400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Жеті қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың жеті қазынасы , өнер туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-ж. – Құрметті ,ұстаздар,оқушылар ! Бүгін біз сіздерді халқымыздың ұлттық байлығы, ұлттық ұстанымы саналатын салт-дәстүрі мен өнері, мәдениеті, спорт түрлеріне арналған «Жеті қазына» атты өнер сайысын тамашалауға шақырамыз.

2-ж. – Өнерсіз адам болса да, өнерсіз қазақ болмайды,- деп Қадыр ақын текке айтпаса керек.

1-ж. – Орыстың әйгілі ғалымы Г. Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді»,- десе

2-ж. – Әйгілі қазақ театр сыншысы Ә. Сығай «Өнерін өлтіріп алған халық ел болып оңбайды,елінен айнып қалған жүрек – жүрек болып жарытпайды»,- деген екен.

1-ж. -Осы айтылған пікірлер «Жеті қазына» деп аталатын бүгінгі кешіміздің мақсат- міндетімен үндеседі,- деп толық айта аламыз.

2-ж –Ия, бұл сайыс- ұлттық қазынамыз- өнеріміз бен әдебиетімізді, спортымызды дамытуға өзіндік үлес қосады деп сенеміз.

1-ж - Сайысқа мектебіміздің білімді, өнерлі әрі спорт сүйетін өрендерімен құралған екі топ қатыса. «Құлагер» және «Тұлпар» тобы.

2-ж-Көп созбай, бүгінгі бағдарламаздың аталымдарымен таныстырайық.

1-ж-Сайыс жеті турдан тұрады.

1.Айтыс үлгісіндегі топтардың таныстыруы

2. «Дәстүрлі ән» номинациясы

3.Көркем сөз оқу

4. «Ауылдың алты ауызы»

5.Күй тартысы

6.Би жарысы

7.Спорт сайыстары. Қол күрес. Қазақша күрес . арқан тартысу

2-ж-Енді сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

/ Әділ қазылар сайланады/

2ж —Қәзір жеребе тартып, сайысты қай топ бірінші бастайтынын шешіп алайық.

1-ж-Сонымен, бұл сайыстың әр аталымын бірінші болып бастайтын топ –«Тұлпар» тобы.

2ж—Ендеше, бастайық . Біріншң топтардың айтыс үлгісіндегі таныстыруы

1ж—Сіздер сөз мағынасы және жүйелілігі, ән айту, жырлау мәнеріне баға беріңіздер

2ж—Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең , менше сүй,- деп Абай атамыз жыралағандай «Дәстүрлі ән» айту кезегі келді .

1-ж-Өлең- өмір айнасы,

Көрер оны көз болса.

Тиер көпке пайдасы,

Көркем айтқан сөз болса-, деп көркемсөз оқу шеберлеріне кезек берейік.

2ж —«Халық әні- халықтың жаны»- деген сөз бар.

Жоғалтып аламыз-ау есті мүлде,

Ауылдың алты ауызын естігенде,- дегендей, ауылдың алты ауызын тыңдайық.

1ж — Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой-қиялды қалың күйік.

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға,

Тербеліп ырғағына тамылжиық ,- демекші, күй өнеріне кезек берейік.

2ж —О баста өнер қонбаса,

Сол үшін тойда күймек пе ер?

Күйеді дауысың болмаса ,

Ортаға шығып билеп бер,- дей келе келесі кезекті мың бұралған бишілерге берейік .

1ж —Қол күрестен қазақты,

Бүкіл әлем мойындады.

Ұлт саулығы емес пе?

Ұлттық спорт ойындары,- деп, спорт ойындарын тамашалайық.

1.Қол күрес

2.Қазақша күрес

3.Келес-і арқан тартыс

2ж—Жарысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

1— Сонымен, бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті жеті қазынамызды қадірлеп, қастерлейік,- дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.

2—Сау болыңыздар! Жақсылықта жүздескенше!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
01.10.2025
56
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі