынан ерекше жансыздандыратын әсері бар сілекей бөледі. Бір рет қан сорғанымен өз салмағынан екі есе көп қан сорады.
Ү
й
қандаланың құрсағында сегменттері
айқын көрінеді. Қандаланың жұмыртқасы
құмырсқаның жұмыртқасына ұқсайды,
аздаған созылыңқы формада болады.
Аналықтары 3-4 жұмыртқа салады. Дернәсілдері ашық алтын түстес болып келеді.
Олардың денесін жабысқақпен көмкеріп, заттың бетіне жабуысуын қамтамасыз етіп тұрады. Уақыт өте келе жәндіктің түсі күңгірт түске ауысады. Дернәсілдер де шағады, бірақ олар сілекей бөліп шығармайды. Шаққаны сезілгенмен одан ауырсыну көп байқалмалмайды.
Қандала 1жыл өмір сүреді. Дернәсілінің ересек жәндікке айналуы 30-40 тәулікке жетеді. Бірақ қолайсыз жағдай болса, 80-100 тәулікке созылады. Өз өмірінде аналық қандала (тәулігіне 1-12 данадан) 250-500 жұмыртқаны басады. [ 5 ]
Қансорғыш қандалаларды басқа қоңыздардан ажырату оңай. Ересектері 5мм-дей, олардың көлемі жынысына, жасына, қан сорған мөлшеріне қарай белгілі болады. Аталығы аналығынан кішірек. Қансорғыш төсек қандаласы қызыл-қоңыр түсімен, қанатының жойылып кетуімен өзімен туыс қандалалардан ерекшеленеді. Қанға тойған соң түсі қоюлануы мүмкін. Жәндіктердің 3 жұп аяғы бар. [2, 27-бет ]
5
Тасбақа қандаласы- (Клоп черепашка-Eurygaster integriceps)
Біздің
айналамызда қызығушылық туғызатын
жәндік- тасбақа қандаласы. Жәндіктің
тасбақаға формасы, хитинді жамылғысы
түсі ұқсауымен аталған. Астық тұқымдас
өсімдіктерге зиян келтіретініне
байланысты зиянды тасбақа қандала деп
аталады. Ол өте жақсы ұшады. Көбеюі 50
км, таулы жердегісі 200км қашықтықта
өтеді.
Тасбақа қандала 11 ай өмір сүреді. Дернәсілі толық дамуы үшін (жұмыртқадан) 35 тәулік қажет. Күзгі суықта түскен жапырақтарға орналасып, тыныштық қалпына өтеді. Көктемде тіріліп, тамақ іздеуге кіріседі. Ұн тартылуға қойылған астық дәнін жарамсыз жасайды. [ 5 ]
Жасыл қандала- (Клоп зеленый-Palomena Prasina)
Сасық
қандала немесе ағаш қандаласы деген
атпен мәлім. Таңқурай, қарақат жемістерін
жинағанда сасық иісті осы қандаланы
байқауға болады. Олар осы жемістермен
қоректенеді. Бау-бақша жемістерін сасық
иісімен бүлдіреді. Жазда 2 рет жұмыртқалайды.
Жұмыртқасын жапырақтың астыңғы бөлігіне
салады.
Жасыл қандала күз келгенде жапырақтармен қоса түсіп, сұр-қоңыр түске ауысады. [6] 2016 жылғы 3-8 тамыз аралығында ауылда осы жәндіктер жаппай қаптап кетті. Ауыл шетіндегі үйлердің қабырғасында, ауласында, ағаштарда, қашаларда топтасып тұрды.
Осы жағдай тамыз айының басынан 8 тамызға дейінгі аралықта үздіксіз қаптап, қайталанды.
Қызыл қандала- (Клоп красный)
Қ
ызыл
қандаланың белсенділігі мамыр айының
аяғы мен маусым айының басы болады. Бұл
кезде қызыл қандала белсенді түрде
жұптасады. Қызыл қандала ағаштардың
қуысында өмір сүреді. Жемістермен
қоректеніп, бақша дақылдарына зиян
келтіреді. Жұмыртқасын ағаштардың
қуысына салады. Дернәсілдері қызыл
қанық емес түсті, қара ноқаттары болады.
Ол бағбандарға үлкен қиындықтар туғызып,
өте көп зиян келтіреді. Жүзім шырынын
сорғыш тұмсығымен сорып алып, бүлдіреді.
Қоңыздардың өлексесімен, ешқандай
өсімдік шырыны болмағанда, жануар
өлексесімен де қоректенеді. [5]
Клоп щавелевый-Қымыздық қандаласы
Б
іздің
жерімізде қымыздық қандаласы кең
тараған. Ашық қоңыр түсті қандала
ұшқанда құрсағының үстіңгі жағында
ромб тәрізді қызыл ноқаты анық көрінеді.
Ылғалды, шөптекті өсімдіктерді жақсы
көреді. Мысалы, өзі қоректенетін
қымыздықты. Өзімен туыстас қандалалардан
айырмашылығы сасық иісі болмайды.
[5]
Қоңыр қандала Ашық түсті жасыл қандала
Екі қандала түрлері де “шөп қандаларлары” деп аталып кеткен. Олар да жаз айларында белсенді өмір сүреді. [6]
Рапс қандаласы-Рапсовый клоп
Рапс
қандаласысының к
өк-жасыл
жылтыр ақ немесе қызыл түсті дақтары
бар. Ашық түс оның жауларынан қорғануына
көмектеседі. Қандаланың цимицин қышқылын
бөлетін арнаулы бездері бар. Олардан
жағымсыз иісі бар сөл бөлініп шығады.
Бұл жәндіктерді бекерден-бекер
Шаршыгүлділер қандаласы деп атамаған.
Себебі, осы тұқымдасқа жататын рапс,
шалқан, шалғам, орамжапырақ өсімдіктері
орамжапырақ, рапс қандалаларының сүйікті
қорегі болып табылады. Өсімдікте сары
томпақ дақтар қалады. Әлі буыны қатпаған
жас өскіндер өліп кетеді. [6]
2.2.2. Суда өмір сүретін қандалалар
Суаршын-(Водомерка обыкновенная - Gerris lacustris)
Масаға
ұқсас су бетінде жүгіріп жүретін
жәндікті жиі байқауға болады. Олар-
басқа жәндіктермен қоректенетін
жыртқыштар. Адамды шаққанымен зияны
болмайды.
Артқы аяқтарымен суда тұрып, алдыңғы қысқашы бар аяқтарымен итеріп, екпін алады. Қыста су қоймасын тастап, түскен жапырақттардың астына өзіне орын тауып алады. Көптеген су қандалалары ұша алады. [6] 7
П
лавт
обыкновенный- (Кәдімгі сушалқақ-
Hiocoris
cimicoides)
Су тереңінен шалқалап жүзіп жүрген сушалқақты көруге болады. Сушалқақ – едәуір қашықтыққа ұша алатын жыртқыш бунақдене, оның артқы аяқтары ескекке айналған. Қандаланың бұл түрі жәндіктердің дернәсілдерін, моллюскаларды күні бойы аулап, қоректенеді. [5]
2.2.3. Табиғаттағы зиянсыз қандалалар
Жолақ қандала-(Клоп линейчатый Graphosoma lineatum)
Жолақ
қандаланың
суық ерекше түсі-жауларынан қорғану
үшін қажет. Оны
колорад қоңызымен шатастырады. Кейде
итальян қандаласы деп те атайды. Себебі,
Рим папасы әскерлерінің киім формасына
ұқсас түріне бола айтылған. Олар
бау-бақшаға зиян келтірмейді. [6]
Қанатсыз қызыл қандала- Красноклоп бескрылый (Pyrrhocoris apterus)
Қ
анаты
жоқ қызыл қандалалар барлық жерде
таралған. Ешқандай зияны жоқ. Шірінділермен,
түскен жапырақтармен , жәндік өлекселерімен
қоректенеді. Мысалы, мал тезегінде,
тастың астында кішкене құмырсқалармен
де бірге өмір сүреді. Құмырсқалардан
қалған қоректі пайдаланады. [6]
2.2.4. Зиянды қандалаларды жою әдістері
Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі жиҺаздың қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды т. б. жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті спирт ерітіндісінжәне хлорофос қорытпасын; «Фосфолан», «Неопин», «Хлорак», дусттарын; «Дифос», «Метасил», «Тролен» сияқты сұйық препараттарды; сондай-ақ «Прима—71» және «Неофос» аэрозольды препараттарын қолданады.
8
Бұларды алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек. Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.[7 ]
9
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
Мен осы қанатсыз қызыл қандалаларды бақылап, тіршілік ортасын білгім келді. Сол себепті, шөптесін жерде жатқан тасты ашып қарадым. Тастың астында кішкене құмырсқалар илеуі бар екен. Қызыл қанатсыз қандалалар олардың қасында жүрді. Тастың астында тек жәндіктердің хитинді қабыршағынан тек жұқа жарғақ қалыпты.
Қ
анатсыз
қызыл қандалалардың зиянсыз жәндіктер
екеніне көзім жетті. Қора-қопсыларда
сиыр тезегінің астынан көрдім. Тезекті
қозғағанда ішінен көп қызыл қандалалар
шығып жатты. Соның ішінде ашық түсті,
бірақ қара ноқаты жоқ қандалалар жүгіріп
жүрді. Мен оларды әйнек ыдысқа жинап,
бірнеше күн қойып қойдым. 4-5 күн өткенде
қызылтүсті қандалалар жоғалып кетті.
Орнына қара ноқаты бар қанатсыз қызыл
қандалалар жүрді. Мен олардың жетілмеген
қандалалар болғанын түсіндім.
Менің өз бақылауымда қандала түрлері суда да, топырақта да, шөптерде де кездесті. Менің ойымша, адамдар кейде қандалар туралы жаңсақ пікірде болады. Қандаланың барлығы бірдей зиянды емес және әр қандаланың табиғатта өзіндік ролі мен орны бар.
Менің ұсынысым:
1. Болашақта зиянды химиялық заттармен өлтіру азайтылса.
2. Зиянкестермен күресудің биологиялық жолы іздестірілсе.
10
Біз табиғаттың бір бөлшегі қандалалармен таныстық. Табиғатта артық жаратылыс жоқ. Барлық тіршілік иесінің табиғи ортада ролі болады. Бір отряд тармағына жатса да, қандалалардың тіршілік формасы әртүрлі. Паразит түрлері зиян келтірсе, жыртқыш түрлері зиянды басқа да жәндіктермен қоректенеді. Бір түрдегілер жай бейтарап өмір сүріп, табиғатқа әсемдік сыйлайды. Енді бірлері табиғаттағы қоректену тізбегіне еніп, құстардың сүйікті асы болады.
Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенетінін әдебиеттерден оқып білдім.
Мен мамыр айынан бергі бақылауымда көптеген қызықты жағдайлардың куәсі болдым. Мені туған жерімнің табиғаты әсерлендірді. Сол себепті, ойымды өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған ауылым Барқытбелдің етегі,
Ақындардың жыр-жақұты жетеді.
Осындай жерде туып өскенде,
Басымдағы тарыдай бағым бес елі.
Асанқайғылар көрмеген қалай,
Жерүйығы жердің, шуағы- арай.
Шипалы бұлақ зәм-зәм суы бар,
Сырқат адамды емдеген талай.
Мен алдағы уақытта да өз ауылымның табиғат әлемін зерттеп, ол деректерді “Қазақстан энциклопедиясы” интернет жобасына ұсынуды мақсат етіп қойдым.
11
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жануартану
Қ.Қайым, Б.Муканов, Р.Сәттімбекұлы, М. Шаймарданқызы
Алматы , 1980.
2. Зоологиядан қазақша-орысша сөздік. М. Шаймарданова
«Мектеп» , Алматы, 1984.
3. Қазақ совет энциклопедиясы. 6 том
Алматы. 1974.
4. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы . 3 том. Алматы -2001.
5. Яндекс. www.http //fightinsests.ru /klopy/
6. Яндекс. www.http //images.ru //klop-klopov/
7. Google Chrome. www.http // kandala.kz// Қазақстандағы қандала түрлері
12
Аннотация
Жергілікті жерде кездесетін қандала түрлері, тіршілігі туралы интернеттен, ғылыми кітаптардан мағлұмат жинақталған. Жартылай қатты қанаттылардың систематикасы, табиғаттағы ролі мен маңызы, құрылыс ерекшелігі айтылған. Бір отряд тармағының жыртқыш, паразит, бейтарап формада өмір сүруі баяндалған. Жәндіктердің жұмыртқа салуы, тіршілік ортасы, табиғаттағы маңызы сипатталған.
Жүргізілген бақылаулар туралы баланың өз пайымдаулары айтылып, бақылау суреттері берілген. Автор қандала түрлерін жинақтап, коллекция жасап, сол бойынша жүргізген зерттеушілік жұмыстарын ұсынған.
Қандаланың адамға, жануарға, өсімдікке зиянды түрлері туралы айтылып, сипаттама берілген. Автор өз жұмысында әр түрлі қорек ортасында; су қандалалары, құрлық қандалалары, паразиттік тіршілік ететін қандалалар туралы деректер жинақтаған.
Сондай-ақ, автор қансорғыш төсек қандаласын іс жүзінде химиялық жолмен белгілі жою әдістерін келтірген.
Қандаланың зиянсыз түрлері туралы мәлімет келтіріп, қанатсыз қызыл қандалалардың тіршілігін бақылағанын баяндайды.
Пікір
«Жергілікті жерде кездесетін қандала түрлері» тақырыбындағы зерттеу жұмысында 5-сынып оқушысы Асқарқызы Нұрайым жергілікті жердегі қандала түрлері туралы деректер жинақтап, жазып, суретке түсіріп, өз бақылауларын келтірген. Оқушы қандала түрлерінен коллекция жинақтады, оларға жеке сипаттама берген. Жаз айларында әр түрлі қорек ортасындағы қандала түрлерінің тіршілігін бақылады. Жәндіктер туралы мағлұматтарды кітаптардан, интернеттен жинақтады. Барлық ақпараттарды бір жүйеге келтіріп, зерттеу жұмысын дайындады.
Шығармашылық зерттеу жұмысының жетекшісі:
Биология пәнінің мұғалімі Т.Искакова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген