Материалдар / "Жетістіктер форумы" жыл қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттау

"Жетістіктер форумы" жыл қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әзірлеме жыл қорытындысы бойынша шығармашылық сайыс, пән олимпидалары, ғылыми жоба, өнер, спорт жеңімпаздарын марпаттау, ынталандыруда
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
5430
32 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Б атыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп – лицейі

директордың ғылыми – әдістемелік орынбасары

Мухтарова Гулдана Сарсенгалиевна


Жыл қорытындысына байланысты «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» жетістіктер форумы

Кеш бимен ашылады

Сахнада мерекелік шара жүргізушілері


1 –жүргізуші: Қайырлы кеш, ардақты ата-аналар, ұстаздар!

2 –жүргізуші: Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша дарынды оқушыларды дәріптейтін де кез келіп жетті. «Мектеп – оқушы – ата-ана» үштік одағының біріккен жұмысының «Дарынды ұрпақ – ел болашағы » жетістіктер форумына қош келдіңіздер!

3 – жүргізуші: Мектеп – білімнің темірқазығы. Жастарымыздың әлемдік, жаңа ғасыр талаптарына сай сапалы білім алуына жағдай жасалуда. Кез келген мемлекеттің әлемдік өркениеттен лайықты орын алуы - оның бәсекелестік қабілеті мен білімділігімен өлшенеді.

4 – жүргізуші:Біз мектепте  жан-жақты білім алып, жақсы оқыған жастарға қамқорлық жасауға тиіспіз. Себебі, дарынды жастар қоғам үшін көп пайда әкеледі. Біздің мектебімізде соның іші нде білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп, оқу жылының қорытындысы сарапталатын күнде республикалық, Халықаралық олимпиадалар мен турнирлерде білімімен мыңды жыққан олимпиада, ғылыми жарыстардың және өнер байқауларының жеңімпаздары мен өңіріміздің ғана емес, елі­міз­дің намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен дарын­ды оқушыларымызды құрметтеу жақсы дәстүрге айналды.        

1- жүргізуші: Бүгінгі құрмет тек қана талант иелеріне ғана емес, сонымен қатар олардың жетекші-мұғалімдеріне, жас таланттардың білім белестерін бағындыруға себепкер болған ата-аналарға да арналады. Олай болса, алғашқы сөз мектеп директорына беріледі.


2- жүргізуші Бұл күн-білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!

3 – жүргізуші: Бұл күн- өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні!

4- жүргізуші:Бұл күн- әр оқушының жұлдызы жарқыраған күні!

1- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн - Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары- олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары мен интеллектулдық сайыстардың жеңімпаздары дәріптелетін күн!

2 – жүргізуші:Біз - алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз

3- жүргізуші:Біз - ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз.

4- жүргізуші:Біз – ұшқыр ойлы да бай тәжірибелі ұстаздар ұжымынанбыз!

1 – жүргізуші: Біз - білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ата-ана мен ұстаз еңбегін тоғыстырамыз!

2- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн куәгерлерімен жеке –жеке танысатында кез келіп жеткен сияқты.Олар

3- жүргізуші:олимпиада жеңімпаздары,

4- жүргізуші: оқу озаттары

1- жүргізуші:интеллектуалды - шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары,

2-мәнерлеп оқу шеберлері,

1- жүргізуші:жас ғалымдар,

3 - жүргізуші: таланты педагогтер

4– жүргізуші: өз ісінің шеберлері

1- жүргізуші:өнер тарландары, спорт майталмандары, сыныптан тыс жұмыс көшбасшылары сайыстың қай қырынан да жұлдыз болып жарқырап көріне алады.

2- жүргізуші: Алдарыңызда шығармашыл тұлғалар, олардың саны біздің мектебімізде көп емес, бірақ қолдарынан бәрі келетін, қиын кезде арқа сүйеп, кез-келген сәтте сайыстан өз орнын алып бере алатын 5-7 сынып оқушылары.

3- жүргізуші: «Білімді ұрпақ – ел болашағы». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Енбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатынызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді.

4 – жүргізуші: Мектеп - киелі мекен. Онда жас ұрпаққа тек білім ғана беріліп қоймайды. Мұнда ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар тәрбиеленеді. Біздің еліміздің болашағы алғыр, ақылды жастардың қолында.

1 –жүргізуші: Ұлы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»,-деп ұрпағына өсиет қалдырған.

Жыл бойы мектеп оқушыларымен білім бәсекесіне түсіп, өте жақсы білім алғандарын дәлелдеп келген оқушыларды ортаға шақырамыз:

2– жүргізуші: Олар - оқу озаттар


Озат оқушыларымызды марапаттау үшін сөз оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.

Ән: Мектебім – Шұғыла тобы

3-жүргізуші: Біздің жастарымызға мақсаткерлік, болашаққа деген шүбәсіз сенім, мойымас жігер, кез-келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән.

  1. -жүргізуші: Сахнада ақылдылардың ақылдысы-әр түрлі ғылымдардың магистрлері-бүгінгі номинацияның ең биігі-«Олимпиада жұлдыздары».

І. Олимпиада жұлдыздары

Татар биі

1 – жүргізуші: Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.

  1. - Жүргізуші: білім- бақыт бастауы болса, ғылым- шығармашылық негізі. Өткен оқу жылы біздің мектеп үшін толағай табысқа толы жыл болды. Ғылыми жұмыстар сайысында облыстық ғана емес республикалық деңгейде оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көріне білді.Олар:

Жыл зерттеушілерін марапаттау үшін сөз кезегі қалалық білім бөлімінің әдіскері Дауешева Сындар Муратқызына беріледі.

«Махамбеттің термесі» Урманова Сымбат


3-жүргізуші:Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?

4-жүргізуші:Ата-бабаларымыздың қалдырған өсиетін ақтап, мұраларын сақтап, насихаттау жолында жүрген мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздарына да кезек келіп жетті. :……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады.



ІІ. Тіл жанашырлары


1- жүргізуші: Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек. Дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын интеллектісі жоғары логикалық ойлаудың патшаларын ортаға шақырайық.

2- жүргізуші: Сахнада интеллектуальдық ойындардың жеңімпаздары, :……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)


ІІІ. Интеллектуалды - Шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары


Жыл эрудиттерін марапаттау үшін сөз беріледі.

Арна тобы «Әсем» әнімен


3 – жүргізуші: Кез келген ел өз болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырса, біз өз болашағымызды өнер, спорт майталмандарымен байланыстырамыз.

  1. жүргізуші: Олай болса, халқымыздың өнерін жалғастырып жүрген өнер таланттарын ортаға шақырамыз.


1- жүргізуші: Иә,   Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, жүзінен нұры, жүрегінен шуағы төгіліп, әрбір іс-қимылынан өнеге өрбіген ұстаздар туралы көптеп айтуға болады.

Болашақ жеткіншектердің бойындағы қайталанбас, қанына біткен дарынын аша білген ұстаздарымыз аз емес. Десек бүгінгі құрмет,бүгінгі сый сіздерге арналады құрметті талантты тұлға тәрбиелеуші дарынды ұстаздар!

2 – жүргізуші:Олай болса ортаға талантты оқушылардың дарынды ұстаздарын шақырайық.

Олар: 1. республикалық ғылыми жоба, республикалық олимпиада, республикалық Акберен сайысының жеңімпаздарын дайындаған Гүлзихан үмбетқызы

2. республикалық олимпиада, республикалық Жарқын болашақ жүлдегерлерін дайындаған Ажкеева Гаухар Алтынбекқызы

3. республикалық олимпиада жүлдегерін дайындаған Ақмарал Аманжолқызы

4. халықаралық сайыстарда оқушылардың жеңіске жетуіне жетекшілік жасаған Алтынай мендибайқызы, Имангалиев Канат Кажиякпарұлы

5. облыстық орыс тілі пәнінен өткен сайыстарда оқушыларды дайыдаған Гулнар Кихмметқызы, Эльмира Бисенгалиқызы

6. ағылшын тілі пәнінен облыстық сайыстың жүлдегерін дайындаған Айдана төлегенқызы

7. облыстық, қалалық география пәні бойынша олимпиада интеллектуалдық сайыстардың жүлдегерлерін дайындаған Сағатова Гүлмира Жасуланқызы, Кайсағалиева Алтынгүл Ергенқызы

8. облыстық құқық пәні бойынша олимпиада жүлдегерін дайындаған шынар Октябрьқызы.

9. биология пәнінен өткен облыстық олимпиада, ғылыми жоба, қалалық интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздарының жетекшілері Алма Акбулатовна, Шынар Турсынғалиевна.

10. Математика, информатика, физика пәні бойынша өткен зияткерлік сайыс тар мен пән олимпиадалардың жүлдегерлерінің жетекшілері Мейрамгүл Талғатқызы, Айсауле Пазылқызы, Бибігүл Саматқызы, Толғанай Галлемқызы, Құралай Арманқызы.

Мектебіміздің бетке ұстар белсенділерін марапаттау үшін сөз   статистика департаменті бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы   Танабаева Альфия Какимжановнаға беріледі.

Ән: Андреева Анжелика Отаным

3 –жүргізуші: Мен айтар ем егер адамның жүрегінде ізгілік,мейірімділік сәулесі болса-ол мұғалім еңбегі.Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп,жүрегіне сіңіру үшін мұғалім қаншама тер төгеді десеңші!

4 – жүргізуші:Әрине адамды тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе.Сондықтан да ұстаздардың еңбегі ұлы еңбек.Білікті ұстаздан тәлім-тәрбие алған шәкірттердің алысқа шабары анық.Өз ісінің шеберлері номинациясымен кәсіби сайыстарда жүлделі орын алған ұстаздарымызды марапаттау үшін сөз кезегі БҚАТУ Қаржаубай беріледі. .

Олар: Таскарина Г.Ү. – облыстық Әдістемелік кешен сайысының ІІІ орын иегері

Ажкеева Г.А. - облыстық Әдістемелік кешен сайысының ІІІ орын иегері, облыстық сындарлы сабақ сайысының ІІІ орын иегері, облыстық педагогикалық оқулардың ІІІ орын иегері;

Құсайынова Л.С. - облыстық Әдістемелік кешен сайысының ІІІ орын иегері, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасының ІІІ орын иегері;

Мухтарова Г.С. - облыстық Әдістемелік кешен сайысының ІІІ орын иегері, облыстық педагогикалық оқулардың ІІІ орын иегері;

Каратаева Шынар Турсынгалиевна – облыстық биология пәні олимпиадасының ІІ орын иегері;қалалық педагогикалық оқулардың Алғыс хат иегері

Омарова Гулмира Нурымжанқызы – қалалық ағылшын тілі пән олимпиадасының ІІІ орын иегері;

Баймолдина А.А. – қалалық ХХІ ғасыр көшбасшысы эссе сайысы ІІ орын;

Имангалиев Канат Кажиякпарұлы - қалалық педагогикалық оқулардың ІІІ орын иегері

Киясова Нурсулу Садыковна - қалалық педагогикалық оқулардың ІІІ орын иегері

Сагатова Гүлмира Жасулановна – қалалық география пән олимпиадасы – ІІ орын.

Ән: Ұстазым менің Арна тобының орындауында

1 –жүргізуші:Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі зор. Ал, үйдегі тәрбие әрине ата-ананың арқасы. Ұлы Абайдың «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген қанатты қағидасын ескеретін болсақ, өнерлі де білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ата-ана мен ұстаз еңбегінің қатар жүретіні анық. Сондай мектебіміздің бір топ жанашыр ата-аналарды атап өтсек дейміз.

Жанашыр ата-ананы марапаттау мектеп директорын шақырамыз!

 

Олай болса құрметті ата-аналар құрметіне Шабыт би ансамблінің орындауындағы грузин биі.қабыл алыңыздар!

1 – жүргізуші: Оқу жылының қорытындысы бойынша жүлдегер оқушылардың жетістіктерін сараптай келе, комиссия Жыл оқушысын анықтаған болатын. (8 оқушының фотосы экраннан шығады. Ішінен жыл оқушысы тандалады.) Марапаттау үшін сөз мектеп директорына беріледі.

  1. - Жүргізуші: жыл қорытындысы бойынша оқушыларының республикалық әртүрлі сайыстардын қомақты жеңісі бар, өзі де кәсіби сайыстардың иегері болып табылатын жылдың үздік мұғаліміне лайық кім деп ойлайсыздар?

Анықтау үшін сахнаға Сындар Муратқызы шақырылады.

  1. – жүргізуші: Жас маман 2016 сайысының жеңімпазы, жаңашыл, талапты, ізденімпаз жас маман Аяпберегнұлы Ернұрды сахнаға шақырамыз.

4 - жүргізуші: Жақсы мұғалім маған әр уақыт қат,қымбат,өйткені,ол мектептің жүрегі деп ағартушы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай,мектеп үшін ең керегі жаңашыл,шығармашыл ұстаз.

1 – жүргізуші:Өз мамандығын сүйген ұстаз-қашанда әдіскер.Себебі мұғалім әрдайым ізденісте болғанда ғана шәкірт жүрегіне нұр құя алады.

2 – жүргізуші: Дұрыс айтасыз желге жүрсең ғана жеңіс туы желбірейді демей ме шәкірт үшін талмай еңбек етіп,білгенін жетілдіру жолында,үнемі ізденісте жүрген озық ұстаздарымыз аз емес, сол ұстаздардың бірі де бірегейі «Мектеп көшбасшысы - 2016» номинациясымен Г.Үмбетқызын марапаттаймыз.

Ән Аяулы мектебім орындайтын наз тобы.

1- жүргізуші: Талантты да қабілетті ұландарды дер кезінде байқап, олардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз, шығармашылық табыс тілейміз.

2-жүргізуші: 5-11 сынып жұлдыздарының қала көлемінде өткен іс-шараларда жарқырап көрінуіне септігін тигізіп, баласына білім алуына талап қойып, жағдай жасап отырған ата-аналарымызға алғыс білдіреміз., отбасы шаттығын тілейміз.

3- жүргізуші:.Сіздер секілді асқақ ойлы, терең білімді ұландары бар еліміздің болашағы жарқын болады, өркениеттер өрінен табылатыны сөзсіз. Сендердің еліміз мақтан ететін азамат болуларыңызға тілектеспін! Дарынды ұл-қыздарымыздың мерейі арта берсін!

4- жүргізуші: «Бақыт кілті-білімде» дегендей, сіздер әлі талай сайыстарда жүзден жүйрік атанып, білімнің тереңіне бойлап, болашақта да бүгінгідей мақтанышқа лайық болады деген сенімдеміз

Кеш әнмен аяқталады.

Ән: «Тек, Алға» - орындайтын Тлеккалиева Ақжарқын



















































«Жыл таланттары» кешінің мерекелік сценарийі (8-10-сынып)

Өтетін күні:23.05.2013ж.

Өтетін орны:Акт залы


Сахнада мерекелік шара жүргізушілері.

1 –жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ата-аналар!


2 –жүргізуші: Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей ұжымы ұйымдастырып отырған «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Жыл таланттары » кешіне қош келдіңіздер!

1- жүргізуші Бұл күн-білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!

2 – жүргізуші: Бұл күн- өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні!

1- жүргізуші:Бұл күн- әр оқушының жұлдызы жарқыраған күні!

2- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн - Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары- олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары мен интеллектулдық сайыстардың жеңімпаздары дәріптелетін күн!


1 –жүргізуші: Ең қабілетті де

2 – жүргізуші: Ең шығармашыл.

1 – жүргізуші:Ең мейірімді де

2 – жүргізуші:Тілалғыш.

1 - жүргізуші: Әділдікті сүйетін

2 – жүргізуші: және Адам жанын түсіне білетін,

1- жүргізуші: Бір сөзбен айтқанда, «Жыл таланттарын» жетекшілерімен қарсы алайық.

2 – жүргізуші: Сонымен, алдарыңызда, мектебіміздегі тұңғыш «Жыл таланттарының» қатысушылары.Олар

1- жүргізуші:олимпиада жеңімпаздары,

2- жүргізуші:шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары,

1-мәнерлеп оқу шеберлері,

2- жүргізуші:жас ғалымдар,

1- жүргізуші:өнер тарландары,

2- жүргізуші:спорт майталмандары, өз жетекші- мұғалімдерімен! Қарсы алыңыздар!

Музыка ойналады, оқушылар мұғалімдерімен сахнаға шығады.

1 – жүргізуші:Біз- алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз.

2- жүргізуші:Біз- ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз.

2- жүргізуші: Талант-Жаратқанның сыйы ғана емес, сонымен бірге өзіңнің алдыңдағы, қоғам мен Отан алдындағы жоғары жауапкершілік.

1- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн куәгерлерімен жеке –жеке танысатында кез келіп жеткен сияқты.

1 - жүргізуші:№38 мектептің әр оқушысы математикадан

2 - жүргізуші:өнерден

1 - жүргізуші:химиядан

2 - жүргізуші:физикадан

1 - жүргізуші:әдебиеттен

2 - жүргізуші:спорттан

1 – жүргізуші:сайыстың әр қырынан жұлдыз болып жарқырап көріне алады.



Оқушылар орындарына отырады.

1- жүргізуші: Бұл оқушылар шығармашыл тұлғалар, олардың саны біздің мектебімізде көп емес, бірақ қолдарынан бәрі келетін, қиын кезде арқа сүйеп, кез-келген сайыстан өз орнын алып бере алатын 5-7 сынып оқушылары.

2- жүргізуші: «Білімді ұрпақ – ел болашағы». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Енбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатынызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді.

  1. жүргізуші:Сахнада ақылдылардың ақылдысы-әр түрлі ғылымдардың магистрлері-бүгінгі номинацияның ең биігі-«Олимпиада жұлдыздары».

  2. І. Олимпиада жеңімпаздары 8-10 сынып


2- жүргізуші:Біздің жастарымызға мақсаткерлік, болашаққа деген шүбәсіз сенім, мойымас жігер, кез-келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән.

1- жүргізуші:Олай болса, «Жас ғалымдар» номинациясының иегерлерін қарсы алайық! :……(Ғылыми жоба, конференция,шығармалар сайысының жеңімпаздары аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)

Жас зерттеушілер 8-10 сынып


  1. жүргізуші:Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?

  2. жүргізуші:Сахнада тілінен бал тамған, қаламдары ұшталған қалалық, облыстық шығармалар сайысының жеңімпаздарына да кезек келіп жетті. :……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады.

Жас тілшілер 8-10 сынып

(шығармалар сайысы)


  1. Жүргізуші: Ата-бабаларымыздың қалдырған өсиетін ақтап, мұраларын сақтап, насихаттау жолында жүрген мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздарына да кезек келіп жетті. :……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады.



Мәнерлеп оқудың майталмандары


1- жүргізуші: Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек. Дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын интеллектісі жоғары логикалық ойлаудың патшаларын ортаға шақырайық.

2- жүргізуші: Сахнада интеллектуальдық ойындардың жеңімпаздары, :……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)

Шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары

Нақты пәндерден

Интеллектуальдық шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары


Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша шығармашылық сайыс жеңімпаздары


1- жүргізуші: Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырса, біз өз болашағымызды өнер, спорт майталмандарымен байланыстырамыз.

2- жүргізуші:Олай болса, халқымыздың өнерін жалғастырып жүрген «Өнер тарландарын » ортаға шақырайық.


1- жүргізуші:Ұстаздық жай бір сөзден айтылмас құр.

Ұстаздық ұрпақ үшін сарқылмас нұр.

Сондықтан ең қадірлі, қасиетті

Ұстаздық мәңгі бақи таусылмас жыр,

- деп, ақын жырлағандай, адамзат ғұмырындағы ең қажетті мамандықтың бірі – ұстаздық.

2- жүргізуші: Талантты да қабілетті ұландарды дер кезінде байқап, олардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.

1- жүргізуші: Бүгінгі құрмет тек қана талант иелеріне ғана емес, сонымен қатар олардың жетекші-мұғалімдеріне, жас таланттардың білім белестерін бағындыруға себепкер болған ата-аналарға да арналды.

2-жүргізуші: 5-7 сынып жұлдыздарының қала көлемінде өткен іс-шараларда жарқырап көрінуіне септігін тигізіп, баласына білім алуына талап қойып, жағдай жасап отырған ата-аналарымызды құттыөтау үшін сөз кезегі мектеп – лицей директоры Шынар Октябрьқызына беріледі.

Құттықтау сөз. Алғыс хат табыс ету.

2- жүргізуші:ИӘ, Бүгінгі күні біз мектеп сахнасында қаншама жұлдыздың жарқырап, биіктен көрінгеніне куә болдық. Болашақта жұлдыздарымыздың саны көбейіп, мектеп даңқын шарықтата түсетініне сеніміміз мол.

2- жүргізуші:Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар;

1- жүргізуші: Әлемде егемен Қазақстан бар;

2- жүргізуші:Оның білімге ұмтылған , арманшыл ұрпағы бар;

1- жүргізуші:Ең бастысы- бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар;

2- жүргізуші: Сол күнге үлкен сеніммен барайық!

1- жүргізуші:Қолымыздан қайрат,

2- жүргізуші:Санамыздан ақыл кетпесін!

Кеш әнмен аяқталады.
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ