жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері Местные лекарственные растений Medicinal plants of the area
Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері
Местные лекарственные растений
Medicinal plants of the area
Ғылыми жобаның авторы:
7– сынып оқушысы
Какимова Жансая
Ғылыми жобаның жетекшісі:
Биология пәнінің мұғалімі
Тахиров Рифхат Ришатович
Мақсаты: Жергілікті дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Туған өлкедегі дәрілік өсімдіктерді анықтап, өмірде қолдана білуге үйрену.
Міндеттері: - оқушыларды дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері мен таныстыру;
-дәрілік өсімдіктерді пайдалану ережелерін сақтау ;
- дәрілік өсімдіктердің түрлерін тереңдете оқытумен қатар оларды жинау ісі, шикізат дайындаудың әдіс – тәсілдері;
- дәрілік өсімдіктерді танып білуге және оларды емдеу үшін пайдалануға үйрету;
- дәрілік өсімдіктерді үй жағдайында бау – бақшаларда, жүйекте өсіруге баулу.
Зерттеудің әдістемесі: Жергілікті жерде өсетін өсімдіктермен танысып, мәліметтерді жинақтап, зерттеу жүргізу.
Гипотезасы: Дәрілік өсімдіктерді қолдана білу біліктіліктері, кейбір ауруларды материалдық шығынсыз емделуіне, жазылуына көмектеседі.
Жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі
кезде өсімдіктерді халықтық және ғылыми
медицинада пайдаланудың кең көлемді
мәліметтер жинақталған. Дәрілік фитохимия
саласындағы алуан түрлі синтетикалық
дәрі-дәрмектер шығарудағы зор жетістіктерге
қарамастан, дәрілік өсімдіктер әлі де
өз маңыздылығын жойған жоқ және де
жоймақ емес. Себебі, көптеген ауру
түрлерін негізінен осы өсімдіктерден
жасалған дәрі-дәрмектер арқылы емдейді.
Бұл дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын
одан ары өсуінің бір себебі. Өсімдіктерден
алынған көптеген табиғи заттар
таптырмайтын және құнды топтарды құрайды
– жүрек гликозидтер, стероидтар,
сапониндер, яғни осыларды алу үшін
жалғыз шикізат түрі болып табылады.
Сонымен қоса, өсімдіктерден жасалған
дәрі-дәрмектер аз көлемде уыттылығымен
ерекшеленеді және көп жақты әсер етеді.
Ғылыми жұмыс барысында оқушылар
дәрілік өсімдіктердің түрлерімен,
атаулары мен ғана емес, сонымен қатар
оларды емдік шараларына өмірде
қолдануымен танысады.
Зерттеу барысы: Бақбақ. (Taraxacum) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік Бақбағы (T. offіcіnale), көксағызБақбағы (T. koksagnuz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жолжиегінде, тау бөктерлерінде өседі.
Итмұрын- көп сабақты, тікенді кішілеу бұта, жемісі қызыл, дәндерін тікенді түк басқан. Еліміздің барлық жерлерінде , соның ішінде Қазақстанда да тараған. Тоғайлы жерлердің ашық алаңдарында, бұталар арасында өседі. Дәрілікке
жемісі, гүлі, жапырағы пайдаланады. Жемісінде С, А, В, К, Р витаминдері , ал дәнінде Е витамині бар. Медицинада негізінде асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына айдалануға болады.
Мыңжапырақ- көпжылдық шөп өсімдігі.Қазақстанның тоғайлық, шабындық жерлерінде, ағаштар арасында , жол бойында өседі.
Дәрілікке гүлі, жапырағы пайдаланады. Мыңжапырақ жапырағында алколоидтар, эфир майы, С витамині ,органикалық қышқылдар тағы басқа заттар болады.Осы шөптен жасалған тұңба қан аққанды тоқтатуға , асқазан ауруларын ,әр түрлі сыртқы жараларды емдеуге пайдаланады.
Түймедақ - Түймедақ гүлімен қабынуға қарсы, антисептиктік қасиеттердің жиын- тығын кездестіруге болады. Оның алғашқы гүлдеген кезі пайдалы, осы кезеңде емдік қасиеті де күшті болады. Түймедақ өттің айдалуына, тәбеттің ашылуына ықпал етіп, аллергиялық компоненттерінің арқасында аллергияға қарсы қолдануға болады. Оны өт жолдарына тас байлану, әйелдердің жыныстық аурулары, тік ішек, асқазан жарасы ауруларына пайдаланса, емі нәтижелі болады .
Зерттеу нәтижесі: Біздің Қазақ даласында емшілікпен аты шыққан кісілер көп еді. Бұл сөзімізге дәлелді ұланғайыр даланың қай қиырына барсаң да, көз жеткізе аласың. Найман руынан шыққан Ырғызбай Досқанұлын көпшілік жақсы біледі.
Ол кісі кезінде дана Абайдың әкесі - Құнанбайды дертінен құлантаза айықтырған екен. Осындай асыл азаматтардың жолын жалғаған адамдар да болды. Өкініштісі, қазіргі күні олардың қатары өте азайып барады.
Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар.
Қорытынды
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеміздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысып және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтау қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Өсімдік- жанға шипа, дерке дауа »М.Оспанова, Ж.Лұқпанов «Қайнар» баспасы, Алматы-1992
2.Жоғары
сатыдағы өсімдіктер систематикасы»Ә.Ә.
Әметов, П.М. Мырзақұлов
3 . «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж
4. «Қазақстанда кездесетін пайдалы
емдік өсімдіктер» М.Қажымұратов
«Қайнар » баспасы, Алматы -1975ж
5. «Жасыл аптека» Л.К.Сафина, Е.П.Петров «Қайнар » баспасы, Алматы-1992
6.Интернет материалдары
Андатпа
Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері »деп аталады. Жұмыстың мақсаты –дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін , сонымен бірге өсімдіктердің шипалығын кеңінен насихаттау.
Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол.Өсімдіктердің емдік қасиеттері бар екенін толығырақ жан- жақты зерттелінуде.Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі, көмекші әдебиеттер арқылы жинақтаған.
Алдағы уақытта оқушының бұл тақырыптағы зерттеуі жалғастырылып, оның түрлері суреттермен, материалдармен толыға түсеріне сенімім мол.
Жетекші: Тахиров Р.Р.
биология пәнінің мұғалімі
Аннотация
Тема научной работы автора- «Лекарственные растения нашего края ».
Цели работы- пропагандировать виды лекарственных растений и их биологичес-
кие специфики.
Работа имеет огромного воспитательного роль в повседневной жизни ребенка.Ученик собирал материалы к работе из газет, журналов, сети интернета, вспомогательной литературы и научной статей.
Работа ученика в предстоящее время будет продолжена и дополнена материалами и фотографиями.
Преподаватель предмета биология:
Тахиров Р.Р.
Аnnotation
The author of scientific work heading of «Allternative medicine in our Earth » how to be called. Theme author of medicinal plants their biological spegific by this point of plant to propagandize.Work thetutor sense today s daily tutor of the child will be possible to touch advantaged plentifully.
The theme contents education sense. She is scientific work in the literature from scientific, magazines from scientific and the internet from scientific,louse was going.
The author is material to a lesson top at of scientific work to usage as trust. Forms coming times student s this research at the theme to proceed his kinds by figures by materials not sated is plentiful.
biology subject Teacher:
R.R. Takhirov
Пікір.
Какимова Жансая бұл жұмысында жергілікті жерде өсетін өсімдіктер туралы соның ішінде жергілікті жердің дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін жан- жақты талқыға салған.
Емдік қасиеті бар өсімдіктерге тек қызығып қана қоймай, оның маңызына терең үңіліп қандай ауруларға ем екендігін ашып, нақты деректер негізінде зерттей білген.
Оқушы бұл жұмыста көп ізденген, тың ойларды жеткізе білген.
Какимова Жансая «Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері » атты ғылыми –ізденіс жұмысы биология саласына өз үлесін қосады деп сенім білдіремін.
Ғылыми жоба жетекшісі:
Тахиров Р.Р.
Қ
осымша:
Қосымша №1 Бақбақ Қосымша №2 Итмұрын
(лат. Taraxacum) (лат. Rōsa)
Қосымша №3 Мыңжапырақ Қосымша № 4 Дәрілік
(лат. Achillea) түймедақ (лат. Matricaria
chamomilla)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген