400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»

Қазақ - ата тек, арабтар шежіре - бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықта кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көктем мерекесі - Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын.

16 наурыз – Наурыз-құндылық немесе «Шежіре күні». Бұл күні жұртшылық мал сойып, шелпек пісіріп, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Сонымен қатар, бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады.

- Осы мақсатта бүгінгі біздің шарамыз ұйымдастырғалы отыр. Кешіміздің қонағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, өлкетанушы жерлес ағамыз Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы.

- Тақырыпқа көшпестен бұрын, дайындаған шағын сюжетке назар аударсақ.

- Бүгінгі әңгімеміз негізінен рухани өміріміз бен ұлттық құндылықтар тұрғысында өрбісе деген тілегім бар. Осы орайда алғашқы сауалымды да төтесінен қойсам деймін:

1. Тектілік деген не?

2. Тексіздік деген не?

3. Қазақ халқының тектілік тәрбиесі туралы не айтасыз?

4. Ұлттық код дегеніміз не?

5. Ұлттық кодты сақтап қалу үшін не істеу керек?

6. Жеті аталық қағиданы қаншалықты сақтап жүрміз?

- Жаңабек Жаңабайұлы ендігі кезекті оқушылар сұрағына берсек.

- Сұхбатынызға үлкен рахмет. Наурыз мерекесі құтты болсын. Аман саулықта кездескенше.

Оқушылар сұрағы

  1. Шежіре, ататек туралы ақпарат алу үшін қандай шығармалар оқуға кеңес бересіз?

  2. 16 наурыз «Шежіре күні» болып белгіленгені белгілі, көзқарасыныз қандай?

  3. Қаратөбе өлкесі бойынша «Шежірелі қарттар» деп кімдерді айта аласыз ?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
28.11.2023
1514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі