Материалдар / Жеті модуль бойынша жүргізілген жұмыстарға рефлексивті есеп
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жеті модуль бойынша жүргізілген жұмыстарға рефлексивті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеті модуль бойынша жүргізілген жұмыстарға рефлексивті есеп.Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақты оқушылардың өздері игеруі тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
445
16 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ахмедиева Айгүл Төкенқызы ІІІ деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған, Астана қаласы №53 мектеп - лицейінің биология пән мұғаліміБиология пәнінен жоспар бойынша 3- тоқсанда жүргізілген жұмыстарға есеп.Бүгінгі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді үнемі түрлендіріп отыру арқылы тиімді қолдана білуі шарт.Оқушылар мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіріп және өз шәкірттерін тұлға ретінде тануымыз қажет.Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді түрлендіріп отыру қажет. Мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек оқудың табысты және сапалы болуына жол ашады. Қазіргі таңда мұғалім оқушының жан дүниесін түсінентін, оқушыны тұлға ретінде қабылдау қажет. Сондықтан, сындарлы оқыту мүғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттемелер қояды. Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратындығын көрсеткен. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар өзара қарым-қатынасқа түсіп тақырыпты бір-біріне түсіндіреді. Сол себепті мен әрбір сабағымда топтық жұмыстарды тиімді пайдаланып, оқушылардың өздерін бірін -бірі бағалауын қадағалаймын.Жаңа сабақты оқушылар өздері игеру үстінде7 "Ә"сыныбы 7 "А" сыныбы Жаңа сабақты оқушылар өздері топ ішінде талқылып, постер құрып түсіндіріп өтеді.Әр топ тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қойып бірін-бірі бағалап отырады. Әр сабақта менің алға қоятын мақсаттарымның бірі балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда диалог құру үшін бірнеше әдістерді қолданамын.Сұрақ-жауап әдісі диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде олар өзара қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Үй жұмысына оқушыларға сұрақ дайындап келуге беремін, келесі сабақта оқушылар сұрақтарын бір -біріне қойып жауап қайтарады. Жауап беруде толық жауап талап етемін, сондықтан оқушылар жауаптарын мысал келтіре отырып дәлелдейді.Сұрақ қою барысында оқушылардың жай немесе күрделі сұрақ қоюларын бақылаймын. Сұрақ-жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді қолданамын. Топта өзара талқылау кезінде 7 "А"сыныбы 7 "Б" сыныбы

Постер қорғау үстінде 7 "А" сыныбы 7 "Б" сыныбы Сұрақ қою кезінде 7 "Ә" сыныбы Қазіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден яғни «дәстүрлі» стильмен оқытудан алшақ болуымыз қажет. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл, іздемпаз болуы қажет. Сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құрамын. Көзбен көрген ақпараттың 30% есте сақталатынын ескере отырып, жаңа тақырып түсіндіру барысында АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып отырамын. Бүгінгі заманда сандық сауаттылығымыз жоғары болу үшін білімімізді үнемі толықтырып отыруымыз қажет.Сабақтарымда мүмкіндігімше интербелсенді тақта,электронды оқулық, дискілер, слайд көрсетіп отырам , себебі оқушылар көргенін ұзақ мерзімде сақтайды, көру арқылы тапсырманы орындау жеңілге түседі және сабақта уақытты ұтымды пайдалануға негіз болады.7 сыныптарда электронды оқулықты пайдалану өте тиімді, өйткені барлық тақырыптарда жануарлардың ішкі құрылысының суреттері өте жақсы берілген. Сабақ барысында қосымша мәліметтерді оқушылар интернет желісінен алады. Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, дәлірек айтсам, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту мен үшін маңызды. Сыныптағы әр оқушы ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау жас ерекшеліктерін ескере отырып,әр сабақта тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану және тапсырмаларды түрлендіріп жеңілден күрделіге қарай беремін. . 3- тоқсанда 6 сыныптарда оқу бағдарламасының өзгеруіне байланысты сынып оқушыларында оқулық болмауы қиынға соқты, алайда топтық жұмыстарды пайдалану біз үшін ұтымды болды.Өйкені әр сыныпта 5-6 оқулық болуына байланысты бірлесіп оқуымызға тура келді.Жаңа сабақты түсіндіруде слайд, электронды оқулық , қолдану сатысында топтық, жұптық жұмыстар жүргізу тиімді болды,себебі жұптық жұмыста көршілес оқушылар өзара жұмыс істеп, сұрақ қоя отырып тақырыпты игеруге мүмкіндік алады. Ал топтық жұмыс барысында әрқайсысы өз идеясын ұсынуға, жалпыға бағытталған белгілі бір жұмыс түрін орындай алады. Оқушылар зертханалық жұмыстарды да өзара бірлесіп орындап отырды.Топтық жұмыс барысында оқушылар арасында зерттеушілік әңгіме жүзеге асады. Әр оқушы өз ой пікірін айтып, кейде араларында келіспеушілік әңгіме дебат та жүріп жатады. Оқуды жақсарту үшін оқушылардың білім деңгейі қай дәрежеде, оның дамуына ықпал ету жолында бағалаудың да бірнеше түрін қолданамын, себебі әділ бағалау өз күшіне сенімділік, өзгенің жауабын тыңдау және пікір айтуға үйретеді.Өзара бағалауды көбіне үй жұмысын тексеру барысында қолданған тиімді, себебі оқушылар тек баға беріп қана қоймай қай тақырып, қай мәтінді мұқият қайталау керек екеніне ұсыныс жазады. Топпен жұмыс iстегенде топтық бағалау, кей тапcырманы критерий бойынша бағалау, өз-өзiн бағалау парақтарын кең қолданамын.Бұл деген оқушының өcу деңгейін бақылауға, баланың өз жетістігін немесе кемшілігін анықтайды, қай бағытта жұмыс icтеу керектігін түсiнеді.6 "г" сыныбы 6"к" сыныбы Топтық жұмыстармен сабақ өткізу арқылы сыныптағы тұйық оқушыларым ашыла түсті. Алғашында оқушылар сабақ айту кезінде және сергіту сәтін өткізгенде қысылып ұяңдау болатын. Қазір топтық жұмыстар арқылы оқушылар алшыла түсуде.Сабақтарда сергіту сәтін өткізу кезінде оқушылардың сабаққа ынтасы артып, қызығушылығы арта түседі.Шаршап ойларын жинақтай алмай отырғанда, оқушылардың бойлары серігіп, жүздері күлімсіреп қалады. 6 "б" сыныбы 7"а"сыныбы 7"ә" сыныбы Сабағымның сәтті я сәтсіз тұстарын білу үшін оқушылармен рефлексия жасап тұрамын ,өйткені оқушылар өздерінің ой пікірлерін білдіріп отырады. Түсінбеген тұстарын айтып, келесі сабақта менің мұқият болуыма ой салады.

Қазіргі заман талабына сай мұғалім, өз-өзін реттей білетін, жаңалыққа құштар ұстаз болу керек. Мұғалім тағдыры- өмір бойы іздену, біліктілігін арттыру. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса,оқушының оқуға деген ынтасы пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыруымыз қажет. Мадақтап отырған оқушының сабаққа ынтасы арта түседі.











































Астана қаласы № 53 мектеп - лицей







3- тоқсандық рефлексивті есеп

Биология пәні мұғалімі:Ахмедиева А.Т.







2015 жыл
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!