Қоныс орта жалпы білім беретін
мектебі
Өткізген: Майхина Н.М
2017 – 2018 оқу
жылы
«Жетістікке қалай жетуге
болады?»
«Жетістік жолдары»
Тренингтің
мақсаты:Алдағы күнге сәттілік тілей
отыра жетістікке жетудің көздерімен таныстыру. Мектеп бітіруші
түлектердің көңіл-күйін көтеру,қызығушылығын арттыру,ұжымда өзара
қарым-қатынас орнату.
Ұжымдық әңгіме
Мақсаты: Жеке тұлға мен топ
қатысушыларының арасындағы келісімділік деңгейін анықтау. Жеке
тұлғаның ұжыммен келісімділік қасиетін туғызуға жағдай
орнату.
Керекті құралдар: ақ парақ бет, қарандаштар,
қалам.
Жүру
барысы: Топ екі командыға бөлінеді.
Әрбір топ жетістік және жетістікке жету жолдары туралы топтық
әңгіме құрастыруы керек. Қатысушылардың біреуіне «жазушының еңбек
құралы » қаламсап немесе қарындаш беріледі. Қатысушы қаламды алып
бірінші сөзді жазады: мысалы, «жақсы ауа-райы болды...»- және
қаламды келесі қатынасушыға береді ол жазылған сөзді оқып, өзі
сөзбен жалғастырады мысалы, «жақсы ауа-райы болды және барлығының
көңіл –күйі жақсы болды...», осылай қатысушылар жалғастыра береді.
Қатысушылардың барлығы жазып болғаннан кейін қайтадан бірінші
қатысушыға қалам ұсынылып әңгіме
қорытындыланады.
Ұжымдық сурет
Мақсаты: Жеке тұлға мен топ
қатысушыларының арасындағы келісімділік деңгейін анықтау. Жеке
тұлғаның ұжыммен келісімділік қасиетін туғызуға жағдай
орнату.
Керекті
құралдар: ақ парақ бет,
қарандаштар.
Мазмұны: Барлық қатысушыға таза ақ
қағаз ұсынылады. Парақтың келесі бетіне өзі салғысы келген суреттің
атын жазады, содан кейін келесі бетіне суреттің бір деталін салып,
парақты оң жақтағы көршісіне береді, ол суретті жалғастырып салып,
келесі көршісіне ұсынады. Суретті салу әрі қарай жалғаса түседі.
Парақ барлық қатысушыларды айналып, дайын болған сурет авторға
келеді, Автордан басқасы ұжым болып, суретке ат қояды. Қойылған ат
салынған суретке сай болу керек. Мұнда автордың ойлағаны мен топ
қатысушыларының келісімділігі байқалады.
Тірі пирамида
Уақыты:
20минут
Мақсаты: Топтың әрбір
мүшесінің салымын пайдаланып,
бірлескен жұмыста адамдарға белгілі тапсырманы шешуде
тәжірибелесуге мүмкіндік беру және бір тапсырма үшін қанша қолайсыз
болса да топпен бірігуге дайындығын арттыру.
Жағдай: Бұл тренинг ауада, мыс, паркте немесе
кең алаңқайларда өткені дұрыс. Сонымен бірге ыңғайлы кең, ашық
орындарда да өткізуге болады.
Мазмұны:
1. «Топ тірі пирамида құрулары керек» -деп
айтыңыз.
2. Оның биіктігі топтың ең ұзын мүшесінен де
ұзын болу қажет. Әрбір мүше соның бөлігі болып, 30секундқа дейін
тұра алу қажет. Қосымша отырғыш, баспа туралы ештене айтпаңыз. Егер
сұраса, барлық жағдай жасалды, енді барлығы топқа байланысты деп
айтыңыз.
3. Сырттай бақылау жасаңыз, араласпаңыз. Топ
өз мүшелеріне қандай қолайлы жағдай жасап жатыр, (мыс ақ киген
адамдар тез бүлдіріп алады, тар киім созылдырмайды, біреудің тізесі
бүгілмейді -соған топ қандай мүмкіндік беріп жатыр) бақылаңыз. Топ
олардың мүмкіндіктерін қалай іске асырып жатыр? (мыс ұзындар
кішілердің бойы жететіндей жерде тұр ма? Осы пирамида құруда біреу
ұйымдастырушылық қабілет көрсетіп тұр ма? Кім кімге көмектесіп
жатыр?)
Талдау: Топты пирамида құрумен құттықтап,
бақылағандарыңызды айтып, қатысушылардың іс-әрекетін талдаңыз.
Олардан өздерінің жұмысын түсіндіруін сұраңыз. Кім топпен жұмыс
істеуге ынталы, ал кім жалғыз қалуға тырысты.
Қорытынды: Соңында командамен жұмыстағы
ерекшеліктер мен жеке тұлғаның әркеттерін салыстырып, ортақ
пікірталас өткізіңіз. Команда қай жағынан күшті? Команда жағынан
әлсіз көрінді?
«Суреттегі мен және болашақтағы
мен»
Мақсаты: Тұлғаның өзін-өзі тани
білуі, өзін-өзі бағалай білуіне бағыттайды.
Қажетті құрал: қалам, қағаз.
Өтілу барысы: Қатынасушыларға парақ таратылады
да, әрқайсысы өз еріктерімен
« Мен шындығында», «Мен болашақта» салулары
сұралады.
Әрбір қатынасушы суреттерін салуды аяқтағаннан
кейін әрбіреуі суреттеріне сипаттама береді.Суреттер топ ішінде
талданады.
Өмірдегі жетістікті және өзіне сенімді
адам.
Мақсаты: Адамның өзіне деген
сенімділік қабілетін дамыту.
1. Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды
есепке алып мойындаңызда соған байланысты өз мақсатыңызды алдыңызға
қойыңыз.
2. Сізге не құнды, неге сенесіз. Өз
өміріңіздің қандай болғанын қалар едіңіз соны шешіңіз. Өзіңіздің
жоспарыңызды бүгінгі күннің жағдайымен талдап
көріңіз.
3. Өткен өміріңізді талдап көріңіз. Ол
жағдайға неліктен кезіккеніңізді ойластырып көріңіз. Сізге қайғы,
өкініш , әкелген адамдарды түсініп және кешіре алыңыз. Өткен
өміріңіздегі қателіктермен сәтсіздіктерді, адасу – қателесулерді
кешіре алыңыз. Өткен өміріңіздің көңілсіз жақтары сіз оны саналы
түрде шығарып тастамасаңыз есіңізден кетпейді. Одан да алдағы
өміріңізде болатын жақсылықтарға орын қалдырыңыз.
4. Өзіңізді кіналы сезіну сізге жетістікке
жетуге көмегін тигізбейді.
5. Өткен қателіктеріңіздің ішінен өзіңіздің
жеке басыңыздың кемшілігін емес, дене, әлеуметтік, экономикалық,
саяси жағдайлардан іздеңіз.
6. Әрбір жағдайда әртүрліше талдауға болатынын
есіңізге ұстаңыз. Бұлай жасауыңыз адамдардың бапрлығына мейірімді
қарауға көмектеседі.
7. Өзіңіз туралы жаман ойламаңыз; соның ішінде
мынадай қолайсыз қасиеттерді өзіңізге
теңестірмеңіз- жарымес, кеміспін, қоымнан
ештеңе келмейді, сәтсізбін.
8.Егер өзге адамдар конструктивті сынға бағыт
алса сіздің әректіңіздің әртүрліше бағалауға болады. Сіз осы
жағдайды пайдаланыңыз. Ал сізге жеке, дара тұлға ретінде сынауға
жол бермеңіз.
9. егер қолыңыздан келмеген немесе қолыңыз
жетпеген жағдайларда бұл да сәттілік одан жалған мақсат көздеп едім
деп қорытындылаңыз.
10. Өзіңіздің толық жетілмегендігіңізді
сездіретін адамдармен тауласуға бірге жүруге тырыспаңыз. Егер сізге
ол адамдарды немесе өзіңізді соларша өзгерту қолыңыздан келмесе ,
ең қолайлысы олардан бұрылып кету. Өмір өте қысқа өкінішке уақыт
кетіріп отыратын уақыт аз.
11. Өзіңізбен өзіңіз қалып өзіңізгне ұнайтын
жүрегіңізден шығатын іспен айналысуыңыз, өзіңіздің ойларыңызды
тыңдаңыз. Осы жағдайларда ған сіз өзіңізді түсіне
аласыз.
12. Қарым-қатынасқа байланысты жаттығыңыз.
Сіздің ағаларыңыз бен апаларыңызды ойлаңыз. Сіз олардан қандай
көмек сұрар едіңіз оларға сіз неден көмегіңізді берер
едіңіз.
Сіз өзіңізді өзгелерге ашық адам екеніңізді
сездіріңіз.
13. Өзіңіздің «меніңізді» қорғаштай бермеңіз.
Ол сіз ойлағаннан да берік әрі икемді. Ол жарақаттанғанмен
сынбайды, оданда ол аз да болса соққы алсын әрекетсіз оқшаулана
бергеннен.
14. Алыс бірнеше мақсат қойыңыз алдыңызға оған
жетуге уақ мақсаттар аралық әрекеттер болуы керек. Ойластырыңыз осы
аралық мақсаттарға жету үшін қандай құралдар қажет. әрбір сәтті
қадамыңызды көңілден шығармаңыз. Өзіңізді маққта, қолдап ,
қолпаштап отыруды ұмытпаңыз.
15.Сіз- енжар обьект емессіз, барлық
сәтсіздіктерге төзе беретін.
Сіз- эволюциялық пирамиданың
биігісіз.
Сіз- ата-анаңыз үміт күткен
болашығысыз.
Егер сіз өзіңіздің күшіңізге сенетін болсаңыз
, қолыңыздан барлығы да келеді.
Соған
сеніңіз.