жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жеті ата-елтанудың бастауы
|
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 8-тарау. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Мұғалімнің аты-жөні: Умбетова Лаззат Рахимберлиновна Мектеп: Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі Күні: 05.10.2018ж. Сынып: 6-сынып Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Жеті ата-елтанудың бастауы |
|||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
6.1.2.1. Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі(жаңалық) көтерілген мәселені талдау; 6.3.6.1. мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау; |
|||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
«Жеті ата-елтанудың бастауы»тақырыбына берілген мәтінінде көтерілген мәселені талдау, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау; |
|||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі(жаңалық) көтерілген мәселені талдайды; Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді, редакциялайды; |
|||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты үстеу, мағыналық түрлері, жеті ата, елтану, ата-тегі. |
|||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
- ынтымақтастық; - жауапкершілік; - өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; |
|||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, халық ауыз әдебиеті |
|||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
«Әткеншек» әдісі арқылы үстеулерін мағыналық түрлерін естеріне түсіреді |
|||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы – 10 минут |
Психологиялық ахуал орнату. «Менің досым» жаттығуы Қызығушылықты ояту сатысы. Топқа бөлу. Жеті, атасын, білмеген, жетесіз сөздері арқылы топқа бөлу. Тыңдалым алды тапсырмасы С.Топқа берілген нақыл сөздің мән-мағынасын ашқызу, жеті атаға байланысты білетін мақал-мәтелдерін айтқызу. ҚБ. Өзара бағалау. «Жапондық бағалау» әдісі. Мақсаты: білім алушылардың жеткен жетістіктерін айқындау. Ооо- керемет! Еее-жақсы. Ммм –ойлану керек. |
Қима қағаздардағы сөздер |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы – 25-минут |
Тыңдалым тапсырмасы. Жеті ата (14.mp3) мәтінін тыңдап, «жеті ата» ұғымына ассосация құрыңыз. С. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін: Рулық жағынан келетін болсақ жақындық жеті атамен шектеліп қалмайды. Адам –Атадан бастап шежіре тарқатыла береді. Соның ішінде жеті атаңды талдап, жете білесің, адаспайсың деген тағылым ғой. Жеті атадан ары қыз алып, қыз берісуге бола береді, оған дейін туыстық жалғасады деген тәсілмен дана бабаларымыз халқымыздың қан тазалығын сақтап келген және оның өте-мөте дұрыс жол екенін қазіргі медицина да мақұлдап, ғылыми жолмен дәлелдеп отыр. Ал жеті ата атауына келсек, ол былай жіктеледі: Ата, Бала,Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене, Туажат, Жекжат. Жекжат жеті атаға кірмейді. Жекжат-деген енді қыз алысып, қыз берісіп, бір-бірімізбен туыстық қатынастан құдалық қатынасқа көшуге жол ашық деген сөз. Бұрынғы кездерде жеті атадан асып, сегізінші атаға келгенде, сол рудың ақсақалдары айналасындағы басқа руларға хабарлап, өздерінің өскенін-өнгенін, қыз алып, қыз беруге жеткенін жариялап, бүгіннен бастап қазақ халқына тағы бір ру қосылды деп, ержетіп отырған бір қыз бен бір жігітке рұқсаттарын беретін болған. Мұның өзі үлкен мағынада боз бие сойылып, әлгі үй болатын жастарды соның сүтімен шомылдырып, ру атын беріп, өсіп-өніңдер деп барлық ру басылары батасын беретін болған. Сондай жолмен қазақ рулары көбейіп отырған. (massaget.kz) ТЖ. «Бинго» әдісі Жұмыс алгоритмі 1.Әр адамға төрт шаршыға бөлінген Бингоға арналған карточка беріледі. 2.Әрбір шаршыда тақырыпқа қатысты сұрақтар көрсетіледі. Сұрақтар: 1.Жеті атасын білу қажет пе? 2.Қазақ халқы жеті атаға дейін неге қыз алыспаған? 3.Жекжат жеті атаға жата ма? 4.Жеті атаңды таратып айт. 3.Оқушылар әрбір пікірге сәйкес келетін адамды тапқан кезде, осы адамға қарастырылып отырған мәселелер бойынша өздерінің қосымша екі сұрағын қоя алады. Бұл егжей-тегжейлі талқылау жүргізуге мүмкіндік береді. 4.Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында мұғалім оқушылардан қайсысы естерінде қалғандығы немесе қосымша сұрақтар арқылы басқа адамдардан нені білгендігі туралы сұрайды.
Ж.Ж «Араб графикасы» әдісі арқылы мәтінге тиісті жіңішке дауысты дыбыстарды қойыңыз. Ж.кжат ж.т. атаға к.рм.йд.. Ж.кжат-д.г.н .нд. қыз алысып, қыз б.р.с.п, б.р-б.р.м.зб.н туыстық қатынастан құдалық қатынасқа к.ш.г. жол ашық д.г.н с.з. Бұрынғы к.д.рд. ж.т. атадан асып, с.г.з.нш. атаға к.лг.нд., сол рудың ақсақалдары айналасындағы басқа руларға хабарлап, .зд.р.н.ң .ск.н.н-.нг.н.н, қыз алып, қыз б.руг. ж.тк.н.н жар.ялап, б.г.нн.н бастап қазақ халқына тағы б.р ру қосылды д.п, .рж.т.п отырған б.р қыз б.н б.р ж.г.тк. рұқсаттарын б.р.т.н болған. Мұның өз. .лк.н мағынада боз б.. сойылып, .лг. .й болатын жастарды соның с.т.м.н шомылдырып, ру атын б.р.п, өс.п-өн.ңд.р д.п барлық ру басылары батасын б.р.т.н болған. Сондай жолм.н қазақ рулары к.б.й.п отырған. ҚБ. Жұптар бірін-бірі бағалайды. |
Жеті ата (14.mp3) мәтіні Төрт шаршыға бөлінген бинго қағазы бағалау парағы Тексеру парағы(мәтін) |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы – 5-минут |
Оқушылар рефлексиясы: Активатор «3-2-1»
Үйге тапсырма: Туыстық қатынасты білдіретін мақал-мәтелдер мен үстеу түрлерін қосып шағын әңгіме жазыңыздар. |
стикер |
||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||
|
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||
|
Әр оқушының үнін есту, сөйлету мақсатында түрткі сұрақтарды пайдаланамын. А, В, С деңгейіндегі оқушылардың жұмыстарын сабақ барысында қадағалай отырып, бақылау жүргіземін. Топтық жұмыста, әсіресе, «Бинго» әдісі бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың бірін-бірі оқытуына жағдай жасаймын. Барлық оқушылар: Жеті ата туралы түсінік алады, ой бөліседі, талқыға түсе алады. Көптеген оқушылар: Мәтін бойынша өзіндік пікір білдіреді. Кейбір оқушылар: Мәтіндегі негізгі ойды шынайы өмірмен салыстырып бағалауда дәйектемелер келтіріп, қорытынды жасайды. |
Сабағымды жоспарлауда мұғалім тарапынан ауызша бағалау, өзара бағалауды алып отырмын. «Жапондық бағалау» арқылы білім алушылардың жеткен жетістіктері айқындалса, өзара бағалау оқушылардың өз жұмыстарын саралау арқылы өзгенің жұмысына баға беру мақсатында пайдаланылады. Бұл арқылы оқушылардың берілген тапсырманы қаншалықты, қандай деңгейде орындайтынын айқындап, сол арқылы сапалы, нәтижелі табысқа жетелеуге болады. |
Оқушылар сабақ барысында өздерін жайлы сезінуі үшін «Бинго», «Араб графикасы» әдістері пайдаланылады. Әр оқушының пікірі құнды болғандықтан, олардың еңбегі де қорғалады. |
||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз |
|||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? |
||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек? |
||||||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген