400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жергілікті өндіріс орындарының ерекшелігін түсіндіру

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет материал, сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты:

Білімдлік:Жергілікті өндіріс орындарының ерекшелігін түсіндіру. Оқушыларға өндіріс орындарында жұмыс істеу туралы бағыт беру. Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау.

Дамытушылық : Ойлау әрекетін білімге ынтасын дамыту, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: Ата-анаға, отбасына деген ізгі ниеттерді қалыптастыру, мамандықтардың пайдасы туралы түрлі әңгімелер жүргізу.


Сабақтың барысы


I.Ұйымдастыру кезеңі.

Мейірімді

жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Сабақты , қане, бастайық .


II.Фонетикалық жаттығу.

Есейемін, толамын,

Қияға ұшып қонамын,

Ойлау мұрат бүгінен

Өскенде кім боламын?


  1. Әлемдегі ең табысты мамандық

  2. Әлемдегі ең қауіпті мамандық.

  3. 3.Жұлдыздар сөйлейді.

  4. Қазақстандағы үздік үштіктер қатары.

  5. Әлемдегі қызық мамандықтар.

  6. Өнер саласы


III. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге «Өзің өскен кезде қандай шаруашылық түрін ұйымдастырар едің?» мақсат,армандарыңызды жазып келуге берілген болатын.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, бүгін біз мектеп пен өндіріс орындарының байланысы туралы, мамандықтар. Қандай мамандықтар бар? Маман болу үшін не істеу керек?осы жайында әңгімелесеміз.

Осы сұрақтарға біз бүгін жауап береміз.

  1. Әлемдегі ең табысты мамандық

Әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көшбасшылық танытып тұрған- жеке фирма басшылары екендігіне таңырқамайсыз деп ойлаймын.

ІV. Жаңа сабақ

Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді. Осы ерекшелік арқылы сіздер оз армандарыңызбен, мақсаттарыңызды жүзеге асыруға талпынасыздар.

Жаңа сабақты түсіндіру

Теңізшевройл - геологиялық барлау, кен орнын игеру, мұнай мен ілеспе өнімдерді өндіру жəне оларды сату жұмыстарымен айналысатын қазақстандық кəсіпорын. Ол өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғаудың ең жоғары əлемдік стандарттарына сəйкес жүзеге асырады.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

-Мектеп пен кәсіпорындардың байланысы не үшін керек?

-Ауылдық мектептер қандай өндіріс орындарымен байланыс жасай алады?

-Өз жеріңде қандай кәсіп орындар бар?

-Олардын өндіретін өнімдері жергілікті жердің қандай мұқтажын өтеуде?

-Сен қандай мамандық иесі болғың келді?

-Сендер қандай мамандықтарды білесіңдер?

2.Әлемдегі ең қауіпті мамандық.

Өрт сөндіруші. Өрт сөндірушілердің қажырлы дайындықтан өтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын үйренгендеріне қарамастан, түрлі жарақаттар алу мүмкіндіктері жоғары.

Мұнай ұңғыларын бұрғылау. Аталған мамандық әркімнің қолынан келе бермейді. Себебі тәулігіне 12 сағат жанғыштық қасиетімен ерекшеленетін материалдармен жұмыс істеу өте қауіпті. Бұған қоса, бұрғылаушылар жағалаудан жүздеген километр қашықтықта, өркениеттен аулақ дерлік жерде жұмыс істейді.

Жаға күзеті және құтқару қызметі. Су апаттарымен күресе жүріп, адамдарды аман сақтап алатын құтқарушылар күн сайын тәуекелге барады.

«Мен және менің болашағым»

Сенің өмірлік жоспарың және бұл үшін не істеуің керек

№

Сұрақтар

Оқу жылының басы

Оқу жылының соңы

1

Саған қандай мамандықтар ұнайды?




2




А)


Б)


Саған қандай мамандықты таңдауға кеңес берді?

Ата-ана


Мұғалімдер


Достар












3

Өзің кім болғың келеді?




4

Таңдаған мамандықтың несімен қызықтырады?




5

Сенің болашақтағы жоспарың?




3.Жұлдыздар сөйлейді.

Қабілет-қарымыңды ұштастыра алмау.

Жұлдыздар сөйлейді: Жұлдыздарға сену-сенбеу өз қолыңызда. Бірақ таңдауыңызды жұлдызшылардың болжамымен салыстыру кызық қой.



Сергіту сәті

  1. Әр қатардан бір оқушы шығып бір мамандықты таңдап, сол мамандықты сөлемей іс-қимылмен көрсетіп, өз қатарына қайталату керек .

  2. Қазақстандағы үздік үштіктер қатары.

Агенттіктің шілде айында шыққан соңғы зерттеуі бойынша, Қазақстандағы ең үздік университеттердің үштігіне Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универитеті, Қарағанды мемлекеттік университеті кірген.
Агенттіктің ақпараты бойынша, олар үздіктерді білім сапасы, өзге шетелдік университеттермен әріптестік деңгейі, оқу орнында республикалық, халықаралық жиын, симпозиум, конференция ұйымдастыру жиілігі, т.б. параметрлер бойынша анықтаған



Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

-Жақсы маман болу үшін не істеу керек?

Әлемдегі қызық мамандықтар

Токиода бір мамандық түрі пайда болыпты. Ол – қарапайым әңгімелесуші. Миллиондаған халқы бар үлкен қалада жалғызсырап жүрген кез-келген адам әңгімелесушінің көмегіне жүгіне алады. Бұл үшін кісі көп шоғырланған көшелерде арнайы дүңгіршектер орнатылған. Кәсіби әңгімешілер аптасына 10 мыңға жуық адамның сырына қанығады екен.
Ал, Жапонияда жазушылардың беделі басым. Өздерін райтер деп атайтын бұлардың қарапайым жазушыдан айырмашылығы – SMS-хаттар дайындайтындығында. Ұялы байланыс операторларының айтуынша, жапондықтар күніге бір-біріне 2 млрд-қа жуық хабарлама жібереді екен. Ал, жазғыштар ерекше хат үшін 1 цент «қаламақы» сұрайтын көрінеді.



“Жағдаяттық сұрақтар ”

  1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?

  2. Ата- анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

Өнер саласы


“Тізбекті үзбе” ойыны

Қатысушының бірі мамандықты айтады,

келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын

мамандықты айтады.

Мысалы: мұғалім – медбике-есепші-


Қорытынды

Әр адамның «Болашақта кім болам?» деген ойы болады. Сол ойын жетілдіру үшін адам көп оқуы керек. Біреу ұшқыш немесе құрылысшы, ал екінші біреулер жазушы, ақын, дизайнер, тігінші болғысы келеді.

«Армансыз адам болмайды, қанатсыз құс болмайды» дегендей, әр адамның арманы, мақсаты болады. Адам еңбек етпесе ондай арманға қол жеткізе алмауы мүмкін. Ойлаған арманыңа қол жеткізудің өзі үлкен еңбек емес пе?

Қазіргі кездегі басты еңбегің — оқу, яғни мектепте ұстаздың берген білімін игеріп, оларды қолдана білуге үйрену.

Бағалау

Үй тапсырмасы

Қазіргі заманға сай автоматтандырылған, компьютермен басқаратын қандай өндіріс орындары бар екеніні туралы іздестіріп келу.

Грек тілінен аударғанда «автомат» деген сөз «өздігінен қозғалатын» деген сөзді білдіреді. Автоматтаты реттегіш – адамның қатысуынсыз белгілі бір өлшемді ұстап тұратын аспап немесе құрылым.

Автоматтандыру - өндірістік процестерді адамның қатысуынсыз басқару мен қадағалау.



  • Ең ақшасы көп мамандық қандай?

  • а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист

  • Ең “жасыл” мамандық қандай?

  • а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш

  • Ең “тәтті” мамандық қандай?

  • а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер

  • Ең “күлкілі” мамандық қандай?

  • а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш

  • Ең жауапты мамандық қандай?

  • а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер

  • Ең салмақты мамандық қандай?

  • Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер

  • Ең қарым-қатынасы күшті мамандық қандай?

  • а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер





Психологиялық сәт: «Психогеометрия» өзін-өзі тану.

Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез-келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіруде. Әр қайсымыз өзімізді танып көрейік.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі