400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жетістікке жету өз қолыңда!» тренингі 9-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жетістікке жету өз қолыңда!» тренинг Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, жетістікке жету өзінің қолында екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жетістікке жету өз қолыңда!» тренинг

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, жетістікке жету өзінің қолында екенін түсіндіру.

Міндеті:

  • Өзіндік сенімі болуға баулу.

  • Өзіндік бағалауын анықтау.

  • Стресті жеңуге жол көрсету

  • Оқушыларға ҰБТ-ті сенімді тапсыруға дайындау.

Қолданылған құрал-жабдықтар: ақ қағаз, түрлі түсті қалам, стикер.

Тренингтің барысы:

Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болшақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат,  міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айытпақшы «Талаптыға нұр жауар! » деген емес пе? Бақтарың жансын.

Тренингтің кезеңдері.

Амандасу рәсімі.

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас жасауын жақсарту.

Шарты: қатысушылар ортаға шығып дөңгеленіп тұрады, қағаздар таратылады. Ол қағаздың ішінде әр тілде амандасу үлгілері бар, сол халықтың қимылын жасап амандасады. Қатысушылар өздерін емін-еркін ұстап амандасады.

«Сиқырлы қалам» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың сезімдерін сыртқа шығару.

Жүргізілу барысы: Оқушылар алдын ала топтарға бөлінеді. Ақ қағазадар,түрлі түсті қаламдар таратылады. Әр оқушы өзіне ұнаған түсін таңдап алады. Сол қаламды ойын соңына дейін пайдаланады. Ең алдымен көздерін жұмып, ақ қағазға шимай салынады. Сол салынған қағазды көршісіне береді. Сағат тілімен айналып, жалғасып суреттер салына береді. Өзі салған шимайына өзіне қайтадан келмейінше сурет салады. Содан кейін өзі бастап сол суретке қарап ертегісін бастайды. Ертегісі өзіне келгенше сөйлем жазады. Ертегісі өзіне келгеннен кейін басқа жазған оқушылардағы сөйлемдерін теріп алады. Ертегі құрастырылады. Әр оқушы өзінің ертегісін оқиды.

«Жетістікке жету өз қолыңда» видео көрсету. Видеоны қарап ой бөлісу топта талқылау жасау.

«Қар атысу» жаттығуы

Оқушыларға бір-бірден парақшалар таратылады. Сол парақшаны жаймен шетінен мыжа бастайды. Оны умаждап екі топ бір-біріне лақтырады. Бойындағы стрессті осылай шығарып тастау керек. Қай топ көп қар жинаса, сол топ жеңіледі.

«Жүректен жүрекке» тілек жазу

Оқушылар қасындағы көршісіне ҰБТ-ға сәттілік тілеп жылы лебіздерін білдіреді.



Хаттама

Күні:

Тақырыбы: «Жетістікке жету өз қолыңда!» тренинг

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, жетістікке жету өзінің қолында екенін түсіндіру.

Контигент: 9,11 сынып

Құрал-жабдықтар: ақ қағаз, түрлі түсті қалам, стикер т.б.

Жүргізілу барысы:


9,11 сынып оқушыларына «Жетістікке жету өз қолыңда!» тренингі жүргізілді. Тренингтің мақсаты түсіндірілді.


Амандасу рәсімі.

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас жасауын жақсарту.

Шарты: қатысушылар ортаға шығып дөңгеленіп тұрады, қағаздар таратылады. Ол қағаздың ішінде әр тілде амандасу үлгілері бар, сол халықтың қимылын жасап амандасады. Қатысушылар өздерін емін-еркін ұстап амандасады.


«Сиқырлы қалам» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың сезімдерін сыртқа шығару.


«Жетістікке жету өз қолыңда» видео көрсетілді. Видеоны қарап ой бөлісу топта талқылау жасалды. Жетістік дегенді қалай түсінесіздер, жетістікке жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап берді.

«Қар атысу» жаттығуы

Оқушыларға бір-бірден парақшалар таратылады. Сол парақшаны жаймен шетінен мыжа бастайды. Оны умаждап екі топ бір-біріне лақтырып, бойларындағы стрессті осылай шығарып тастайды.. Қай топ көп қар жинаса, сол топ жеңіледі.


«Жүректен жүрекке» тілек жазу

Оқушылар қасындағы көршісіне ҰБТ-ға сәттілік тілеп жылы лебіздерін білдірді.




Ұсыныс: Оқушылармен емтихан кезінде әрдайым өз-өздеріне сенімді болуларына ықпалдық жасап жұмыстану













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.12.2023
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі