Рухани жаңғыру бойынша «Жеті қазына» интеллектуалды ойын
Тақырыбы: «Жеті қазына» интеллектуалды ойын
Мақсаты : Балалардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық балалардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар, слайдтар, интерактивті тақта, балдық жүйе, мадақтамалар.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап, баяндау, ой қозғау, түсіндіру, үйрету, көрсету.
Барысы:
Мұғалім: Армысыңдар, құрметті қонақтар
Ағайын мен халайық
Көпшіл болған ер дана
Достары көп ер бала
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі «Жеті қазына» атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең- ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- деп әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Әрине бүгінгі әділ қазыларды келген қонақтардан тағайындап отырмыз. Екі командаға әділ баға береді деген үміттеміз.
-
Әділқазы төрайымы:
-
Әділқазы мүшесі:
-
Әділқазы мүшесі:
- Бүгінгі интелектуалдық ойынымыз төрт кезеңнен тұрады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «Жорға»
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қатысушы сайыскерлермен таныс болыңыздар!
Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүйрікте от, көздерінде жалыны бар «Қырандар» тобын ортаға шықырамыз.
1 – ойыншы Асан Әмина– өскенде Қазақстанның атақты сән әлемінің дизайнері болуды армандайды.
2 – ойыншы Ерік Айбек –болашақта безнесмен болуды армандайды.
3 —ойыншы Құдайберген Сымбат- болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді.
4 – ойыншы Шыңғыс Ұлағат — елін қорғайтын әскери қызметкер болғысы келеді.әлемге әйгілі ғарышкер болғысы келеді.
5 – ойыншы Сабырахун Мейрлан — болашақта футболшы болуды армандайды.
болашақта ұстаз болуды армандайды.
6 – ойыншы Құмаш Ералы — генерал болуды армандайды.
заң қызметкері болуды армандайды.
7 – ойыншы Шагалак Інжу – болашақта ақ халатты абзал жан дәрігер болғысы келеді.
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты демекші «Сұңқар» тобымен таныс болыңыздар.
1 – ойыншы Нұрланұлы Сәкен- өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
2-ойыншы Асхатқызы Толғанай- сән әлемінің дизайнері болу арманы.
3-ойыншы Ерасыл Ербұлан- арманы әлемге танымал боксшы болу.
4-ойыншы Әлдеханқызы Кәусар- әнші болуды армандайды.
5-ойыншы Оңбай Айдар- болашақта ғарышкер болғысы келеді.
6-ойыншы Анарбекқызы Інжу- арманы журналист болу.
7-ойыншы Санат Елазат – арманы ұшқыш болу.
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастаймыз.
1-кезең: «Бәйге»
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп бәйге кезеңі.
Ойын шарты: Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, әр ойыншының қолында нөмірленген карточка болады. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі бала жауап бере алады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Әр топқа 6 сұрақтан қойылады.
-
Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (алтыбақан,теңге ілу,көкпар,жамбы ату,аударыспақ,арқан тартыс,көкпар,ақ сүйек)
-
Қазақтың ұлттық тағамдарын
ата?(бесбармақ,қуырдақ,сірне,құрт,ірімшік,қымыз,айран,қазы,қарта)
-
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін ата? (бесікке салу,тұсау кесер,сүндет той,қыз ұзату,бет ашар,сырға салу)
-
Қазақтың билерін ата? (Төле би,Қазыбек би.Әйтеке би)
-
Жеті атаны ата? (Жеті ата,түп ата,тек ата,баба,арғы ата, ата,әке өзің.)
-
Жеті жұтты ата?(құрғақшылық, жұт \мал қырылу\,өрт, оба \ауру\, соғыс,топан су)
-
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?(домбыра,қобыз,жетіген,сырнай, шаңқобыз,даңғыра)
-
Қазақтың ұлттық киімдерін ата?( сәукеле, тақия, шекпен,бүрме көйлек)
-
Қазақтың үш данасын ата? (Абай,Шоқан,Ыбырай)
-
Жеті қазынаны ата?(жүйрік ат,қыран бүркіт,құмай тазы,берен мылтық,қанды ауыз қақпан,майланғыш ау,өткір кезік)
-
Жеті күнді ата? (дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
-
Жеті ұрпақты ата? (әке өзің,бала,немере,шөбере, шөпшек,немене,туажат)
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Шарты: Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
Жұмбақтар:
-
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама (Кітап,книга, воок)
2.Футболшының алаңдағы ойын заты (Доп - мяч - ball)
3.Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы (Ит - сабака - dog)
4.Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц - carrot)
5.Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
6.Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал (Алма – яблоко - аpple )
7.Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег – snow)
8.Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (Су – вода - water )
9.Жеміс жидек жегенім,
Балды жақсы көремін. (аю,медвед,spring)
10.Өзі ширақ,өзі қу,
Жүрген жері айқай шу. (түлкі,лиса,fox)
Көрермендермен ойын. «Бұл кім?» ойыны экранда ұяшықтар берілген кез-келген нөмірді таңдайсыздар.Суреттегі әншінің атайсыздар және әншінің орындауындағы кезкелген әннің бір шумағын айтасыздар. (сыйлық беріледі)
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
Шарты: Бұл кезеңде сендерге музыка қойылады, ал сендер қандай музыкалық аспапта ойнағанын тауып алыңдар. Тапқан топқа 5 ұпай беріледі.
4 - кезең: «Жорға»
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын,- деп біз енді ойынымыздың соңғы кезеңіне келдік.
Шарты: Бұл кезеңде әр бала отан туралы мақал-мәтел, тақпақ, ән айту керек. 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 5 ұпай болып есептеледі. Ұпай саны көп ойыншыдан бастаймыз.
Қорытынды: Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі Ойынға қатысқан балалардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық балаларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
«Нұрлы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Жеті қазына»
Бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Турусунгуль
Белгожаевна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жеті қазына" интеллектуалды ойыны

шағым қалдыра аласыз