400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жеті қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Аңыз-ертегі мазмұнын саналы түрде түсінуге, оны сахналауға, өмірмен салыстыра білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Жеті қазына"

Мақсаты: Аңыз-ертегі мазмұнын саналы түрде түсінуге, оны сахналауға, өмірмен салыстыра білуге үйрету. Ертегіні сахналату арқылы өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу, ұл балаларға (мықты, батыл, еңбекқор жəне тағы басқа) жəне қыздарға тəн мінез- құлық ерекшеліктерін (биязы, əдемі жəне тағы басқа) талқылау. Кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің бетперделері

Билингвальды компонент: жеті-семь, қазына- клад


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырады бар аймақ,

Жарқырайды шуағы, Қайырлы таң!



Балалар өлең жолдарын айтады


Ұйымдас тырушылық-

ізденістік


Рөлдерді бөлу. Сахналау.Баяғыда аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты шақырып, ормандағы барлық аңдарды жина деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды, әрі епті, кім екенін білгісі келіпті. Лезде арыстанның апанының алдына аңдар жинала қалады. Арыстанның сөзін естіп болған соң түлкі алға шығып:

Түлкі: - О, әлемде теңдесі жоқ патшам. Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз сізді патша етіп сайлағанбыз. Сіздің қайырымыңыз шексіз.

Үнтаспадан: барлық аңдар өз пікірлерін айтып, арыстанға жағыспаздана, оны дүниедегі ең күшті, ақылды деп лепіреді. Мақтау сөздерге мәз болған ақымақ арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан итті байқайды. Дереу гүрілдеп итке төне түседі:

Арыстан: -Әй, сен оңбаған, мыналардың не айтып жатқанын естіп отрысың ба? Неге сен үн қатпайсың?

Ит: - Ә, сен бе едің. – Сонша неге орманды басыңа көтересің. Менің де сені мақтап, бас ұруым керек пе?

Арыстан: -Ал сонда дүниедегі ең қайратты, ақылды, әділ, әрі епті кім?

Ит: - Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды, ол тек адамзат.

Үнтаспадан: Арыстан одан бетер ысқырып, дереу жолбарысқа:

Арыстан: -Ит иттігін жасап, адамды мақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауға тиіс. Дереу арамыздан аластатыңыздар.

Үнтаспадан: Бұл сөзден кейін иттің мүлдем көңілі қалып, олардың арасынан біржолата қол үзіп кете барған екен.

Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бертін келе «Ит-жеті қазынаның бірі» - деген қанатты сөз қалыптасқан екен.

Ертегіні сахналату


Ертегіні мұқяит тыңдайды.


Рөлдерді бөліп алып, ертегіні сахналайды.


Рефлексия лық- түзету

Мадақтау

Балалардың жауаптары


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
522
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі