400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жеті қазынаның бірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жеті санының киелі екенін , жеті сурет бойынша ажырату . Жеті қазынаны атауға , еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға , айтылған ертегі бойынша қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру ,ертегі бойынша анық ,мәнерлі сөйлеуге үйрету .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы Қатынас



Ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеті Тіл дамыту


Тақырыбы Жеті қазынаның бірі

Мақсаты Балаларға жеті санының киелі екенін , жеті сурет бойынша ажырату . Жеті қазынаны атауға , еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға , айтылған ертегі бойынша қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру ,ертегі бойынша анық ,мәнерлі сөйлеуге үйрету .


Көрнекілік. Жеті қазынаның суреті


Билингивизм. Жеті қазына ,қыран бүркіт , берен мылтық ,жүйрік тазы т.б


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық

Қозғаушы





Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық

-Армысыз, қайырымды Аспан ата

-Армысыз,мейірімді Жер ана

-Армысыз,шұғылылы Алтын күн

-Қуан,шаттан, алақай

-Қайырлы таң,қайырлы күн

Шаттық шеңберін жасау ,сөздерді нақты айту,достыққа тәрбиелеу

Іздену

Ұйымдастырушы








Біздің бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты, бір аптада неше күн бар?

-сендер сабаққа неше күн келесіңдер?

-апта күндерін атаңдар, дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі, жексенбі.

Балалар біздің қазақ халқы жеті санын қасиетті ,киелі сан деп есептейді. Мысалы айтатын болсақ, жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына. Байқап отырған шығарсыңдар ,барлығы жеті санымен айтылады. Бүгін біз сендермен жеті қазына деп нені айтамыз ,соны үйренеміз. Кәнеки, жеті қазынаны мына суреттің көмегімен ажыратйаық.

  1. Ер жігіт

  2. Әйел – бұл ана

  3. Ақыл,білім

  4. Жүйрік ат

  5. Берен мылтық

  6. Қыран бүркіт

  7. Жүйрік тазы ( ит)


  1. Ер жігіт дегеніміз – елімізді ,жерімізді қорғайтын ер азамат .

  2. Әйел – ол анамыз ,біздің ақылшымыз ,қамқоршымыз.

  3. Ақыл,білім –екеуі бірге жүреді ,адамзат ақылмен ойлап,біліммен оқып ізденіп ,білімін толықтырып,әр нәрсені шешіп отырады.

  4. Жүйрік ат – адамзат баласын барамын деген жеріне жеткізеді . Бұрын ат болса,қазіргі кезде ол –көлік.

  5. Берен мылтық – мылтығың болса ,аш болмайсың ,аң ауласаңда күніңді көресің

  6. Қыран бүркіт – құстың мықтысы болса, ол сенің қорғаушың, асыраушың деп есепте .

  7. Жүйрік тазы – ит ол адамның досы ,көмекшісі,қорғаушысы .Адамдар бұрын аң аулауға , алыс жолға шыққанда өзімен бірге алып жүрген.Осы жеті нәрсе адамда болса ,ол адам бақытты. Мұғалім балаларға «жеті қазынаның бірі» ертегісін оқып береді.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, сабақты зейін қойып тыңдау,жеті қазынаға нелер жататынын ұғыну. Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруге дағдылану

Рефлексті

Коррекциялаушы






Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар қойып ,балалардың білімін пысықтау,тиянақтау. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтау мадақтау,

қорытындылау

Ертегіні түсіну ,ұғыну ,сұрақтарға жауап бере отырып,білімдерін тиянақтау.


Күтілетін нәтиже.


Білуі керек. Жеті қазынаға нелер жатады , олардың маңыздылығын




Болуы керек. Сабақ мақсатына сай,балаларға түсінікті көрнекілік




Қолынан келуі. Сабақ барысынан өз түсінген ,ұққан ойларын өз тілімен жеткізу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі