Музыкалық-
танымдық ойын –сауық «Жеті лақ пен
қасқыр» ертегісі жаңа өңдеуде
Жеті
лақ және қасқыр» атты музыкалық - танымдық
ойын
сауық
Білім
беру салалары: «Шығармашылық», «Денсаулық»,
«Коммуникация», «Таным» интеграциясы.
Мақсаттары:
театрлаған ойындар, қиял, музыкалық
образдар, шығармашылық елестеу арқылы
балалардың музыкалық қабілеттерін
қалыптастыру.
Балаларды
лақтардың ролін еркін сомдауға үйрету.
Шу
аспаптарда әуенді ырғақты орындауға
үйрету.
Спорттық
қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Музыкалық
залдың сахнасы орман сияқты безендірілген.
Үйшік,
ағаштар тұрады.
Жәй
музыка әуенімен жүргізуші және балалар
залға кіреді.
Жүрг:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Балалар, сіздер де қонақтармен
амандасыңыздар.
Балалар:
(Әндете): сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
Жүрг:
Ағылшын тілінде де амандасайық.
1.Ағылшын
ән: «Хэллоу, гудмонен»
Жүрг:
балалар, кәзір қай жыл мезгілі! Дұрыс,
күз. Күзде ауа райы салқындайды, жапырақтар
сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа
ұшып кетеді.
(Сиқырлы
музыка әуені естіледі,төбеден көгершін
түседі, тұмсығына хат қыстырылған.)
Жүрг:
Ой! Балалар, қараңдаршы төбеге. Біздерге
көгершін ұшып келе жатыр, Ол жылы жаққа
ұшпайды. Қане, қарайықшы, ол біздерге
не алып келдікі екен? (Хатты алады
(немесе флешканы) да оқиды немесе
теледидарға қосады): «Балалар, маған
көмектесіңізші! Менің тентек жеті
лақтарым мен жоқта үйден шығып қашып
кетіпті. Енді мен оларды таба алмай
жүрмін. Лақтарымды тауып беріңізші.
Ешкі.»
Жүрг:
балалар, бұл қай ертегі? Дұрыс, «Жеті
лақ». Ешкіге көмектесеміз бе? Ендеше
көлігімізге мініп саяхатқа аттанайық.
(Музыка қосылады)
Жүрг:
Қане, «Атқа мініп барамыз» ойын арқылы
барайық.
(Ат
болып шабады, кілемге шеңберге отыру.
Аспаптарды балалардың алдына тастау.)
Балалар кілемде шеңберде отырып
тізелерінде ырғақты соғып ән
салады:
2.
Музыкалық – ырғақтық ойын: «Атқа мініп
шабамыз»
1.
«Атқа мініп шабайық, саяхатқа шығайық.
Дігідік,
дігідік, чу – но, дігідік, дігідік, чу,
но!»
Жүрг:
Орманда жел соғады (бір бала маракаста
ойнайды)
Тоқылдақ
тоқылдайды. (басқа біреу таяқтарды
соғады)
2.
«Атқа мініп шабамыз, біз орманға барамыз.
Дігідік,
дігідік, чу – но, дігідік, дігідік, чу,
но!»
Орманда
тиын жаңғақтар жинайды, (тұяқтастар
соғады)
Түлкі
шөп арасында тығылады. (қағазды
сыбдырлатады)
Мүз
сылдырлайды (үшбұрыш)
Қар
қыртылдайды ( крахмал)
3.
«Атқа мініп шабамыз, біз орманға барамыз.
Дігідік,
дігідік, чу – но, дігідік, дігідік, чу,
но!»
Таудан
зырлаймыз. (металлофон)
Шұңқырға
түсіп кеттік - бух (барабан)
(Балалар
залды бір айналып шығып, отырғыштарға
отырады.)
Жүрг:
міне біз біреудің бақшасына келген
сияқтымыз. Қане, көрейік.
(Көңілді
музыка әуенімен Көкөністер келеді.
3.
Билейді: «Көкөністер биі»
Жүрг:
Көкөністер, сіздер лақтарды көрген
жоқсыз ба?
Көкөністер:
лақтар орман жаққа кетті. Жүріңіз біз
сіздерге жол көрсетеміз.
Жүрг:
Орман жаққа кетті дейді. Ендеше орманға
аттанайық мына жолдармен.
4.«Кілемдегі
математикалық жолдармен жүру»
Жүрг:
ой, міне орманға да келдік. Рахмет,
көкөністер. Сау болыңыздар. (Көкөністер
шығып кетеді.) Қане қарайық, орманда
кімді кездестіреміз екен.
(Жаңбыр
дыбыстары естіліп, залға Бұлт келеді)
Бұлт:
УУУУУ! Қазір барлығыңызды жауратамын.
(жауратады) Неге менен қорықпайсыңдар?
Қане, қорқыңдар менен! (Жауратады)
Жүрг:
Бұлт, біз сенен қорықпаймыз. Балалар,
қане, Бұлтқа «Жаңбыр, жаңбыр соқпашы»
деген ән айтайық, жаңбыр жаумасын деп.
5.
Ән: «Жаңбыр, жаңбыр, соқпашы» шеңберде.
(Осы
кезде жел дыбысы естіледі де Бұлт
ұшып кетеді
залдан)
Жүрг:
балалар, жел соғып Бұлт ұшырып әкетті
. Лақтар туралы сұрауды да үлгермедік.
(Осы
кезде саңырауқұлақтар орындарын
шыршалардың артынан алады. )
Жүрг:
балалар, жаңбырдан кейін орманда көп
саңырауқұлақтар өседі. Қане, олардың
биін тамашалайық.
6.
Саңырауқұлақтар биі.
Жүрг:
Саңырауқұлақтар,
сіздер лақтарды көрген жоқсыз ба?
Саңырауқұлақ:
Осы жаңа орманда көрдік Қасқырды және
лақтарды. (Шығып кетеді)(Қорқынышты
музыка естіледі. Залға
Қасқыр
келеді.)
Қасқыр:
Ааа! Сәлеметесіздер! Менің орманымда
шулап не ғып жүрсіңдер? А?
Жүрг:
Қасқыр, біздер жеті лақты іздеп жүрміз.
Сен көрген жоқсың ба?
Қасқыр:
Ха! Көргенде қалай! Лақтар менде. Мен
оларды қамап қойдым. Егерде менің
портретімді жасап берсеңдер, мен лақтарды
қайтарамын. Жарайма?
Жүрг:
Мақұл!
7.
Ойын: «қасқырдың портретін геометриялық
пішіндерден жасау кілемде. »
(Екіншіде
Қасқырмен бірге ойнайды)
Қасқыр:
Ой! Рахмет, балалар. Өте ұқсайды маған.
Санауға үйрендім. Ал енді мен лақтарды
алып келейін.Мен лақтармен достастым.
Мен оларға тимеймін.
Көңілді
музыкамен лақтар келіп Қасқырмен бірге
ойнайды.
8.Лақтар
мен қасқырдың ойыны: «Қонаққа бару».
(Осы
кезде залға Ешкі келеді. Қолында үлкен
қырыққабат.
Жүрг:
Ешкі,
біз сенің лақтарыңды таптық. Олар
қасқырмен бірге дос болып орманда ойнап
жүр екен.
Ешкі:Рахмет,
сіздерге балалар. Мен сіздерге өте
ризамын. Мен сіздерге қырыққабат сыйлағым
келіп тұр.