Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мынадай сөзі бекер айтылмаған: “Адамды адам еткен-кітап, азамат еткен-кітапхана”.
Қазір көркем әдебиетті оқуға және
насихаттауға барлық оқу саласында назар аударылуда. Сол мақсатпен
біз Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облысының әмбебап
кітапханасына кездесу жасадық. Бізге кітапханашы апайлар
кітапханамен таныстырды. Кітапхана өте кең, тартымды, ғимараты да
әсем. Бірнеше мың тиражды кітаптарды сөрелерден көруге болады.
Кітапхана 2 қабаттан тұрады. Біздің танысқан оқу залымыз 1-ші
қабатта. Өлке тарихы туралы қысқаша мәлімет алдық. Оның ішінде,
бізге өлке тарихына қатысты бірнеше кітаптарды таныстырып өтті.
Олар: Иса-Досан батырлар, 1870жылғы көтеріліс, оның себептері,
өлкетанушы О.Көшбайдың “Сыбызғы сыңсып жылайды” кітабы, қаламгер
Ә.Спанның “Жалау Мыңбай”,”Ұлы даланың ұланғайыр мұрасы” , “Адай
көтерілісі” , Ж.Дүйсенбаеваның “Әбіш Кекілбаев-суреткер” , “Әбіш
Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалары”. Онда қазақ халқының
тарихын әр дәуір кезеңдерін қамтып зерттеген ақын ғалымдардың
еңбектерін жырау, батыр, жазушыларымыздың кітаптарын көруге болады.
Ол мәліметтер біз үшін құнды, өйткені әр қазақ өзінің туған жері,
ұлтының тарихын, дәстүрін, ұлттық құндылықтарын біліп жүруі тиіс.
Оқу залында Оралхан Бөкейдің “Жетім бота” әңгімесін талдадық.

Әңгімеде Ақтау қаласына келген, қонақүйде жатқан сұңғақ бойлы, бұйра шашты Тасжан есімді сәулетші жаңа қаланың жобасын тапсыруға келген екен. Ол бірде түсінде бота жетектеп бара жатқан қызды көреді. Бұл түсті бірнеше рет көреді. Сөйтіп қыздың соңына түсіп, оны аңдиды. Сөйтсе ол қыздың ата-анасы теңізге кетіп, содан қайта оралмаған екен. Ал, қыз теңізге ботасын жетектеп бара береді екен. Бұл әңгімеде Ақтау қаласының тынысы Каспий суреттелген. Суреттеу мақсаты қоршаған ортаны таза ұстап, мәпелеу. Адам. Қоғам. Табиғат бірлігін сақтау. Себебі адам баласы жаралғаннан бастап, бұл үшеуі бірлікте. Мен бұрын Оралхан Бөкейдің бұл шығармасын білмедім.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жетім бота әнгімесі
Жетім бота әнгімесі
Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мынадай сөзі бекер айтылмаған: “Адамды адам еткен-кітап, азамат еткен-кітапхана”.
Қазір көркем әдебиетті оқуға және
насихаттауға барлық оқу саласында назар аударылуда. Сол мақсатпен
біз Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облысының әмбебап
кітапханасына кездесу жасадық. Бізге кітапханашы апайлар
кітапханамен таныстырды. Кітапхана өте кең, тартымды, ғимараты да
әсем. Бірнеше мың тиражды кітаптарды сөрелерден көруге болады.
Кітапхана 2 қабаттан тұрады. Біздің танысқан оқу залымыз 1-ші
қабатта. Өлке тарихы туралы қысқаша мәлімет алдық. Оның ішінде,
бізге өлке тарихына қатысты бірнеше кітаптарды таныстырып өтті.
Олар: Иса-Досан батырлар, 1870жылғы көтеріліс, оның себептері,
өлкетанушы О.Көшбайдың “Сыбызғы сыңсып жылайды” кітабы, қаламгер
Ә.Спанның “Жалау Мыңбай”,”Ұлы даланың ұланғайыр мұрасы” , “Адай
көтерілісі” , Ж.Дүйсенбаеваның “Әбіш Кекілбаев-суреткер” , “Әбіш
Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалары”. Онда қазақ халқының
тарихын әр дәуір кезеңдерін қамтып зерттеген ақын ғалымдардың
еңбектерін жырау, батыр, жазушыларымыздың кітаптарын көруге болады.
Ол мәліметтер біз үшін құнды, өйткені әр қазақ өзінің туған жері,
ұлтының тарихын, дәстүрін, ұлттық құндылықтарын біліп жүруі тиіс.
Оқу залында Оралхан Бөкейдің “Жетім бота” әңгімесін талдадық.

Әңгімеде Ақтау қаласына келген, қонақүйде жатқан сұңғақ бойлы, бұйра шашты Тасжан есімді сәулетші жаңа қаланың жобасын тапсыруға келген екен. Ол бірде түсінде бота жетектеп бара жатқан қызды көреді. Бұл түсті бірнеше рет көреді. Сөйтіп қыздың соңына түсіп, оны аңдиды. Сөйтсе ол қыздың ата-анасы теңізге кетіп, содан қайта оралмаған екен. Ал, қыз теңізге ботасын жетектеп бара береді екен. Бұл әңгімеде Ақтау қаласының тынысы Каспий суреттелген. Суреттеу мақсаты қоршаған ортаны таза ұстап, мәпелеу. Адам. Қоғам. Табиғат бірлігін сақтау. Себебі адам баласы жаралғаннан бастап, бұл үшеуі бірлікте. Мен бұрын Оралхан Бөкейдің бұл шығармасын білмедім.
шағым қалдыра аласыз













