Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жетекші мектептерде орта білім беруді жаңартуды енгізу жұмыстары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жетекші мектептерде орта білім беруді жаңартуды енгізу жұмыстары
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектеп педагогтарының жаңартылған білім мазмұнын меңгеруде әдістемелік қолдауды ұйымдастыруда жетекші мектептердің жұмысын жүйелейтін ереже тағайындалған.
Ережеге сай атқарылатын жұмыстың барысын мектептегі басшылықтың ұйымдастыруымен көшбасшы- коучтер мен арнайы дайындалған мектеп тренерлері және критериалды бағалаудың үйлестірушілерінің өзіндік қызмет бағыттары көрсетілген. Жетекші мектептің қызметі мұғалімді даярлау емес, дайын білімді тереңдетуге және жетілдіруге бағытталады, яғни мамандардың бір орында қалып қоймай кәсіби дамуына ықпал ететін қызметті жүзеге асыратын мектеп деуге болады. Бұндай маңызды қызметтің түрі жауапкершілігіне артылса, ол мектеп басқа мектептерге қарағанда кадр жағынан, білім сапасы жағынан, оқуға барлық мүмкіндік қамтылған мектеп базасы жағынан да көш ілгері болу керек. Басты мәселе кадрға байланысты болғандықтан, 1-2 деңгейдің көшбасшы мұғалімдері көбірек дайындалған мектептерді сараптамадан өткізіп ұсыныс беру арқылы ұжымның көшбасшылық мәртебесін дәлелдеп және педагогтардың желілік қоғамдастықтарында көшбасшылық қызметті жүргізе алады деген сеніммен желіні ұйымдастырушы ретінде бекітілген өңірлік мектеп мәртебесіне білім бөлімі бұйрығымен иеленеді.
Жетекші мектептердің негізгі де басымдық беретін қызметі –серіктес мектептерге қолдау көрсету.
Жетекші мектептердің басты ұстанатын қағидаттары білім саласындағы қандай болмасын жаңалықтар мен өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді шараларды жоспарлау, үнемі кәсіби даму. Ақпараттың ашық болуы, қандай ыңғайы табылып жасалынып отырған жұмыстар бар, қандай мәселеде кедергілер кездесуде шынайы атқарылған жұмыстың нәтижесі де шынайы болмақ, жәй қағаз жүзінде қалмайды. Жетекші мектептің қызметі тек жетекші мектеп үшін ғана емес, әдістемелік кабинеттен басталған жүйе алқаластық пен ынтымақтастықта жүзеге асса және тек орындаушылық жүйеде емес бастамашылдыққа басымдық берсе ғана қорытынды туралы жақсы жетістіктерге жетуге болады. Бұл қызметтің түрлерін ұйымдастыруда жүйе мен жауапкершіліктің болуы шарт.
Бұл қағидаттарды басшылыққа алып жұмыстануда жетекші мектептептердің бекітілген мақсат, міндеттері бар.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектеп педагогтарының жаңартылған білім мазмұнын меңгеруде және оны Педагогикалық шеберлік орталығы жасақтаған біліктілікті арттыру бағдарламаларында берілген тәсілдерді тәжірибесінде қолдану арқылы оқыту мен оқуды жүзеге асыруы үшін әдістемелік тұрғыда жағдай жасау
Міндеттері:
-
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектеп педагогтарының жаңартылған білім мазмұнын меңгеруде және оны Педагогикалық шеберлік орталығы жасақтаған біліктілікті арттыру бағдарламаларында берілген тәсілдерді тәжірибесінде қолдану арқылы оқыту мен оқуды жүзеге асыруы үшін әдістемелік тұрғыда: жағдай жасау жәнеорын бөлу ;
-
Назарбаев Зияткерлік мектебінің озық педагогикалық тәжірибесін таныту және табысты таратуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері жағдайына бұл тәжірибені бейімдеу;
-
Жаңартылған білім мазмұнын табысты меңгеру мәселелері бойынша ынтымақтастықта жұмыстану үшін педагог қызметкерлердің әдістемелік желілік құрылымдарды дамытуына жағдай жасау;
Берілген жауапкершіліктің жүйелі жүргізілуі, нақты стратегиялық жоспардың болуы, атқарылған қызметтердің есебін жүргізіп, талдаулар жасау үшін әдістемелік кабинеттерде жетекші мектеп жұмысын ұйымдастырудың жетекшілері тағайындалады. Қалалық әдістемелік кабинетінен бұл жұмысты әдіскер Амертаева Индира Сапаровна атқарады. Жетекшілердің мектептердегі жұмысты ұйымдастырудағы басты көмекшілері көшбасшы мұғалімдер, мектеп тренерлері мен критериалды бағалаудың үйлестірушілері. Қала көлемінде бүгінгі таңда 65 тренер және 35 үйлестіруші курстан өткізілді.
Жетекші мектептердің жұмысын ұйымдастыратын әдіскердің жұмысы неден басталу керек?
Алдымен, барлық жетекші және оларға серіктес мектептердің деңгейлік және жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдерінің сандық, сапалық құрамын анықталады. Бұл жердегі мақсат мектептің кадр туралы жағдайын анықтау және жұмыс бағытын жоспарлауға тиімді талдау үшін қажет. Сандық құрам жұмыс бағыттарын бөлуде қажет болғанымен, сапалық құрамның үлесі басым. Курстан өткен мұғалім көп болуы мүмкін, бірақ көшбасшы ретінде жауапкершілікті барлығына жүктеу сапалы нәтижеге әкеле бермейді. Қала бойынша жалпы деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мен басшылар саны 859, олардың ішінде І деңгей-129, ІІ деңгей-118, ІІІ деңгей -574, мектеп басшылары -31, директордың орынбасарлары -7. Жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып қала мектептері бойынша 2014 жылы №1 және 6 ЖОББМ жетекші мектеп рөлін атқарды. Ал 2015 жылдан бастап қайта сараптау жұмысынан соң 48 мектепте 6 жетекші мектеп анықталды: №№1,3,34,37,44,ЭБМГ.
Қалалық білім бөлімінің №603-Ө 2015 жылдың 25 қыркүйегіндегі бұйрығын негізге ала отырып қазан айынан бастап қала көлемінде желілік қоғамдастық жұмыс жасай бастады. Осыған сәйкес 2016-2017 оқу жылының қыркүйек айында №34 мектеп-гимназиясы базасында «Өркен», №44 мектеп-лицейі базасында «Зерде», № 3 ОЖББМ базасында «Содружество», №1 ОЖББМ «Өрлеу», 37 ЖОББМ«Ұлағат», ЭБМГ базасында «Профессиональный диалог» желілік қауымдастықтары құрылды. Жетекші мектептер отырыстары оздырылып, мектептегі көшбасшылықты дамыту бағытындағы жұмыстарға сараптау, талдау, болашаққа жоспарлау, бірлескен жоспарлардың мүмкіндіктері мен қиыншылықтарын белгіленіп, жоспары құрылып ҚББ- нде бекітілді. СЛАЙД
Жетекші мектептің жұмысы бірінші күн басталып отырған жоқ, осыған дейін де қоғамдастық аясында өзара кәсіби қолдау бағытында жұмыстар жоспарлы жүрді. Біраз тиімді де сапалы тәжірибе алмасулар болды.
Келесі кезекте бұл жұмыстарды жандандыру мен жаңашалау үшін неден бастаған дұрыс деген сұрақ тұрды? Кешенді және толық талдау қажет. СЛАЙД Талдаудың қорытындысына негіздеп жоспарлау жүйелі әрі бірізді болады. Жетекші және оларға серіктес мектептердің жылдық атқарған жұмыстарын есептерін белгілі бір формада жинау мектептердің артықшылықтары мен дамытатын тұстарын анықтауға мүмкіндік тұғызады және алдағы жұмыстың бағыттары мен қадамдарын жоспарлауда ашықтықты қажет етеді. Бұл сұрақты шешу мақсатында ҚББ бөлімінде «Атамекен» қосымша білім беру ұйымы базасында «Директорлық диалог» жұмысы оздырылды. СЛАЙД
-
Жетекші мектептердің қызметінің бағыттары
-
Енгізілу кезеңдеріне сәйкес мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеруіне жағдай жасау;
-
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында Бағдарламаларды жүзеге асыруда мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіруге ықпал ету;
-
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін меңгеруге жағдай жасау және жалпы білім беретін мектептердің жұмыс тәжірибесіне бейімдеу;
-
Орталық бағдарламалары бойынша курстан өтпеген мұғалімдер үшін «Тең-теңімен» қағидаты бойынша мектепішілік біліктілікті арттыру шеңберінде өзара оқытуды ұйымдастыру үшін ынтымақтастық орта құру және Бағдарламаның сәйкесті деңгейі бойынша курстан өткен барлық педагогтардың қызметтестігін қамтамасыз ету;
-
Педагог қызметкерлердің желілік тобын құру және ұйымдастыру, педагогикалық озық бастамаларға үнемі қолдау көрсету;
-
Үздік әдістемелік ресурстар қорын құру және оларды таратуға жағдай жасау СЛАЙД Бұл жұмысты қалалық жетекші мектептердің бірі №37 ЖОББ мектебінің, «Ұлағат» желілік қоғамдастығы жұмысынан көруге болады.
-
Жетекші мектептердің функциялары
-
Мұғалімдердің кәсіби дамуына қатысты мәселелерді шешу үшін Педагогикалық шеберлік орталығы жасақтаған, Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша жоспар мен кестеге сай мұғалімдерді дайындау бағытында қысқа мерзімді курстарды өткізуге ұйымдастыру-әдістемелік жағдай туғызу және орын бөлу;
-
Педагогикалық шеберлік орталығы бағдарламалары бойынша оқыту курстарынан өткен педагогикалық қызметкерлерді курстан кейін қолдау бағытында іс-шаралар ұйымдастыру;
-
Педагогикалық шеберлік орталығы бағдарламалары бойынша оқыту курстарынан өткен жалпы білім беретін мектеп мұғаілмдерінің үздік тәжірибелерін және НЗМ тәжірибесін дамыту және тарату бағытында әртүрлі деңгейдегі семинарлар, вебинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
-
Жаңартылған білім мазмұнын меңгертуге дайындауда, оқыту мен оқуда заманауи тәсілдерді қолдануда, кедергілерді анықтау және оларды түзетуде, іс -шаралар ұйымдастыруда мұғалімдер дайындығы үдерісінің тиімділігін мониторингілеуді ұйымдастыру;
-
Педагогикалық шеберлік орталығы бағдарламаларының сәйкесті деңгейі бойынша оқыту курстарынан өткен педагогикалық қызметкерлер құрған желілік әдістемелік құрылымдардың дамуына ықпал ету;
-
Жетекші мектептер жұмысына орталық тренерлері, жетекші мектеп үйлестірушілері, әдіскерлер, білім басқармаларының өкілдері, өңірлік және аудандық ОӘО және барлық қызығуышылық танытқан құрылымдар арасында қызметтестік механизмін орнату;
Педагогтардың өз тәжірибесін зерделеу мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік құзіреттілігін дамытуда тиімді жағдай жасау, Lesson Study форматында мұғалімдердің зерттеушілік қабілетін таратуға ықпал ету;
-
Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мектеп жұмысы үшін ресурстар қорын құру, педагогтардың нақты тәжірибесі негізінде сапалы оқу-әдістемелік жинақтар жасауға ықпал ету;
-
Жетекші мектептер қызметін ұйымдастыру негіздері
Жалпы білім беретін мектепке Жетекші мектеп мәртебесін тағайындауда Педагогикалық шеберлік орталығы мен оның филиалдары бастама жасайды. Педагогикалық шеберлік орталығы және оның филиалдарының ұсынысы негізінде көшбасшылық мәртебесін дәлелдеген, педагогтардың желілік қоғамдастықтарын құруда көшбасшылық қызметті жүргізе алатын, желіні ұйымдастырушы ретінде танылған өңірлік мектепке «Жетекші мектеп» мәртебесі жергілікті білім басқармасының бұйрығымен беріледі.
Жетекші мектептер келесі ұйымдастырушылық-әдістемелік құрылымның негізінде жұмыстар атқарады:
- Жетекші мектептер - Орталықтың аймақтық филиалдағы Үйлестіру орталығы: яғни филиал құрамына енетін тренерлер тобына, ұйым басшысына, облыстық білім басқармасының және аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне, коуч-көшбасшы тобының мұғалімдеріне, Жетекші мектептің жұмысына жетекшілік жасайтын желілік көшбасшы болып табылады;
- Ұжым жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында Жетекші мектептің үйлестірушісі болып Үйлестіру кеңеспен келісілген мектеп басшысы тағайындайды. Оның қызметін директор, директордың орынбасары немесе І деңгей Бағдарламасын меңгерген мұғалім атқара алады;
- Проблемалық топтар, зерттеу топтары мен фокус-топтар, желілік байланыстағы басқа облыстағы мектептердің бастамасымен айналысатын Жетекші мектептің қызметтік бағыттары бойынша Жетекші мектептің тобы немесе арнайы педагогикалық қызметкерлерінен құралған шығармашылық тобы жұмыс жасайды. Топтың ішкі құрылымы Жетекші мектептің үйлестіру кеңесінің ағымдағы міндеттері мен жұмыс жоспарының негізінде анықталады. Топтар Жетекші мектепте жұмыс жасайтын аудан бойынша мұғалім-көшбасшыларын тарта отырып желілік бағытта да құруға болады.
Жетекші мектептің ресурстық орталығы – Жетекші мектептің жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік ресурстарына ашық қол жеткізетін банк және Орталық портал торабы мен Жетекші мектептің сайтында ішінара мен жалпы көрінісі бар кітапхана, медиатека, мұрағат орналасқан желілік топ.
Магнитті мектеп – желілік топқа енетін ұйымдасқан түрдегі біріктірілген Жетекші мектептердің аймақтық мектептер тобы (магниттік мектептер саны 1 жетекші мектептің 10 магниттік мектепке пропорционалдық қатынасымен анықталады)
Жетекші мектептің ресурстық орталығының пайдаланушылары – Жетекші мектептің Ресурстық орталығында тіркелген пайдаланылған материалдарды тәжірибеде, оқытуда, зерттеу жұмыстарында қолданушы жетекші және магниттік мектептің барлық педагогикалық қызметкерлері.
6. Жетекші мектеп үйлестіру орталығы бекіткен және жергілікті білім беру органдары мен әдістемелік қызметтердің бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Үйлестіру орталығының құзыретіне:
-Жетекші мектептің ағымдағы жұмыстары барысында БҒМ қабылдаған жаңартылған білім мазмұнының мәселелері негізіндегі стратегиялық құжаттардың, өңделген және қабылданған болашақтағы және ағымдағы (жылдық) жоспарлардың жергілікті басқару органдары мен әдістемелік қызметтердің келісімді түрде жүзеге асырылу стратегиясын анықтау;
- Жетекші мектептер жұмысының тиімді модельдерін әзірлеу;
- Жетекші мектептердің үйлестірушілерін, топ көшбасшыларын бекіту.
Жетекші мектеп үйлестірушісінің құзіретіне кіреді:
- Жетекші мектептің қызметі мен функциясындағы мақсаттар, міндеттер, бағыттардың барлық циклі негізінде басқару жұмысымен ұйымды қамтамасыз ету (жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг, талдау, түзету),
-
Жетекші мектеп жұмысының жекелеген бағыттарын дамытуға арналған мұғалімдер тобын құруға бастамашылық жасау;
-
Жетекші мектептің жұмыс модельдері мен жүйелерін талқылау және қабылдауды ұйымдастыру;
-
Жетекші мектептің өз міндеттерін орындау мақсатындағы басқа ұжымдардың және уақытша құрылған шығармашылық топтардың өзара іс-қимылын тиімді үйлестіру;
-
Форумдарда, жиналыстарда, тұсаукесерлер мен конференцияларда Жетекші мектептерін енгізу.
7. Магниттік мектептің тобына жергілікті басқару органдарымен және әдістемелік қызметпен келісілген ұйымдасқан түрдегі біріктірілген желілік тобындағы Жетекші мектептер кіреді.
Магниттік мектептің қызметіне:
-
Жетекші мектептің ұйымдастырған жаңартылған білім беру мазмұнының міндеттерінің орындалуын және педагог кадрларды білім беру мазмұнын жаңарту жағдайына дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету;
- Жетекші мектептің педагогтерді оқыту шараларының алдын ала Жоспар іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;
- Жетекші мектептің міндеттері аясында педагогтердің желілік қарым-қатынастағы (күндізгі, он-лайн, офф-лайн) белсенділігін ұйымдастыру.
Жетекші мектептердің ресурстық орталығы қызметкерлері:
- Білім және ғылым министрлігінің жоспарлары мен бұйрықтарына сәйкес жетекші мектептердің базасында ұйымдастырылған бекітілген кестеге және тасымалдау нұсқаулары негізінде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді;
- Жетекші мектептің ұйымдастырған іс-шараларына (Жетекші мектептердің тәжірибелі мұғалімдерінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерінің, Орталықтың сертификатталған тренерлерінің өткізуімен семинарларға, шеберлік сыныптарына, кеңес отырыстарға) үнемі қатысады;
- Жетекші мектептердің қызметіндегі сайт, блогтар, ресурстық порталдар арқылы ақпараттық-әдістемелік іс-тәжірибе алмасуға тұрақты атсалысады, желілік қоғамдастықтардың қызметіне қатысады.