Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеті қасиетті сан

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті жеті саны жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жеті қасиетті сан


Мақсаты:

Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті жеті саны жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.

Міндеттері:

Қасиетті 7 санымен танысу.

Қасиетті 7 санының өмірде алатын орнын түсіндіру.

7 киелі санының сандар қатарында орнын көрсету.

Ғылыми жұмыстың мазмұны:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • 7 қасиетті сан туралы

  • Қорытынды



Болжам: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті 7 санының алатын орнын зерттеу.

Қорытынды: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.





Аннотация


Тілеуқабыл Қанағат «Жеті қасиетті сан» деп аталатын тақырып бойынша зерттеді. Қарастырылған жобада, 7 қасиетті сан және олардың түрлеріне, еркшеліктеріне толық тоқталған. «7 қасиетті сан» тақырыбын одан әрі жүргізетініне, оның қолдау табатынына сенім білдіремін.



Тлеугабыл Канагат в своем проекте исследовал тему: « 7- священное число» . В своей работе ученик выяснял, чем отличается это число от других, рассказал о понятиях, которые с ним связаны. Настоящая работа актуальна, интересна, и думается в будущем найдет свое применение.
















Кіріспе



Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанған екен.



Негізгі бөлім

Жеті қазына. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік.

«Жеті ырыс»

1) адамның ақылы, ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы, ой-санасы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болады;

2) денсаулық, яғни дененің саулығы. Денің сау болмаса, дүниенің барлығынан не пайда;

3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам – ердің жары, балаларының анасы. Халқымыз ежелден «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деп, ананы тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;

4) бала. Бала – адам өмірінің жалғасы, қуанышы;

5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;

6) жер. «Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»;

7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамның сенімді серігі, қорғаушысы іспетті болған.

Аптаның жеті күн. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.

Жетіқарақшы – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз.

Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажыт, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіркеледі.

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678-1781) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы.

1. «Халықтың ханы, сұлтаны, әзіреті қастандықпен өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».

3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, ат біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байланған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байланған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».

4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келсе, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».

5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына қара құрым іліп, ауылды айналдыру керек».

6. «Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі».

7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Жеті жұт. Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ: жерде өлшеу жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллаһта бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ.

Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, жерінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім.

Жеті ғашық. Халықтың ән-жыр эпостарында жеті ғашық мынадай екі нұсқамен беріледі: а) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар, Уәлик-Ғарра, Уәки-Күлшаһ; ә) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Баһрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Бәдіғұл, Бозжігіт-Анула, Зияда-Хорлы.







Қорытынды


Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.

Менің егемен елім күн сайын көркейіп, гүлденіп келе жатқан мемлекет. Мен республикамыздағы жеті керемет деп мыналарды айтқым келеді.

1.Астанадағы Қазақстанның символы- «Бәйтерек» ескерткішін;

2. «Бейбіпшілік және келісім сарайы» ғимаратын;

3. Таңғажайып құпияға толы «Думан» ойын – сауық орталығын;

4.Астанадағы «Тәуелсіздік» монументін;

5. Алматыдағы 25 қабатты «Қазақстан » қонақ үйін;

6. Медеу мұз айдынын;

7. Алматыдағы «Көктөбені» айтар едім.







Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1.Ұлан газеттері

2.Мөлдір бұлақ журналы , Ақжелкен

3.Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл Алматы «Санат» 1994ж

4.Айгөлек журналдары

5.Әріптер сыры «Алматы»




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Дарын » Республикалық ғылыми – тәжірибелік орталығы



Ғылыми жоба




Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары



Секция: Этномәдениеттану

Тақырыбы: «Жеті қасиетті сан»





Орындаушы: Тілеуқабыл Қанағат 3- сынып,

4 орта мектеп, Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы, Көктас ауылы

Жетекшісі: Хуатай Сайрагуль

бастауыш сынып мұғалімі № 4 орта мектеп






Қарағанды – 2012 жыл

1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысу үшін

Сұраныс 8-9 қаңтар 2013 жыл

1

Фамилиясы

Тілеуқабыл

2

Аты

Қанағат

3

Туған күні, айы, жылы

24.08.2004

4

Облысы, қала, село

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Көктас ауылы

5

Мектебі (білім беру ұйымыньң толық ресми аты) және сыныбы

4 орта мектеп 3- «Ә» сынып

6

Мектептің оқыту тілі

Қазақ тілі

7

Байланыс телефондары

87214633617 , 87214650416

8

Е-mail

saira-qul @mail.ru

9

Жұмысты жіберген секциясы

Этномәдениеттану

10

Жұмыстың тақырыбы

«Жеті қасиетті сан»

11

Жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі және атағы, қызметі, жұмыс орны (толык жазылуы керек)

Хуатай Сайрагуль

Бастауыш сынып мұғалімі № 4 орта мектеп

12

«Дарын» РГПО өткізген семинарларға бұрын қатысқансыз ба? Ұйымдастырушыларға тілегіңіз

Жоқ

Шығармашылыққа жете беріңіздер!

13

Қонақ үй қажеттілігі

Иә

14

Конкурсты өткізу және жұмысты жабдықтау тәртібімен таныстым



4 орта мектептің 3- «Ә» сынып оқушысы

Тілеуқабыл Қанағат тың «Жеті қасиетті сан»

тақырыбына жазған ғылыми зерттеу жұмысына





Рецензия



3- «Ә» сынып оқушысы Тілеуқабыл Қанағат және сынып жетекшісі Хуатай Сайрагуль жазып, зерттеген ғылыми жұмысы құрылымы, мазмұны жағынан талапқа сай жазылған.

Қазақтың қасиетті жеті санының ерекшелігі мен мазмұнына ерекше тоқталған. Қанағат көптеген материалдарды пайдаланып өз елінің 7 кереметтерін де жазған. Баланың зерттеушілік қабілеті айқын көрінеді. Бұл жұмыс сәтті қорғап шығуға лайықты.





Рецензия беруші бастауыш сынып мұғалімі: Хуатай С.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
806
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12