400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жетістікке жетудің 10 алтын қағидасы

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қагида ӨМІРІҢДІ ДҰРЫС ӨРДІҢ БЕ? Адам өмірі де өріледі. Бipaқ кейде адамдар сол өмір өрімін дұрыс өре алмай дал болады. Ал өре алғандар жетістік тұғырынан көрініп жатады. Кұмыраның ішіне әуелі үлкен тастарды толтырып, одан кейін үстіне ұсак, тастарды, оның үстіне қүм және ең соңынан су қүйсаң, осыншама заттың бәрін сыйдыра алар едік. Егер үлкен тастарды ең бірінші салмаганда, ол сыймай қалатын еді. Сен де, ей жас, өз өміріңнің үлкен тастарын ең бірінші және қалғандарын рет-ретімен қоя алдың ба? Әлде, су мен құмды бірінші толтырып, тастар сыртта қалып қойып жүр ме? Өмір өрімдерін дұрыс өре алдың ба?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетістікке жетудің 10 алтын қағидасы


1. Қагида ӨМІРІҢДІ ДҰРЫС ӨРДІҢ БЕ?

Адам өмірі де өріледі. Бipaқ кейде адамдар сол өмір өрімін дұрыс өре алмай дал болады. Ал өре алғандар жетістік тұғырынан көрініп жатады. Кұмыраның ішіне әуелі үлкен тастарды толтырып, одан кейін үстіне ұсак, тастарды, оның үстіне қүм және ең соңынан су қүйсаң, осыншама заттың бәрін сыйдыра алар едік. Егер үлкен тастарды ең бірінші салмаганда, ол сыймай қалатын еді. Сен де, ей жас, өз өміріңнің үлкен тастарын ең бірінші және қалғандарын рет-ретімен қоя алдың ба? Әлде, су мен құмды бірінші толтырып, тастар сыртта қалып қойып жүр ме? Өмір өрімдерін дұрыс өре алдың ба?

2. Қагида

МЕЙІРІМІҢДІ ТӨКТІҢ БЕ?

Мейірім болмағанда бұл дүние астан-кестен болар еді-ау. Катыгез ұрыстар мен сұмпайы соғыстар осындай мейірімсіздіктің жемісі емес пе?! Отбасында титімдей мейірімсіздіктің өзі кикілжіңдер тудырады. Ал мейірімсіз болып-aқ дүниеде жетістікке қол жеткізем деу мүмкін емес. Сәл ойланып қарашы, тас жүректер әлемді жаулап алса, адамдар арасында мейірбандық таусылса, сен жақсы көретін және сені жақсы көретін ешкімің болмаса, бұл өмірде ғұмыр кешудің нендей маңызы қалды?

Бала деген — періште. Адамда сондай мейірім күлкісі болса ғой, шіркін! Сонда жетістікке бір өзі емес, күллі адамзат жететін еді. Оған мына бір мысал дәлел бола алар еді. Көшеде жүгіріп бара жатқан кішкентай бір бала егде тартқан бір кісіге күлімсіреп, мейірлене қарайды. Сол сәт бала күлкісіне тәнті болған кісінің,есіне досыньң балалы болғаны түсіп, оның үйіне барады. Мұндай қуанышта ортақтасудың адамға үлкен әсер беретінін жете түсінген досы да алыстағы бір танысының туған күнін қүттықтап поштамен ақша салып жібереді. Көптен ақшасы болмай жүрген бұл адам поштадан шыға берісте тіленген бір адамды көреді де, оның жағдайын сезініп, алған ақшасынан біраз тастап кетеді. Екі күн бойы нәр татпаған бұл бейшара дүкенге бара жатып, жолда жапырақ астында ыңырсып жатқан бір итті басып кетеді де, оған жаны ашып қасына ертіп алады. Иттің де қарны тояды, әрі өзіне ие табылғанына куанады. Түнге қарай көрші пәтерлердің бірінде өрт лаулай жөнеледі. Оны ең бірінші болып сезген де ит болады. Артынша бейшара адам оянады, ол калған жұртты оятады. Осылайша каншама адам өлім аузынан құтылады. Бұл — ең бастағы кішкентай баланың бір ғана мейірім күлкісінің нәтижелері еді.

3. Қағида

ҚОЛЫҢ АШЫҚ ПА?

Өмірде мұқтаждык, көру — ең ауыр азап. Шын мәнінде, адамдардың бәрі мұктаждық халінде. Ибрахим Бин Етхем деген әулие кісі бай адамның жомарттың танытып берген бір қобдиша алтынын алмай койыпты. Оны кері кайтарып тұрып былай депті: «Өзіңе осынша алтын керек пе?». Ол: «Әрине, керек», - дейді. Сонда: «Сен мұқтаж екенсін, ғой, өзің ала ғой», - деген екен.

Тек Жаратушы ғана еш нәрсеге мұқтаж емес. Сондыктан мұқтаж адамдарды ойлайтын жомарт адамдар Аллаға бір табан жакьін келеді. Аллаға жакың адамдар қалай ғана жетістіктен алыс қалсын. С.Сарайи де былай дейді: «Жомарт қол — жаннатқа жетелейді». Осы сырды ұға алғандар еріксіз табыстарға жетеді. «Садақа — пәле-жаладан аман сактайды», - дейді халкьмыз. Бүгін бай адам ертең кедей болар. Бүгін тоқ болған ертең аш қалар. Бүгін таршылық келсе, ертең кеңшілік туар. Немесе бәрі керісінше. Ә.Науаи сараң мен жомарттың ара жігін былайша ашып түсіндіреді: «Capaң— пайғамбардың жиені болса да пейішке бармайды, жомарт — қүлдың, баласы болса да тозаққа бармайды». Демек, қолыңда бар екен беріп қал, ертең басыңа күн туа қалса, саған да ' беретіндер табылсын.

4. Қағида

КЕҢЕСТІҢ БЕ?

Басқалармен кеңесу, олардан ақыл алу өз-өзіңе деген сенімсіздік емес, керісінше өзіңді сенімді ұстаудың бір жолы. Сені жетістік тұғырына шығаратын да осы жол. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» демей ме халкымыз. Кісі бәрін біле бермейді. Сенен бұрын мыңдаған адамның жүріп қойған жолы бар. Сен енді бармақ болған жерлерді олар кезінде кезіп, тауысып койған. Сондықтан олар көпті көргендер әрі көпті білетіндер. Оларға құлақ салу адамға опық жегізбейді. Кеңесудін, мәні мен маңызы да осында жатыр. Өзгелердің ақыл-ойынан, тәжірибесінен, білімінен, біліктілігінен, пікірінен және мақсат-мұратынан өз өміріңде пайдалана алсақ, олар соқтыққан тау-тастан, қиналған жолдан айналып өтесің.

Бәрінен бұрын кеңес алатын адамды дұрыс тандай білген дұрыс. Караңғыда жоғалған бір затты май шаммен іздеген қандай, электр жарығымен іздеген қандай?! Кеңесетін адамды дұрыс таңдамағаның — жоғалғаныңды май шаммен іздегенің. Өйткені май шамнан алынатын жарық жеткіліксіз. Сен қараңғылық тұсыңды жап-жарық қылатын куатты электр шамындай адамға мұқтажсың.

5. Қагида

ӘР СӘТІҢДІ ПАЙДАЛАНДЫҢ БА?

Әйгілі суретші Доменишино сурет салуды бастағанда бірнеше апта бойы түк істемейді екен. Тапсырыс берушінің бірі бұл жағдайды біліп қойып, «Өңімсіз жұмыс істейсің, жай әрекет етесің», - деп ұрыскан көрінеді. Сонда былай жауап қайырыпты: «Мен әр сәтімді бос өткізбеймін. Ал қазір суретті мен миымда салудамын». Ол бірнеше апта бойы берілген тапсырысты миында қорытып, сызып, пішіп, оның үлгісін жасайды. Бар жігерімен өзін суретке беріп, өмірінің осы бір сәттерінде баска еш нәрсеге көңіл аудармайды, тек суретпен ғана айналысады. Нәтижесінде аз ғана уақыт ішінде бүкіл жұрттың назарын өзіне аударған керемет туындыны өмірге әкеледі. Демек, әр сәтті белгілеген максатқа жұмсаған кезде үлкен жетістіктер өздігінен келеді екен. Өміріміздің әрбір сәті осылай мақсатымыздың түсіне боялып жатса қандай игі болар еді.

6. Қагида

КІШІРЕЙДІҢ БЕ?

Шәугім мен кесе мысалын білуші ме едік? Шәугімнің кейпі паң, өр көкірек, ал кесенің кейпі ұяң, кішіпейіл. Солай бола тұрғанмен шәугім кесенін, алдында иіліп кішіреймей ме? Адамдар да шәугімді емес, кесені мандайынан сүймей ме? Ендеше, кесе сиякты басқалар өзіңе кішірей-етіндей, сені мандайынан сүйетіндей кішіпейіл бол! Бос көкіректікпен жетістікке жете алмайсың. Ұлык, болғың келсе, кішік бола білу керек-aқ. Ис­лам әлемінің үшінші халипасы Әзіреті Омар жұрт алдында сөз сөйлеп тұрып өзінен-өзі: «Ей, Омар! Сен кеше ғана Хаттаптың түйелерін бағушы едің ғой, білесің бе?», - деп мінберден түсіп кеткен екен. Бұған аң-таң болған жұрт «Мұның не?», - деп сұрамай ма. Сондағы берген жауабы мынадай болыпты: «Аяқ астынан халипа екенім есіме түсіп, ішіме мактаншакдық сезім ұялады. Бұған шыдай алмадым». Міне, бұдан асқан кішілік болар ма? Оның халипа болуы да осы кішілігінде жатса керек.

Заңғар таулар алыптыкты, кең дала дарқандықты, теңіздер шексіздікті бейнелейді. Бірак, олардың ешкайсысында даңғойлык пен мақтаншактыктың титімдей де болсын нышаны байқалмайды. Өйткені табиғат жаратылысында әр нәрсенің, өз міндеттері бар және оны олар еш уакыт ұмытпайды. Мысалы, Күн өз қимылын ұмытпай, одан еш жанылыспайды. Тек адам баласы ғана өзінің бұл дүниедегі міндетін ұмытып кетеді екен. Содан ол жүрер жолын шатастырған. Шіркін-ай, адамдар күн сиякты барша ғаламға жарык, шашса да, кішірейген күйінен танбаса.

7. Қагида

ЖАМАН ӘДЕТІҢДІ ТАСТАДЫҢ БА?

Бір әйел сиыры бұзаулағанда бала босанғандай куанып, бұзауын құшағынан жазбапты. Қайда барса құшақтап алып жүреді екен. Бұл оның әдетіне айналыпты. Бұзау кейін тана, өсе келе өгіз болса да әлгі әйел оны құшағынан түсірмепті.

Әдет адамға бірден енгізбейді. Ол ақырын-ак,ырын бойлай кіреді. Алғашқыда жаңағы бұзау сияқты сүйкімді болып өзіңе ұнайды. Осылайша алғашқы қадамын жасап үлгереді. Уақыт оза қадамдарын нығайтып, бойымызға бекем орнығып алады. Тіпті оған кабак шыта алмайтын күйге түсесің.

Шынымен, айналамызға бір көз салар болсак,, жоғарыдағы мысалда айтылғандай құшағында өгіздері бар қаншама адамды көреміз. Кезінде оларға «Оны койныңа алма» деп кімдер айтпады дейсің. Сонда олар «Не қылады дейсің, кішкентай ғана бұзау ғой», - демеді емес пе?

Әрине, әдеттердің жақсысы да, жаманы да болады. Жетістікке жетеміне деушілер жақсысын өзіне дос, жаманын дүшпан етеді. Өйткені, жаман әдеттің маңына жоласаң, ез дұшпандарыңды өзің тәрбиелеген болып шығасың.

8. Қагида

СЫР САҚТАДЫҢ БА?

Адамның жан дүниесі сырға толы. Ол оны өзі ғана біледі, басқа ешкімге айтпайды. Сондықтан сыр сақталады. Кейбіреулер сырды екіге бөледі: сақтауға болатыны, айтуға болатыны. Бұл дұрыс емес. Егер ол сыр болса, айтылмауға тиіс, өйткені айтылған сәтінде ол сыр болудан қалады. Екі кісінің білген нәрсесі сыр емес. Мүмкін, сырыңды ашқың келетін сырлас іздейтін шығарсың. Не болмаса енді бұны сыр қылып сақтаудың мағынасы жок, деп ойлайтын шығарсың. Қалай болғанмен сенің ерік-жігерің сыр теңірегінде болаттай берік болуға тиіс. Өйткені жетістікке жетуде сыр сақтаудың маңызы өте ерекше. Сенің өз құпия жоспарларың, әдістерің, тәсілдерің болады. Мысалы, атты баптаудың жаңа бір тәсілін біліп және оны сыр қылып сактамасаң, бәйгеде бірінші келе алмайсың. Оза шауып, бәйге алу үшін ол сырыңнан тіс жармауға тиіссің.

9. Қагида

ӨЗ ОРНЫҢА ЛАЙЫҚСЫҢ БА?

Әркімнің қоғамда алатын өз орны бар. Ол бұған өз еңбегімен жетеді. Баск,аша айтқанда жетістігіңнің наркы қоғамдык өмірде байқалады. Кім нендей нәрсеге лайык болса, одан артығын таласып, тартысып ала алмайды. Өйткені бағаны беретін де, сені ол бағаға лайық көретін де — коғам, халық. Егер қате бағаланғаныңды ойласаң, оны бұдан кейінгі оң іс-әрекеттеріңмен түзеуіңе болады. Бірак, Әзіреті Гейланидің шәкіртіндей әрекет етсең, ұятқа қаласың.

Бір күні асханада жұмыс істеуге лайық көрілген Гейланидің бір шәкірті асқабақ турап тұрып жаман ойға қалады: «Ұстазым мен десе бірдеңесі бар, баска шәкірттеріне лайық көргенін маған лайық көрмейді. Шын мәнінде, мен олардан да жоғарымын». Сол сәт Үндістанның үкімет адамдарының Әзіретке келгенін естиді. Бұл бір елес еді. Келгендер өздеріне үкімет басшысын тағайындауын сұрай келіпті. Олармен қол алысқан Гейлани жаңағы шәкіртін шақырып алып: «Сен Үндістанға үкімет басшысы болып барасың ба? Мен сені ол жерге жіберемін, егер тапқан табысыңның жартысын маған беріп отыратын болсаң», - депті. Шәкірті мақұлдай кетіпті.

Арада бірнеше жыл өтеді. Шектен тыс байыған шәкіртіне Әзірет келіп, байлығының, жартысын сұрапты. Сонда берген сөзін ұмытқан шәкірті семсерін суырып алып, ұстазына жұмсаған екен. Семсер оның денесін тесіп өтіп, қатты бір нәрсеге тіреліпті. Қараса асқабаққа қадалған пышағы мәрмәр үстелге барып тиген екен. Сол-ак, екен Әзірет Гейлани ас бөлмесіне еніп, былай дейді: «Ей, шәкіртім! Біз әркімге лайык, болған өз орнын бердік. Сен қазір лайык, болған орындасың. Сен мұны білмеуші едің, біз оны саған білдірдік». Шәкірті ұяттан өртенердей болып, кірерге жер таппаған екен.

10. Қагида

НӘПСІҢДІ ТЫЙДЫҢ БА?

Әр адамның, ішінде «Мен» жатады. Бұл «Мен» адамды жетегінде ұстап, оны оңға да, солға да жұмсайды. Гәптің бәрі осында жатқан сиякты. «Мен» сені емес, сен «Менді» жұмсауға тиіссің. Ал «Мен» дегеніміз — адамнын, құлкы, нәпсісі. Міне, жетістікке жетудің ең бір үлкен жолы — осы нәпсіні тыю. Құлкының құлы болған адам нендей жетістіктерге жете алсын? Ол тек нәпсімен әуре, құлқыңын ғана тойдырады. Егер нәпсі ауыздықталса, алға қойылған мақсатпен толық айналысуға мүмкіндік туар еді.

Нәпсі адамның, ішіндегі құрт сиякты, оны жеп бітіреді. Көрген нәпсісіне көңілі құлазыған, жаны қалаған, іші құмартқан, сезімі ынтыққан адам дер кезінде осы құлқынына тойтарыс бере алмаса, соның құрбаны болып кете барады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) соғыстан кейін сахабаларына: «Біздер енді кіші соғысты бітіріп, үлкен соғыска бет бұрдык,», - деген екен.

Демек, адамның, өз құлкынымен соғысуы дұшпанымен соғысудан әлдекайда үлкен әрі киын. Ал оған төтеп бере алатындар сөзсіз жетістікке жетеді, қисыктығы түзеледі. Ю.Баласағүни бабамыз былай демей ме: «Құмарлыктан арылсаң — қисык бойың түзелер».














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
875
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі