400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жеті ата 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

9 «А» - 28.11

9 «Г» - 28.11

Сабақ тақырыбы:  Жеті ата

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды өз елін, жерін, қадірлеуге, улкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетіп, жеті атасын білуге баулу.

Дамытушылық: сөздік қорын байытып, зейінін тұрақтандырып, ойлану, салыстыру қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: ата-баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу.

Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Сабақта жұмыс істеуге жағдай жасау

3. Сабаққа дайындықты тексеру

4. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықтың  46 бетіндегі 8-тапсырма. Мақалдарды жаттау.

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.

Сөздікпен жұмыс

Ата – дедушка

Әже – бабушка

Нағашы – родственники по линии матери

Жиен – племянник, племянница по женской линии

Немере – внук

Шөбере – правнук

Туыстар – родственники

Өскенде, ержеткенде  – взрослый, зрелый

Көргенділік, тәрбиелік – воспитательный

Ерлік, өжеттік, батырлық – мужество, упорство, упрямство, геройство

Әңгіме шерткен, әңгіме айтқан – обсуждали

Дәстүр, салт, әдет-ғұрып – обычаи и обряды, традиция

 Киелі сан жеті деген,

Байланысты жетіменен.

Көп ұғымы халқымыздың

Белгісіндей салтымыздың

Жеті қабат көк жер үсті

Жеті қабат жер асты.

Жеті Жарғы-заң жеті

Қазынамыз бар жеті.

Жеті атамыз-жеті жұрт,

Ағайынды жеті құт. (Е.Өтетілеуов)

 «Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын білер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер», – деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді.

 1.Ата. 2.Әке. 3. Бала. 4. Немере. 5. Шөбере. 6. Шөпшек. 7. Немене.

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.
    Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.

Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.
Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке­ні тәртіп бойынша туыстар бір-бірі­нің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді.

 Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Оқулықтың 47 бетіндегі 1-тапсырма, өлеңді рөлмен кезектесіп оқыңдар, тыңдаңдар.

2-тапсырма. Оқулықтың  47  бетіндегі 2-тапсырмада берілген тірек сөздерді оқу.

3-тапсырма. Оқулықтың 48 бетіндегі 3-тапсырмада Дәурен мен Ерденнің сұхбатын толықтыру.

4-тапсырма. Оқулықтың  48 бетіндегі 4-тапсырмада мәтінді түсініп оқыңдар, тақырыбын анықтау.

ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру:

Тақырыптық жаңа сөздерді жаттау.

V. Қорытындылау.

 VI. Бағалау.  Өзін-өзі бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
922
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі