Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жетістікке жету өз қолыңда (тренинг)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жетістікке жету өз қолыңда!»(психологиялық ахуал қалыптастыру тренингі)
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
Көрнекілік: муль слайд, әуендер, плакат, желім, түрлі - түсті қима қағаздар, маталар, акварель,
Жоспары:
1.Амандасу: «Сәлем, сөздің анасы» түстес түстер сәлемі
2. Топтық тапсырма (Мамандықтар туралы)
3. «Менің мінезім»
4. Сергіту сәті» Бұғы
5. «Мұғалім таңбасы»
6. Сұрақтар
7. Ертегі, әңгіме құрастыру.
8. «Әріптестер алға, қанаттарың талма» әнімен қорытындылау
Жүргізуші: 1.Қайырлы күн құрметті қатысушылар және әріптестер!
Ұйымдастыру.
Психолог: Құрметті ұстаздар өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. ЖЕТІСТІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Жетістікке жетудің екі жолы бар: өз ақылыңды пайдалану және басқалардың ақылынан пайдалану. Ле БРУЙЕР
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР
– Алдыңа мақсат қою
– Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену
– Әр іске дайын болу
– Адымыңды анық басу
– Алға ұмтылу
– Қорықпау, күмәнданбау
– Жаңашыл болу
– Басқалармен кеңесу
– Жетістіктеріңнің қайдан келуін ұмытпау
Адамның көңіл күйі сергек болса, айналасындағы болып жатқан өзгерістерді жақсы оймен қабылдайды демекші, қазіргі уақыттағы көңіл күйлеріңіз қалай? Екі қолыңызды жоғары көтеріп 3 рет шапалақтап көңіл –күйімізді білдіріп қоялық.
Жүргізуші: «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алайық.
Қатысушылардың орындықтарының арқасында жасыл, сары, қызыл, көк, ақ түсті қағаздар ілінеді.Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады.
1 қатар -(көк түстілер) Сәлем! деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады
2 қатар-(сары түстілер) Нai- деп оң қолдарын көтеріп амандасады
3 қатар- (қызыл түстілер) қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді.
4 қатар –(ақ түстілер) бір –бірімен қол алысып амандасады
Жалпы мұғалім деген мамандық сегіз қырлы бір сырлы болып келеді ғой. демек мұғалім психолог, актер, ақын, суретші т.б
Келесі тренинг бойынша әр топтан бір қатысушы келіп, мына ортадағы қима қағаздардың біреуін алып топтық тапсырма орындау тапсырылады.
Сіздердің қолдарыңызға: 1-Журналистер, 2-Актерлер, 3-Суретшілер
4-Дизайнерлер, Ақындар- деп жазылған қима қағаздар берілген болатын. Осы суреттер бойынша ортаға шығып топтасады.Тапсырмалары беріледі.
(әр топ мамандықтарына сай топтасып, орындықтарға жайғасады)
Естеріңізге салатын жайт:
Тапсырма уақыты шектеулі. Ұжымдасып ойлануға 5 минут, орындауға 3минут
1. Дизайнерлер тобы Киім пішу дизайнер мамандығына тапсырма. Қазіргі заманға сай «Жаңа форматтағы мұғалім киімі» үлгісін ұсыну. Керекті құралдар: плакат, қайшы,түрлі- түсті қағаздар,маталар, лента,скоч, клей, , маркер т.б ұсынғалы отырған үлгіге ат қояды, қорғайды.
Жүргізуші: Рахмет. Он саусағынан өнер тамған, шеберлерге қошемет!
2.«Актер шеберлігі» мамандығына тапсырма.
Бұл көрініске 5 адам қатысады. Берілген тапсырманы іс – қимылмен көрсету қажет. Төрт адам төрт түрлі іс әрекет жасайды. Бір адам таңдаушы болады.
1-ші қатысушының тапсырмасы: Далада жаңбыр жауып тұр.Балкондағы немесе ауладағы жайылып тұрған кірді жинау сәтінен көрініс көрсету
2-ші қатысушының тапсырмасы: Сыртқы есіктің қоңырауы соғылды.Есікті ашу көрінісін көрсету.
3- ші қатысушы тапсырмасы: Баланың мазасызданып жылағаны
4- ші қатысушы тапсырмасы: Үйдегі құбырдан су кетіп жатырғандағы
Қатысушылар осы көріністерді рөлде сомдап шапшандықпен көрсету керек.
5- ші қатысушыға сұрақ. Осы жағдайда сіз бірінші болып қайсысына барар едіңіз? Таңдауы бойынша ретімен айтады.
Кірді жинау –Отбасында қаржы мәселесін жақсы шешеді екенсіз. Қаржы министрі болуға лайықсыз
Есікті ашу –дастарқаныңыз жиналмаған, есігіңіз құлыпталып жабылмаған достарыңыз көп, қонақжайлысыз
Баланың жылағаны – Отбасның ұйтқысы болып, бала тәрбиесінің бастауы бола білген асыл жанды - жансыз
Үйде су кетіп жатқаны – өз ісінің білгір маманы бола білген, еңбекқор жансыз
Жүргізуші: Сіз бірінші орынға -------------- қояды екенсіз.Рақмет.Бүгінгі сахнада рөлдерді тамаша сомдаған актерлерге қошемет.
3. Журналистика» мамандығына тапсырма.
«Жахандық бинго» ойыны. Журналистер залдағы көрермендерден сұхбат алу керек. Осы парақшаның бірнешесін алып, сұхбат алып толтырады. Бір сұхбат алған адамнан екінші адам алмауы керек. Мысалы: Жайдары.Қай журналист көп сұхбат алады, жеңімпаз
1.Осы жазда қайда бардыңыз? 1Железноводск, 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
2. Немен бардыңыз? 1 Ұшақпен, 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
3.Не ерекше есіңізде қалды? 1 Табиғаты, 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
4.Кіммен бардыңыз? 1 Баламмен, 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
Сіз отырған қатысушылармен тығыз байланыста жұмыс жасап,қарқынды түрде ақпарат жинақтап, өзіңіздің білікті маман екеніңізді көрсете білдіңіз. Сіз «Ең үздік» журналист атағына ие болдыңыз. Қошеметтеп қоялық.
4. «Ақын- айтыс» бөліміне өлеңдер ұйқасы беріледі. Залдағы көрермендер ән орындап жатқанда осы тапсырманы орындау керек
1.—————————————- жүреміз
—————————————- білеміз.
—————————————- көреміз
—————————————- тілеңіз.
2.—————————————- ғаламның
—————————————- адамнаң
—————————————- жаралдың
—————————————- жалғадың
3.
—————————————- халықсыздар!
—————————————- алыпсыздар.
—————————————- сыйлаған
—————————————- жарықсыздар.
4.«Сурет майлы бояу» мамандығы: осы шақтағы көңіл күйіңізді – табиғатпен бейнелеу.
«Менің мінезім»
Мақсаты: Адам бойындағы қасиеттер мен мінездерін айқындау
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі. Әр бөлікке жақсы көретін жануар,аң, құс аттарын жазып шығады. Енді 1- ші бөлікке үйде, 2-ші жұмыста, 3-ші жолдастарымның арасында, 4-ші өзіндік баға. Үйде , Жұмыста, Жолдастарының арасында, Өзіндік баға Тапсырма орындалып болған соң психолог жеке-жеке түсінік беріп шығады. Түйе- шыдамды, ат – жылқы тектілік, сиыр – өкпелегіш, қой – жайдарлылық, ешкі – ұйымдастырушлық, ит – адалдық, мысық – би өрісі басым адамдар, тауық – шығармашылықпен айналысады, үйрек, қаз – ұқыптылық пен тазлық, үкі, байғұз – сақтық, қарлығаш – бауырмал, ақ көгершін, аққу – сезімді жоғары бағалайтындар, ыртқыш аңдар – қайратты, жігерлі адам- түлкі – бейімделгіш, жыртқыш құстар – сұсты адам, балық – еркіндікті қалайды, сайрайтын құстар – әнді жақсы көретіндер, елік, киік, тауешкі – талғамы жоғары адамдар, маймыл – әртістік қабілеті, жылан – салқынқандылықты, тасбақа – мейірімді, тиін, қоян – елгезектік, қырғауыл – күйгелек, наурызек – сергек, |
Релакция «Сергіту сәті» Бұғы
Мақсаты: Өмірде кездесетін қиындықтар мен сәтсіздіктерге мойымау, шүкіршілік ете білу.
«Мұғалім таңбасы»
• Келесі жаттығуды ойдағыдай жасап көрсек сіздің позитивті бейнеңіз «мұғалім таңбасынан» байқалады.
• Әр топқа ақ парақ және пиктограммалар таратылады (күн, кемпірқосақ, «жедел жәрдем»,жүрек, қолшатыр, магнитофон). Осылардың ішінде тек қана үш пиктограмманы пайдалана отырып ақ параққа «мұғалім таңбасын» жасап шығу қажет. Үш топ үш таңба жасап шығады және де әр топ өз таңбасын ұсынады.
• Кері байланыс сұрақтары :
• Жұмыс барысында қандай сезімде болдыңыз?
• Жұмысыңызға көңіліңіз толды ма?
• Таңбаңызға қарап тұрғанда қандай ой туады?
Сұрақтар:
І-топ
1.Сіз мектеп директорының орынбасарысың, қарауыңдағы 3 мұғалім қоңырау соғылғаннан кейін сабаққа кешігіп келді.Сіздің іс-әрекетіңіз?
2.Сіз бірлестік жетекшісісіз, бірлестігіңіздегі мұғалімдер берілген тапсырманы дер кезінде орындамады, сізге директор шұғыл түрде тапсырманы орындауға бұйрық берді, не істер едіңіз?
3.Сіз мектеп директорысыз, қабылдауыңызда бір мұғалім отыр, үстіңізден есік қақпастан екінші мұғалім кіріп келді.Осы іс-әрекетке қандай сипат берер едіңіз?
4.Сіз сабақ өткізіп жатырсыз.Сабақ үстінде бір мұғалім рұқсатсыз кіріп, кешірім сұрамастан хабарландыру айтып, оқушыларға зілді сөйлеп кетті.Сіздің көзқарасыңыз?
ІІ-топ
5.Жас маман мектепке келді.Сіз оған тәлімгер болып тағайындалдыңыз.Оның құжат толтырмақ түгілі, сабақ беруден тәжірибесі аз.Ең алғашқы көмегіңіз?
6.Ұжымда жас ерекшеліктері әр түрлі мұғалімдер бар.Ұжымда сыйластық пен достық қарым-қатынас орнату үшін қандай іс-шараларды көбірек өткізген дұрыс деп ойлайсыз?
7.Сіз өз ұжымыңыздағы бір педагогтің педагогтік іс-әрекетке жатпайтын олқы қылығының куәгері болдыңыз.Не істер едіңіз? (Дұрыс кеңес бересіз бе, немқұрайлы қарайсыз ба?)
8.Әріптесіңіз отбасы жағдайына немесе денсаулығына байланысты 1-2 күн жұмысты алмастыра тұруын өтінді. Келісесіз бе? Келіспеген жағдайда неліктен?
ІІІ-топ
9.Адамда бәрі де әдемі болуы керек:«Ақылы да, ойы да, келбеті де, әдебі де, мінез-құлқы да, киген киімі де, жүріс-тұрысы да». Осы туралы не айтар едіңіз?
10.Сіз 1-ші сабаққа ұйықтап қалдыңыз, әрине жұмысқа кешіктіңіз, оқушылардың алдына қалай кіресіз?
11.Сіз журнал толтырар алдында журнал толтырар алдында журнал толтыру ережесімен толық танысасыз ба?Сіз қалай толтырасыз? Бұл жөнінде бірінші кімнен көмек сұрайсыз?
12.Сіз тәжірибеңіз мол мұғалімсіз, сізден әріптесіңіз әдістемелік көмек сұрады.Көмектесе аласыз ба?
ІҮ-топ
13.Сіздің тәжірибеңіз мол болғанымен , өз тәжірибеңізде кездеспеген қиын сауал кездесті. Кімнен, қайдан көмек аласыз?
14.Сіздің ойыңызша мектепте «қиын» мұғалім бар ма?
15.Біздің ұжым ұйымшыл да тату ұжым қатарына жата ма? «Иә» деген жағдайда дәлелдеңіз, «жоқ» деген жағдайда қандай кеңес берер едіңіз?
Ертегі, әңгіме құрастыру.
Әр қатысушы топтан өздеріне тиесілі жеке 5
заттан шығарады. Әр топ жиналған заттарын ортаға қояды.
Енді сол заттарды шығарып әңгіме құрастырамыз, я
болмаса ертегі, шағын әңгіме, өлең құрастырамыз.
Қорытынды бөлім: «Әріптестер алға, қанаттарың талма» әні
Көбейсінші білім құмар шәкіртіміз,
Жақсылықпен арта берсін әр күніміз.
Қуанышты сәттеріміз көп болсыншы
Әріптестер, шәкірттер.
Қайырмасы:
Ұстаздар боп бас қосамыз бәрімізде,
Таусылмасын айтар талай әнімізде
Әріптестер алға, қанаттарың талма,
Биіктерге, биіктерге самғаймыз.
Ұстаз болу жүректердің батырлығы
Ұстаз болу сезімдердің ақындығы
Анасындай – шәкірттерге жақындығы
Әріптестер, ұстаздар.
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар. Жетер жетістіктеріңіз көп болсын!Бүгінгі сергіту ұнаса бас бармақтарыңызбен көрсетіңіздер.
Қатысып, қошеметтеп, қолдап отырғандарыңызға Рақмет!