Материалдар / Жетістікке бірге жетейік

Жетістікке бірге жетейік

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг ойын сабақтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape4

ЖShape5

8.04.21 ж

ЕТІСТІККЕ БІРГЕ ЖЕТЕЙІК

Shape1

«ЖЕТІСТІККЕ БІРГЕ ЖЕТЕЙІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТРЕНИНГ САБАҚ

Shape2

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: оқушылардың сенімділік, жауапкершілік туралы түсініктерін қалыптастыру. Сабақ оқуына дайындалуына ықпал жасай отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге дағдыландыру.

САБАҚТЫҢ ФОРМАСЫ: Тренинг

ӘДІСІ: әңгімелесу, талдау, ой толғау, сұрау, пікір алмасу.

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: презентатция, шар, парақшалар

ТРЕНИНГ ЖОСПАРЫ:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу

ә)оқушылар назарын сабаққа аудару

б)тренинг ережесімен таныстыру

І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • «Сіздің көңіл – күйіңіздің түсі қандай?» жаттығуы

  • «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

  • «Сенімділік» жаттығуы.

  • «Биіктік»  жаттығуы .

  • «Мен саған сенемін» жаттығуы

  • «Жунглидегі жаңбыр» жаттығуы

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

  • «Мен өзіме сенемін»жаттығуы

БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренинг ережесін таныстыру/

ІІ. Негізгі бөлім.

«СІЗДІҢ КӨҢІЛ – КҮЙІҢІЗДІҢ ТҮСІ ҚАНДАЙ?» жаттығуы. Қатысушыларға табақшада түрлі-түсті конверттер ұсынылады. Әд адам өзіне ұнаған түстегі конвертті алып ашады. Конверттің ішінде әр түстің мінездемесі жазылған.

Көк. Сіз зат пен оқиғаның мәніне жетіп, өзіңізде қалыптасқан пікірді айтады екенсіз. Ешер қажет болса, бұл ойыңызды еш бүкпесіз, тіке айта аласыз. Сонымен бірге күрделі жағдайларда не істеуді білмей абдырап, саспайды екенсіз. Сондықтан да, қиын сіттерде құрбыларыңыз, жостарыңыз сізбен ақылдасасыз. Көк түс сізге күнделікті шаршап шалдығудан, басыңыздың қатуынан аулақ болуға көмектеседі. Сізге кекшілі бар киім кию де, жатын бөлмеңіздің қабырғасын көкшілмен бояп қоюда ұнауға тиіс. Жасыл. Сіз аяғыңыздан нық тұрғансыз, әр нәрсеге байыппен қарауыңыз айналаңызда болып жатқан оқиғаларды қалт жібермеуге мүмкіндік береді. Сіз жақынжуықтарыңызға қамқор болып, достарыңызды демеп жүреді екенсіз, сондықтан да сізде достар көп.Сіз осы жақсы қасиеттеріңізді дамыта түсу үшін жасылы бар қағазды, жасыл түсті сабынды және жасыл түсті иіссуын пайдаланып жүргеніңіз жөн. Қызыл. Сізге алға ұмтылыс, ізденіс тән. Өміріңізде сіз бір мақсатты алға қойған болсаңыз, сол жолдан таймай алға ұмтылады екенсіз. Бірақ мұндай ұмтылыстың қиын жақтары дабар. Сол үшін қай мақсатты алға қойсаңыз да оның орындалуы мүмкін бе, жоқ па деп ойлап алғаныңыз жөн.Өйтпесеңіз кей жағдайда қалт басып, сәтсіз қадам жасауыңыз мүмкін. Өзіңіздің алғырлығыңызды, алға ұмтлғыштығыңызды білдіре жүру үшін киім-кешегіңізде қызыл түсті пайдаланып, тырнағыңызға қызыл түсті лак жаққаныңыз дұрыс. Сары. Сіздің өзіңізде күн сәулесісіз. Барлық жандармен тамаша қатынаста жүресіз. Сіздің жүрісіңізде күлкі, жылы қабақ жұртты сізге магниттей тартады. Құрбыларыңызға сан жетпейді. Жұмыс орнында бастығыңыз сіздібағалайды, ал сіз әріптестеріңізбен айқай-шуға бармай, жақсы қатынас орнатып жүресіз. Көп жан сіздің досыңызды пайдалануға тырысады. Бірақ сіз іштей оларға деген өкпеңізді «ренжітіп алам» деп айтпай жүресіз. Әркімде нашар көңіл-күй болатынын білетін кезіңіз жеткен сияқты. Сондықтан да өз проблемаңызбен бөлісіп, жүрегіңізге түскен ауыыртпалықты жеңілдеткеніңіз абзал. Ашық сары түсті көйлек кисеңіз, үйде сары түсті орамал, сары бар ыдыс-аяқ көңіл-күйіңізді көтере түспек. Ашық көк. Басқалардың қажетіне қарай білуге талпынады. Ол адамға ізденгіштік, еңбекқорлық тән, ақылы мол. Қызғылт сары. Әнді жиірек тыңдағанды ұнатады және ол адамдар жанын жадырататын күндерді аңсайды екен. Көгілдір. Бұл адамдар ұйықтар алдында бүгін қанша адамды күлдіргенін, ренжіткенін естеріне алып, жасаған іс-әрекеттерінің барлығына талдау жасап, қатесін мойындап отырады екен.

«СИҚЫРЛЫ ҚОБДИША» жаттығуы. Кішкентай сиқырлы қобдишадан сендер жан-жақты және қайталанбайтын бүгінгі бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек. Күлкі – бұл өз көңіл-күйіңе, жақын адамдарың мен достарыңның жүрегіне жол табатын қасиетті кілт. Үйде, мектепте, көшеде, ата-анаңа, мұғаліміңе, достарыңа жиі күлімдеп, мейірімді қарым-қатынаста бол. Сәлемдескенде күлімде. Мейірімді күлкі, әдемі жымиыспен де кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе айналасына адамдар мен жақсылық өзі-ақ топталады. Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғанудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі - жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады.

Күлкі жандарыңызға серік болсын!

Талқылау:

  • Жан-жақты қайталанбайтын бүгінгі сабаққа дайын кім болып шықты?

  • Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?

Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне екеніне көз жеткіздік. Жаңағы көрген бейнелеріңді үлгі тұтыңдар.

«СЕНІМДІЛІК» жаттығуы. Алдарыңызға берілген екі беттен тұратын жүрекшенің бір жағына жағымды, бір жағына жағымсыз қасиеттеріңізді жазыңыздар. Жағымсыз жақтарыңызды ешкім көрмесін, жыртып қоқыс жәшігіне тастаңыздар, жағымсыз жақтарыңыз осымен кетсін.Ал жағымды жақтарыңызды жүрек жақ кеуделеріңізге іліп қойыңыздар. Енді сіздердің бойларыңызда жағымды қасиеттер ғана қалды.


«БИІКТІК»  жаттығуы

Мақсаты: оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .Жаттығу барысы: қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .

Талдау. бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:

-          Белгі  қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?

-          Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?

-          Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?

-          Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме ?




«МЕН САҒАН СЕНЕМІН» жаттығуы

Екі-екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыздар. Кейін қарама-қарсы отырған екі адам бір-біріне «Мен саған сенемін, себебі сен.....» деп оқушының бойындағы сенімді ететін қасиеттерін айтасыздар.


«ЖУНГЛИДЕГІ» жаттығуы

Оқушылар орындарында отырып, үстелге қолдарымен жаңбырдың дыбысын салады. Жаңбыр ақырындап жауып бастады, жаңбыр жаймен жауып тұр. Ақырындап күшейе түсуде


ҚОРЫТЫНДЫ: Қымбатты оқушылар! Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен қарсы алып сабағымызды бастаған болатынбыз. Ал, енді әдемі күлкімізбен, нық сенімділікпен мына «МЕН ӨЗІМЕ СЕНЕМІН» жаттығуы арқылы сабағымызды аяқтайық.

  • Мен өзіме сенемін /қолын жүрегінің тұсына қояды/

  • Мен саған сенемін /қолын көрші баланың иығына қояды/

  • Сен де өзіңе сенесің /қолын көрші баланың иығына қояды/

  • Және мен де өзіме сенемін /қолын жүрегінің тұсына апарады/





























Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернатында 2021 жылдың 8 сәуір күні «Жетістікке бірге жетейік» тақырыбындағы тәрбие сағатының

ХАТТАМАСЫ



Қатысуға тиісті:23

Қатысқаны:23


Күн тәртібінде

1.«Жетістікке бірге жетейік» атты тәрбие сағатының мақсат – міндерімен таныстыру.


Тыңдалды:

Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі А.Жиенбаева сөз алып, оқушыларды транингтің тақырыбы, жоспары бойынша таныстырып өтті. Мақсаты: оқушылардың сенімділік, жауапкершілік туралы түсініктерін қалыптастыру. Сабаққа сенімділікпен дайындалуына ықпал жасай отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге дағдыландыру.

«Сіздің көңіл – күйіңіздің түсі қандай?» кезеңі бойынша қатысушыларға табақшада түрлі-түсті конверттер ұсынылды. Әр оқушы өзіне ұнаған түстегі конвертті алып ашып, конверттің ішінде әр түстің мінездемесі жазылғанымен танысты.

«Сиқырлы қобдиша» кезеңі бойынша кішкентай сиқырлы қобдишадан жан-жақты және қайталанбайтын бүгінгі бейнені көріп, оқушылар күлкі бейнесін көрсетті. Әр оқушы жан-жақты және қайталанбайтын бейне екеніне көз жеткізді.

«Сенімділік» кезеңі бойынша оқушыларға берілген екі беттен тұратын жүрекшенің бір жағына жағымды, бір жағына жағымсыз қасиеттерін жазып, жағымсыз жақтарын ешкім көрмеу үшін, жыртып қоқыс жәшігіне тастады. Оқушылар бойларындағы жағымды қасиеттер ғана қалды.

«Биіктік»  кезеңі бойынша оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту үшін биіктіктен секірді.

«Мен саған сенемін» жаттығуы бойынша оқушылар екі-екіден жұпқа бөлініп, бір-бірлеріне қарама-қарсы отырып, қарама-қарсы отырған екі адам бір-біріне «Мен саған сенемін, себебі сен.....» деп оқушының бойындағы сенімді ететін қасиеттерін айттып, сабақты қорытындылады.





ХАТШЫ: А.ЖИЕНБАЕВА



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ