15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жеті қазынаның бірі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Организованная учебная деятельность
Күні / Дата: 12.03.2019
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Бөлім / Раздел: Сөйлеуді дамыту
Тақырып / Тема: «Жеті қазынаның бірі»
Мақсат / Цель: Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. Суреттер бойынша ертегі құрастыру.
Міндеттер / Задачи:
1. Балаларға «Жеті қазынаның бірі»ертегісінің мазмұнын түсіндіру.
2.Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту.
3.Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным-түсініктер көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Полилингвалды компонент / Полилингвальный компонент:
Сөздік жұмысы / Словарная работа: ертегі-сказка,ауыз әдебиеті-фольклор
Көрнекі құралдар / Наглядные пособия: жеті қазынаға байланысты сурет.
Әдіс-тәсілдер / Методы и приемы: түсінік беру,суретпен жұмыс,сөздік жұмысын жүргізу.
|
Тәрбиешінің әрекеті |
Баланың әрекеті |
Есеп |
|
+
|
|
|||
Кіріспе бөлім
Вводная часть |
Шаттық шеңберін құру. Қане-қане тұрамыз, Үлкен шеңбер құрамыз. Қоян болып секіріп Орнымызды табамыз. |
Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қыймыл-қозғалыспен жасайды. |
|
|
Негізгі бөлім
Основная часть |
«Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні мәнерлеп оқиды,мазмұны түсіндіріледі. Сөздік жұмысы жүргізіледі. Мадақтау- біреудің жақсы қасиетін мақтап,көкке көтеру,дәріптеу. Аластау- біреуді ығыстыру,қуып тастау.Жағымпаздана-жағыну, жарамсақтану. Жеті қазына туралы мағлұмат беру. 1.Жүйрік ат-қанаты 2.Құмай тазысы-абыройын асырар сенімді серігі. 3.Қыран бүркіт- қуаты. 4.Берен мылтық-қахарлы оты. 5.Қақпан-серті. 6.Майланғыш ау-әдіс-айласы.7.Өткір кездік-сұсы. Дәптердегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Ақылды адам айтқызбай біледі, Қыран қаққызбай іледі. Сұрақтарға жауап беру: 1.Ертегі қалай аталады? 2.Ертегі қандай сөйлеммен басталады? 3.Арыстан өзі туралы не білгісі келеді? 4.Түлкі Арыстанды қалай мақтады? 5.Арыстан итке не деді? 6.Ит Арыстанға қандай жауап қайтарды? Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды,ол тек-адамзат. 2. Сергіту сәті: Орамандағы аюдың Бүлдіргені көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық 5. Ойын: Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреті корсетілген. |
Балалар жеті қазына туралы мағлұмат алды.
Балалардың жауаптары.
Иттің жауабын балаларға бірнеше рет қайталату.
Қимыл қозғалыспен барлығы тұрып жасайды.
Суреттен шапшаң көрсетеді. |
|
|
Қор-ды бөлім |
6. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып, үйренгендерін пысықтайды.
|
Сұрақтарға жауап береді |
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:«Жеті қазына» және жеті санының киелі екенін білу.
Игеру:Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту.
Меңгеру:Жаңа сөздерді меңгеріп алу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген