400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жеті лақ» ертегісі 2-3 сыныптарға

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір кейіпкердің рөлін ойнай отырып,қимыл арқылы көрсетуге үйрету; дауыс ырғағын,дауыс көркемділігін дамыту; ертегіні сахналауға үйрету; үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жеті лақ» ертегісі

Мақсаты: Әрбір кейіпкердің рөлін ойнай отырып,қимыл арқылы көрсетуге

үйрету; дауыс ырғағын,дауыс көркемділігін дамыту; ертегіні сахналауға үйрету; үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері.

Рөлдерде ойнайтындар:

Жүргізуші: Уразова Халиса

Ешкі - оқушы

Қасқыр –оқушы

Лақтар – оқушылар

Аңшы – оқушы

Жүргізуші : Уразова Х. Балалар,ертегімізді бастамас бұрын, мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия , дайынбыз.

Жүргізуші: I Басында екі таяғы бар.

Төрт аяғы бар

Адам деуге болмайды

Сақалы тағы бар (ешкі)

II Тастан тасқа секірген

Ұзын салпақ құлақты

Қойдан маза кетірген

Кім біледі? (лақты).

III Алыстан сезіп ел ішін,

Көк төбегім ұлып тұр

Бірақ малдың өрісін

Қияннан –ақ біліп тұр. (Қасқыр)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Енді балалар, денемізді бір сергітіп алып, ертегімізді тамашалайық.

Сергіту сәті: Тіктеп титтей құлағын

Ботам былай жүреді

Сыртылдатып тұяғын

Лағым секіріп жүреді.

Жүргізуші: Баяғы заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы бар екен. Олардың үйі орманның шетінде орналасыпты. Ешкі лақтарына азық әкелу үшін күнде орманға кетеді екен.Үйінен шығып бара жатып

Ешкі: Қарақтарым,шырақтарым есікті ешкімге ашпаңдар,әйтпесе сендерді қасқыр алып кетеді.

Жүргізуші: - Деп,кетеді екен.Бір күні орманға кеткенде,үйіне қасқыр келіп,есігін қағады. Бірақ лақтар есікті ашпайды.Үйге кіре алмаған қасқыр тасаға тығылып, ешкінің келуін күтеді.Бір кезде ешкі келіп:

Ешкі: «Қарақтарым,шырақтарым, мен сендерге азық алым келген аналарыңмын есікті ашыңдар»,

Жүргізуші: -дейді.

Лақтар: Алақай,алақай анамыз келді

Жүргізуші: Лақтар есікті ашып,ешкі үйге кіреді.

Жүргізуші: Ертесіне ешкі орманға кеткенде қасқыр үйдің есігін қағып:

Қасқыр: «Қарақтарым,шырақтарым, мен сендерге азық әкелген аналарыңмын».

Жүргізуші: - дейді қасқыр.

Лақтар: Алақай,алақай анамыз келді.

Жүргізуші:Лақтар есікті ашады. Қасқыр үйге еніп лақтарды алып кетеді.

Қасқыр: -р,р,р.

Лақтар: -мә,мә,мә,мә.

Жүргізуші: Тек кішкентай лақ қанапештің ішіне тығылып,аман қалады.Ешкі оралғанда лақтарды таппай қайғырады.

Ешкі: мә,мә,мә,мә лақтарымды қасқыр әкетіпті,енді қайттім!

Жүргізуші: Сол кезде пештен кішкентай лақ шығып, болған жағдайды анасына айтады.

Лақ: мә,мә,мә, ана сіз орманға кеткенде, үйге қасқыр келді,біз сіз екен деп, есікті ашып жібердік. Қасқыр балаларды алып кетті.

Жүргізуші: Ешкі тездетіп аңшыға жолығып, лақтарын құтқаруды өтінеді.

Ешкі: Аңшы өтінемін, менің балаларымды қасқыр алып кетіпті,құтқаршы.

Аңшы: жарайды,құтқарам.

Жүргізуші: Аңшы қасқырды тауып алып, лақтарды үйлеріне алып кетеді. Ешкі мәз болып, балаларымен ұзақ өмір сүріпті.

Қорытынды:

Оқушылар ертегіні оқып, оның мазмұнын түсінеді. Оқушылар ертегіден көп нәрсе үйреніп, ой-өрістерін дамыта алады.

"Жеті лақ" ертегісі бойынша кроссворд

Көлденнен сөздер:

1. Ертегідегі жаман кейіпкер (қасқыр)

2. Лақтардың анасы (ешкі)

3. Жеті лақтың үшеуі ... (ақылды)

4. Лақтарды алдап үйге кірген жануар (қасқыр)






1

қ

а

с

қ

ы

р

2

е

ш

к

і



3

а

қ

ы

л

д

ы

4

қ

а

с

қ

ы

р



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.10.2025
65
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі