жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жергілікті жерді бағдарлау
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: Дүниетану Ортақ тақырып: «Қоршаған орта» Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам Күні: Сынып: 2 |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Жергілікті жерді бағдарлау |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты |
2.2.1.1. Тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Тұсбағдардың құрлысымен және қолдану тәртібімен танысады.Тұсбағдардың көмегімен көкжиек тұстарының бағытын анықтайды. Көптеген оқушылар: Тұсбағдардың көмегімен айналасында орналасқан заттардың қай көкжиек тұстарында орналасқанын іздейді, дәлелдейді Кейбір оқушылар: Жергілікті жерді бағдарлауға көмектесетін табиғи белгілерге қарап, олардың ерекшеліктерін зерттейді. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Тұсбағдар көмегімен көкжиек тұстарының бағыттарын анықтайды. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар орындай алады: Көкжиек бағыттарын біледі. Тұсбағдардың көмегімен көкжиек бағыттарын анықтайды. Пәнге тән лексика мен терминология: Тұсбағдар-көкжиек тұстарын анықтайтын құрал Көкжиек тұстары: Негізгі көкжиек тұсы: Солтүстік , оңтүстік, шығыс, батыс Жергілікті жер- сол маңайдағы жер Бағдарлау-Жергілікті жердің көкжиек тұстарын анықтау Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Тұсбағдар дегеніміз не? Бағдарлау дегенді қалай түсінесің? Тұсбағдар арқылы және жергілікті жерді бағдарлау арқылы көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады? Жергілікті жерді бағдарлаудың қандай пайдасы бар? |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлық сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамыту мақсатында оқушы, жан-жақты алған білімін өмірде қолдана отырып зерттеу жұмыстарымен айналысуға дағдыландыру. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Пән аралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, көркем еңбек |
||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Энциклопедия, Google, Яндекс. Жергілікті жерді бағдарлауға көмектесетін табиғи белгілерге қарап, олардың ерекшеліктерін іздейді |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Көкжиек және көкжиек тұстарын жергілікті белгілер арқылы анықтауды біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 4 мин |
Психологиялық ахуал Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Қима қағаздар таратып беру. (Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс,Батыс) Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады. -Балалар далаға қарайықшы ауа-райы қандай? -Ал сендердің көңіл-күйлерің ше? Күнге қарап күлімдейікші. Қазір біз «Өз бағытыңды анықта»деген ойын ойнаймыз. Ойын: «Өз бағытыңды анықта» Енді бәріміз күнге арқамызды беріп тұрайық. Қолымызды екі жаққа созамыз,нұсқаулықты орындаймыз. Нұсқаулық: Тал түсте күнге арқаңды беріп тұр(суретімен). Сенен түскен көлеңке солтүстік бағытты көрсетеді. Өкше жағың –оңтүстікті, оң қолың шығыс, сол қолың батыс бағытты нұсқайды. Әр топ осы нұсқаулыққа сүйене отырып негізгі төрт тұсты анықтайды және әр топ өз тұсы қай жақ екенін көрсетеді. Топқа бөлу Қима қағаз бойынша топқа бөлінеді. (Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс,Батыс) |
Қима қағаздар
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 3минут
3 минут
7 минут
7 минут
2 минут
10минут |
Тапсырма №1 (Ө) «Сиқырлы сызба» Мұғалім оқушыларға әрқайсысына сызба таратып береді. Оқушылар нұсқаулықты басшылыққа ала отырып көкжиектің аралық тұстарын белгілейді. СШ, ОШ, ОБ, СБ-аралық тұстар
ҚБ Өзін-өзі бағалау Ұжымда отырған оқушылар жұмысты дұрыс орындаса оңтүстік, дұрыс орындай алмаса солтүстік деген қима қағазды көрсетеді
Тапсырма №2 (Ұ) «Құпия зат» Тұсбағдар құрастыру Ой қозғау Мұғалім оқушыға құпия затты көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды. -Менің қолымдағы затты көргендерің бар ма? - Оны не үшін қолданады? -Оның біздің бүгінгі сабағымызға не қатысы бар деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың ойын тыңдау) Тұсбағдарды әртүрлі ресурстардан құрастырады.
Мұғалім ауызша бағалайды. Қ Б Жарайсың! Тамаша! Тырыстың!
Тапсырма №3 (ЖЖ) «Практикалық жұмыс» Тұсбағдар таратылып беріледі. Тұсбағдарды қолдарына ұстап отырып зерттейді.Зерттеу барысында сағатқа ұқсайтынын, тілдері бар (қызыл,көк),көкжиек тұстары жазылғанын біледі, қорытынды жасайды. Мұғалімнің бағыттауымен нұсқаулықты пайдалана отырып Тұсбағдарды қолдану тәртібімен танысады. «Тұсбағдарды қолдану тәртібі» 1.Тұсбағдарды пайдаланарда ,оны тегіс жерге қоямыз. 2.оның тежегішін ағытып, тілі тоқтағанша күтеміз. 3. Көк тілі С әрпін,Қызыл тілі О әрпін көрсеткенше қорабын бұрамыз. 4. Жұмыс аяқталғанда тұсбағдардың тежегішін қайта қосамыз.
ҚБ «Тұсбағдар» бағалау парағы Оқушылар қолдарындағы тұсбағдардың суретін тиісті бөлікке жапсырады
Сергіту сәті Қимылдар жасайды Оңға,оңға түзу тұр Солға, солға түзу тұр Жоғары, төмен қарайық Жылдам, орнымызды табайық.
Тапсырма №4 «Т» «Кім тапқыр» Оқушылардың қолына тұсбағдар беріледі. Олар айналасындағы(ағаш,стадион,саябақ,үй) қай көкжиек тұсында орналасқанын іздейді. 1-топ ағаш 2-топ стадион 3-топ саябақ 4-топ үй
Қ Б Тұсбағдар түрлері арқылы бағалау Электронды: мақсатыма жеттім! Магнитті: сұрағым бар! Қолкомпосы: қиналамын!
Тапсырма №5 (Т) «Зерттеу әдісі» Топқа суреттер таратылады, сол суреттердегі жергілікті белгілерге қарап оқушылар көкжиек тұстарын анықтайды. Жергілікті жерді бағдарлауға көмектесетін табиғи белгілерге қарап, олардың ерекшеліктерін зерттейді. 1-топ жеке өскен ағаш (Жеке өскен ағаштың солтүстікке қараған жағының бұтақтары неге қысқа әрі сиректеу?) 2-топ (жылы жаққа ұшатын құстар көктемде солтүстікке, ал күзде оңтүстікке қарай неге ұшады?) 3-топ құмырсқаның илеуі (Құмырсқаның илеуінің бір жағы тік келесі жағы неге аласа келеді?) 4-топ тас (Тастың оң жағы құрғақ, ал сол жағы неге дымқыл және мүк өскен болады?)
Қ Б Топ тапсырманы дұрыс орындаса: Жас ғалым Қиналса. Жас зерттеуші Мақсаттарына жетпесе: Жас шәкірт сөзін көрсетеді |
Сызба Нұсқаулық
оңтүстік
Жарайсың!
солтүстікк
Ойлан!
Тұсбағдар Суреттер
Магнитті қолкомпос
Электронды Суреттер Энциклопедия «негеш» Ғаламтор
Қима сөздер |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 мин |
Кері байланыс «Рефлексивті нысана» Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгендерін, қиналған жерлерін, кімге көмектескендерін төрт түрлі қима қағазға бір сөйлеммен жазып, рефлексивті нысанаға жапсырады.
Оңтүстік Не үйрендім? Солтүстік Қиналған жерім Шығыс Сабақ ұнады ма? Батыс Кімге көмектестің? Рефлексия Бүгін сабақта қандай әдіс-тәсілдер тиімді болды? Сабақтың қай кезеңдері сәтсіз шықты? Берілген тапсырмалар арқылы сабақ мақсатына жете алдым ба?
|
Рефлексивті нысана |
|||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау- №1тапсырмада оқушы қажеттігіне қарай тапсырманы түрлендіру үшін. саралаудың тапсырма тәсілін алдым. №2 тапсырмада диалог және қолдау көрсету тәсілін алдым. Себебі көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беру үшін және сөзбен қолдау көрсету, ынталандыру үшін. №3тапсырмада Оқыту мен оқудағы олқылықтарды дер кезінде түзету үшін бағалау тәсілдерін қолдандым. №4 тапсырмада оқытудың болжалды міндетіне қарай кейбір оқушылар үшін жіктеу тәсілін қолдандым. №5 тапсырмада жергілікті жерді бағдарлауға көмектесетін табиғи белгілерге қарап олардың ерекшеліктерін зерттеу үшін дереккөздер тәсілін таңдадым. |
Бағалау 1. Өзін-өзі бағалау Ұжымда отырған оқушылар жұмысты дұрыс орындаса оңтүстік, дұрыс орындай алмаса солтүстік деген қима қағазды көрсетеді 2. Ауызша бағалау. Жарайсың! Тамаша! Тырыстың! 3. Бірін-бірі бағалау Тұсбағдар» бағалау парағы Оқушылар қолдарындағы тұсбағдардың суретін тиісті бөлікке жапсырады
4. Тұсбағдар түрлері арқылы бағалау Электронды мақсатыма жеттім! Магнитті: сұрағым бар! Қолкомпосы: қиналамын! 5.Қима қағаз арқылы: Мақсатыма жеттім. Жас ғалым Қиналса. Жас зерттеуші Мақсаттарына жетпесе: Жас шәкірт 6. Кері байланыс «Рефлексивті нысана» Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгендерін, қиналған жерлерін, кімге көмектескендерін төрт түрлі қима қағазға бір сөйлеммен жазып, рефлексивті нысанаға жапсырады Оңтүстік Не үйрендім? Солтүстік Қиналған жерім Шығыс Сабақ ұнады ма? Батыс Кімге көмектестің? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
Тұсбағдарды ұқыпты пайдалану Далаға шыққанда улы жәндіктерден сақтану
Өздеріңе бейтаныс өсімдіктерді ауызға салмау. |
|||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||||||||||||||||||||||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген