400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жеті лақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірбие алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : « Жеті лақ » ( Сахналау )

Мақсаты : Балаларды ертегі мазмұнын түсініп , оны әңгімелеуге , диолог құруға, сөздерді мәнерлеп келтіріп айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру . Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып , сөздік қорын байыту. Тілдерін дамытып байланыстыра сөйлеуге үйрету . Баланың ойлау, қабылдау,танып көру , есту қабілеттерін дамыту. Мейірімділікке , адалдыққа , татулыққа табиғатты қорғауға , аялай білуге тәрбиелеу .

Авторы – Нұрай : Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты. Ешкі көк майсада шөп жеп,мұп – мұздай су ішуге орманға кетеді екен . Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып , өздері ешқайда шықпайды екен . Ешкі өрістен келген соң , есікті қағып : Лақтарым , шырақтарым !

Аша қойыңдар , аша қойыңдар !

Енелерің келді , сендерге сүт әкелді .

Емшегім иіп тұр .

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр,деп өлеңдетеді екен .

Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді . Ешкі лақтарын сүтке тойғызып , қайтадан орманға кетеді . Ал лақтары есікті мықтап жауып алады . Автор – Нұрай : Ешкінің орманға кеткенін байқап қасқыр : О , мына орманда ешкі де тұрады екен ғой ! Өзінің неше лағы бар , оңай олжаға тап болдым ғой . Қарным бір тоятын болды деп ( қарнын бір сипап қояды )

Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады . Ешкі орманға кетісімен , қасқыр есікке келіп жұп – жуан дауысымен :

Қасқыр – Нұрислам : О , лақтарым ! ой , шырақтарым !

Аша қойыңдар ,

Аша қойыңдар !

Енелерің келді –

Сендерге сүт әкелді .

Тұяғым шылқыған су.

Автор – Нұрай : дейді өлеңдетіп .

Лақтар – Еркежан , Алихан , Бексұлтан , Інжу , Елназ , Айсұлу , Ақниет .

Сен біздің анамыз емессің , біздің енеміздің дауысы жіңішке сенің дауысың жуан дейді .

Автор – Нұрай : Қасқыр не істесін ұстаға барады да , көмейіне жіңішке тіл салып бер , әйтпесе жеп қоямын , дейді .

Ұста – Досжан : Менің қолымнан келмейді .

Қасқыр – Нұрислам : Жеп қоямын , жіңішкертіп бер .

Автор – Нұрай : Үйшіктің жанына келеді де , бұта арасына жасырынады . Өрістен ешкі келеді , есікті қағып .

Лақтар – Еркежан , Алихан , Бексұлтан , Інжу , Елназ , Айсұлу , Ақниет : Бұл кім ?

Ешкі – Дильназ : Лақтарым , шырақтарым !

Аша қойыңдар !

Енелерің келді –

Сендерге сүт әкелді ,

Емшегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап ,

Тұяғыма тиіп тұр!

Автор – Нұрай : дейді әндетіп .

Лақтар – Еркежан , Алихан , Бексұлтан , Інжу , Елназ , Ақниет . Есік ашып енесін кіргізеді . Бәрі қасқырдың қалай келгенін , өздерін қалай жемек болғанын айтып береді .

Ешкі – Дильназ : Егер біреу келіп мен айтатын өлеңді айтса және дауысы жуан болса есікті ашпаңдар .

Автор – Нұрай : деп қатты тапсырады . Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді . Содан жіп – жіңішке дауысымен .

Қасқыр – Нұрислам : Лақтарым , шырақтарым !

Аша қойыңдар , аша қойыңдар !

Енелерің келді –

Сендерге сүт әкелді,

Емшегім иіп тұр !

Автор – Нұрай : деп әндетеді . Лақтар анасы екен деп есікті ашады .

Қасқыр – Нұрислам : О , шырақтарым менен қорықпаңдар . Мені сендерге аналарың жіберді . Аналарың орманда күтіп отыр .

Автор – Нұрай : дейді , лақтар қасқырдың артынан еріп жүре береді. Ешкі өрістен келеді , өлеңін қанша рет қайталайды . Үн жоқ . Қараса есік ашық, үйге кірсе , бір лақ қалмаған . Пештің ішіне қараса бір лағы қалыпты . Лақтарынан айырылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.

Лақ – Айсұлу : Апа , сіз жоқта қасқыр сіздің дауысыңызды салып , сіздің өлеңіңізді айтты . Біз есік аштық . Қасқыр бізді алдап бауырларымды орманға алып кетті .

Автор – Нұрай : Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды .

Ешкі – Дильназ : Аңшы маған көмек беріңіз ! Қасқыр менің лақтарымды алдап , әкетті.

Аңшы – Бексұлтан : О , жүр мен оның сазайын тартқызайын .

Автор – Нұрай : Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді .

Қасқыр – Нұрислам : Ой , мынау аңшы ғой , қолындағы мылтығы ма ? Қой атып тастамай тұрғанда қашайын .

Лақтар – Еркежан , Алихан , Бексұлтан , Інжу , Елназ , Айсұлу , Ақниет : О , анамыз келді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз .

Автор – Нұрай : деп жылайды . Ешкі лақтарымен табысып , орманда бақытты өмір сүреді .

Нәтиже : Балалар сахналаудың не екенін жете меңгереді . Рөлге бөлініп дыбыстауды үйренеді . Осы жеті лақ ертегісін сахналай отырып , бауырмашылдыққа үйренеді .

Тіл байлықтарын кеңейтіп , сөздік қорын байытады . Ертегідегі жеті лақты сомдай отырып балалар шығармашылық қабілеттерін дамытады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі