Алматы
облысы
Еңбекшіқазақ
ауданы
Б.Момышұлы
орта мектебінің
Педагог-психологы
Аширбаева
Халида Амангельдиевна
«Жетістікке
жету жолы»
Мақсаты:
-Өз
қажеттілігі мен түрткісін есепке алып
мақсат қоя білуді меңгерту.
-Мақсатқа
жетуде қадамдық тәсілге үйрету.
-Өзін
талдау қойылымын қалыптастыру.
1.«Жекелік
таныстыру»
Бірін-бірі
жақсы тану үшін –өз есімінің бірінші
әріпіне ұқсас бойындағы жақсы қасиетті
қосып айту.
Мысалы:
Мадина мейірімді.Феруза фантазер.
2.
«Мамандық таңдауда қандай ереже ұстанған
жөн?»
-Мектептегі
оқу пәні – нақты мамандық емес. Пәнге
деген қызығушылық оған байланысты
жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.
Қалаған
мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.
-Егер
мамандық сенің досыңа ұнаса, саған
ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
-Мамандықтың
мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі
мен жағдайы туралы сұраққа жауап
бергенде сенің ой-ниетің салмақтана
түседі.
-Сән
қуып, мамандық таңдаудың қажеті
жоқ.Заманауи қосалқы мамандық таңдаған
жөн.Кез-келген жағдайда қосалқы мамандық
болғаны дұрыс.
3.
«Түрткі жаттығуы»
Түрткі
адамды әрекетке итермелейтін әсер
жиынтығы.М.Горкий: «Тым биік тұрған
ағашқа ғашық болу керек.Ол оған созыла
бере,миесейеді, дамиды».
4.Ерікті
күшті дамыту.
Табыс
тек талпынған адамға келеді.Біреудің
сізді ашқанын күткеннен гөрі, өзіңіз
ашылған жөн.Өзіңізге менің қолымнан
келеді, мен қалаймын, мен жасаймын деп
серт беру қажет.Табыс барлық күшті сала
отырып жұмыс істеген қалаған адамға
ғана келеді.
3.Әрекет
етудің жоспарын құрастыру.
4.Өзіңізді
обьективті бағалау.
5.Уақытпен
өлшеу.
6.Барлығын
өз уақытында орындау
7.Жақсылықты
ойлау.
8.Қоршаған
адамның пікіріне құлақ асу.
9.Ішкі
сезімге сену.
Тренинг
сенімділік «Сенімділік кілті»
Өзіңді-өзің
бағалай біл!
Өз
сеніміңе сенудің өзі күш береді
(Л.Вовенарг)
Тренингтің
мақсаты:
-білім
алушынының өзіне деген сенімділікті
қалыптастырып, пайдалы қарым-қатынас
пен іс –әрекеттегі батылдықты дамыту:
Тренингтің
ережесі:
-Тек
өз атынан сөйлеу:
Өзгенің
сөзін бөлмеу мазақ етпеу:
Белсенді
қатысу;
Тыныштық
сақтау:
Ойды
ашық айту:
«Мен
және менің сенімділігім» техникасы
–өзінің есімін және сенімділігін бас
бармақты көрсету –өте жоғары деңгейді,
бас бармақты жартылай ұстау орташа
деңгейді, төмен көрсету сенімсіздіктің
басым екенің көрсетеді.Бойымыздағы
сенімділікті бағалай білуге шақыру.
Негізгі
бөлім.
1.Сенімділік
туралы сұрақ –жауап жүргізу.
-Сенімділік
дегенді қалай түсінесіздер?
-Сенімді
адам қандай болады?
-Сенімді
болуға не кедергі келтіреді?
Көпшілік
алдына шыққанда не кедергі келтіреді?
-Сенімділіктің
қалыптастырудың қандай жолын білеміз?
Өз-өзіне
сенімділік - бойымызда
жоғары қасиет бар екендігіне сенім.Әр
адамда жасырын күш болады.
3.
«Шкафты
жылжыту»
жаттығуы.Қолымен кіндіктен жоғары
шығару, бар күшпен шкафты итергендей
іштен итеріп шығару.Осы жаттығуда
сенімсіз балаға күнделікті үй тапсырмасы
етіп беру.20-күнде баланың бойында толық
күш бар екенің көруге болады.
4.
«Менің
қолымнан келеді!» жаттығуы.Қолымен
ауада аяғымен өз есімің жазу.(Жеке дене
–қимылға арналған.)
5.
«Мен
сенімдімін, себебі....» жаттығуы.
Сөз арқылы адам бойына сенімділік
қалыптастыру (жұппен). Оқушы өзіне деген
сенімділікті нығайту үшін, бірнеше
себепті жазады.Оны жанаңдағы құрбысымен
бөліседі.