Жеті ата туралы ұғым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеті ата туралы ұғым

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиістігі өнегелі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына ата тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қоймай, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің балаларына жеткізу үшін әрбір бала өз ата тегін жақсы біліп алуға тырысады. Сол себептен ата - бабаларымыздан «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал күні бүгінге дейін жеткен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ













Ашық сабақ

Тақырыбы:



Жеті ата туралы ұғым







Дайындаған: Абуова Жибек Кураловна



Мақсаты:

оқушыларға сыйластық, туыстық, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
- ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
- ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: ата – тек туралы сызба нұсқа, оқулық, дәптер.

І - жүргізуші
- Атадан ақыл аламыз
- Атамыз – біздің панамыз,
- Атамыз - біздің данамыз,
- Атадан ақыл аламыз,
- Атадай адам боламыз.

ІІ – жүргізуші Е. Өтетілеуов «Текті білу тегін емес» - өлеңі

1 оқушы:

Бабамнан басталар,
“Өз жұртым” мыналар:
Ең жақын адамдар -
Әкем мен анам бар.


2 оқушы:
Әкемнің әкесі -
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі -
Ақ шашты Әжем бар.


3оқушы:
Әкеге мен – бала,
Атаға - Немере
Немере баласы -
Болады шөбере.


4 оқушы
Шөбере баласы -
Шөпшек деп аталар.
Шөпшектің баласы -
Немене саналар.
Осы ұрпақ жалғасы
“ Жеті ата ” бола алар.


Мұғалімнің түсіндіруі:
Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиістігі өнегелі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына ата тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қоймай, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің балаларына жеткізу үшін әрбір бала өз ата тегін жақсы біліп алуға тырысады. Сол себептен ата - бабаларымыздан «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал күні бүгінге дейін жеткен.


І жүргуші: «Жеті ата» өлеңін оқушылар орындайды

5 оқушы:

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

6 оқушы:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.


ІІ жүргізуші: Енді балалар ата – ана туралы мақал кім біледі?


7 оқушы:

Ата баланың қорғаны.

8 оқушы:
Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.

9 оқушы:
Атадан алтау болса адам тимейді. 
Тура жүрсең лебізің күймейді.

10 оқушы:
Атадан жақсы ұл туса елінің қамын жейді. 
Атадан жаман ұл туса елінің малын жейді.
 

11 оқушы:
Атадан жақсы ұл туса есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса төрдегі басын жерге сүйрер.

12 оқушы:
Атадан — өсиет, анадан — қасиет.


І жүргіуші: «Жеті атасын білмеген жетесіз» дегенді қалай түсінесіңдер, кім айтады?

13 оқушы:

«Жеті атасын білмеген жетесіз» дегеніміз өз тегін, ата – бабасын, болмысын білмейтін, ата – анасына жаны ашымайтын мейірімсіз адам


ІІ жүргізуші:
- «Жеті ата» дегенді қалай түсінесіңдер?


14 оқушы:
Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.


І жүргізуші: Ән


Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз.
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.


Сұрақ - жауап

Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
- Неліктен текті білу қажет деп ойлайсыңдар?
«Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешіңдер.
1. Әкеңнің шешесі ....
2. Атаңа сен кім боласың?
3. Әкеңнің әкесі ....
4. Сенен кейінгі туысың ....
5. Сенен үлкен туысың .....
6. Алтыншы ата ....
7. Сені дүниеге әкелген жан ....
Шешуі: әже, немере, ата, іні, аға, шөпшек, ана.


ІІ жүргізуші: «Атамекен» әні


Қорытындылау.
І жүргізуші:
- Балалар, ата - бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіруді мақсат етті. Ұрпақтары әдепті де ізетті, бәрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болатынына сенді. Баланың бақыты – ата - атаның бақыты, ұрпағының бақыты. Біздің ең түпкі шыққан тегіміз – адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол» деген осы.


ІІ жүргізуші:

Ал «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген, өзінің тек қана бақытты болуыңды армандаған, сол үшін өзінің қолынан келгенінің барлығын жасаған ата - бабаңды қастерле, оның кім екенін біл, ертең сені де өз ұрпағың қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашанда ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді ұмытпағанымыз жөн.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
1342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі