Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының белгілері.
Жеткіншектік кезең – адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе осы жаста адамның мінез - құлкы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне , осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды .Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады
. - Ата - анамен келіспеушілік жағдайда болу
- Мектептегі қиындық пен сәтсіздік
- Тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату .
Отбасындағы жақсы қарым - қатынасты жоғалту , мектептегі сәтсіздік , келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент : отбасы , мектеп , құрбы - құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.
Демек , жас баланың мінез - құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді , солай болғандықтан оның көп қырлы , жан - жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздің , аномалді мінез - құлықтың қайнар көзі болып табылады.
Жеткіншектің мінез - құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды , олар физиологиялық ауытқулардан емес , отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады . Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез - құлық деп аталады.
Девиантты мінез - құлықта жеткіншек агрессивтілікпен көзге түседі. Жеткіншек мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімділікпен тікелей байланысты. Ішімділікке бейімділікпен нашақорлыққа құмарлық жеткіншектің девиантты түрдегі өмір құрылымына сіңіп кетеді . Жеткіншек тәртібі агрессивті күйде болса , онда ол “ қиын ”балалар қатарына жатады.
Қандай қоғамда болмасын , тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі. Олар дене жағынан немесе психологиялық , әлеуметтік жағынан ауытқулары бар адамдар болып табылады . Ондай адамдар қашан да басқада адамдар тобынан ерекшеленіп тұрады . Бүгінгі таңда кейбір адамдардың қасиеттері мен мүмкіндіктері қалыпты жағдайға сәйкес келмейді деп айтуға болады.
Қалып (норма) ұғымы медицина ғылымында кеңінен қолданылады. ”Қалып” ұғымының қиындығы оның терминдік түсінігінде ғана емес , мазмұнында да. Мысалы , адамгершілік нормаларының өзі әртүрлі болады. Тіпті адамдардың мінез - құлқының нормалары да заман ағымына қарай әртүрлі болады. Олай болса ,” қалып ” , ” қалыптанан ауытқу ” ұғымдары өте үлкен маңызға ие . Ол баланың әлеуметтік мінез - құлқының даму процесін сипаттау үшін қолданылады. Баланың нормадан ауытқуы кейде оның ақыл-ойы жағынан кемістігі болып саналса , кейде ол талантты болуымен айқындалады. Әлеуметтік педагогикадағы “ қалып ” және ” ауытқу ” ұғымдары жоғарыдағы екі жақты ұғымдарды айқындап беруде қолданылады.
Кез - келген ауруды таза күйінде қабылдауға болмайды. Олар аралас күйде кездеседі. Мысалы , әлеуметтену процесінің құрбаны болған балалар денсаулығын бұзып алады . Ондай жағдйда әлеуметтік ауытқу мен дене жағынан ауытқу бірге жүзеге асып жатыр деген сөз.
“ Қиын бала ” дегеніміз кім ? Осы бір сұрақ көптеген ата - ана мен педагогтарды , жалпы жұртшылықты жиі толғандырады және бір сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз , өйткені баланың “ қиын ” аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.
“ Қиын бала ” , яғни тәрбиесі қиын бала - әлеуметтік назардан тыс қалған бала . Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстайды , үлкендермен , кішілермен қалай қарым - қатынас жасауды үйренеді . Ата - анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, қайырымдылық пен жылылықты сырттан іздейді.Осының әсерінен олар көшедегі жат қылықтарды бойына сіңіріп алады. Көшедегі кездейсоқ топтарға еліктеп, баланың ішімдік ішуге, темекі шегуге , дөрекі сөйлеуге , құмар ойындарына қызығушылықтары артады . Мұғалімге қарсы сөйлеу ,ата-анаға бағынбау, сабақтан қашу сияқты жат қылықтар осының нәтижесі болып табылады.Меніңше,осы наразылық көрсету арқылы жасөспірім өзіне назар аударттырады.Кейде ол наразылықты әдейі істейді.Яғни,ата-анасының көзқарасы , шешімі дұрыс екеніне келіссе де жеткіншекпен ой бөліспегені үшін , оның көзқарасын сұрамағаны үшін қарсы наразылық білдіреді.
Мінез - құлқында ауытқулары бар оқушылар білім деңгейі төмен , тәртібі нашар ,сабақтан көп қалатын,мұғалім талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен , құрбыларымен тіл табыса алмайтын , сынып мәселелері қызықтырмайтын , ал кейде психикалық дамуы ,ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ ( әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан , тәрбиеге әрең көнетін ) жеткіншектерді қиын балалар қатарына жатқызуға болады.
Жүйке аурулары ( невроз ) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін . Мәселен , кей оқушылар ата - ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп , осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжулер болса , осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып , баланы ашуланшақ , ызалы қалыпқа түсіреді .Ата - ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп , уайымға шалдығады , кей оқушылардың ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп , иммунитеті төмендейді.
Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы , бұл әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез - құлық ( қарсы шығу , дөрекілік ) көрсетуі. Мұны тек үйде ата - анасымен қарым - қатынаста , туысқан бауырларына көрсетеді. Кейде үйдегі заттарды ұрлау , заттарды қирату, бұзумен , яғни ,оларға қатыгездік істей , кейде үй өртеу.
Аралас мінез - құлық көрсеткенімен , олардың басым көпшілігі ашу-ызақылық , депрессия белгілері көрінеді.Кейде үнемі депрессияда болады , қатты уайымда болу , қызығулылығының жоғалуы , ойын,тапсырмалардан ләззат алмау.Сонымен қатар , қорқақтық , өзін - өзі үнемі кінәлау.
Ерте кезден ішімділік қолдану, наркомания. Ішкілік наркоманияның басы болып саналады . Алкоголизация мен наркоманияның жартысынан көбі жеткіншек жастан басталады . Ересек болуға ұмтылу немесе өзінің психологиялық күйін өзгерту мақсатында. Жеткіншек көңіл - күйін көтеру үшін ,сенімді ,өзін еркін сезіну үшін , әрі қарай жеткіншек ішімдікті жиі қолдана бастайды .Жеткіншектін бұл іс -әрекетін былайша түсіндіруге болады : аддиктивті мінез - құлықта алғашқыда психологиялық тәуелділік (“беделін”өсіру) болса ,ал содан кейін физиологиялық тәуелділік ( мұнда организм алкогольге үйренеді , онсыз тіршілік істей алмайды ) . Психологиялық тәуелділік - топта пайда болғанда (кез - келген кездесулерде ішімдік қолдану ) алкоголизмнің бастамасы болып табылады .Жеткіншектің ішімдік қолдануға себеп іздеуі немесе наркотик қолдануға , үнемі құрамында спирт бар сусынды іздеу ,бұл - ерте жастағы алкоголизмнің белгілері.
Тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы . Бұл жеткіншектің немесе баланың аномальды түрде есейуі : ата - ананың дұрыс тәрбие бермеуінен ; үнем бала психикасын бұзатын жағдайлар ; өмірлік қиындықтарды қатты уайыммен бастан кешіру ; ұзаққа созылған невроз ; сезім немесе дене мүшелерінің кемістігі ;созылмалы аурулар т.б ;
Жеткіншектердің дамуында бұрыс тәрбие үлкен роль атқарады , нәтижесінде жеткіншек қиын балалар қатарына қосылады.
Бүгінгі таңда мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамассыз ету , оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып табылады .Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады .Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды , жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады . Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық , инабаттылық , сыйлаушылық , шынайы адалдық ,жақсы – жаманды айыра білушілік , алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса , ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық,өтірік айтушылық , өзімшілдік, беймазалық , ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады . Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге : өзіне - өзі көзбен қарап , мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті , әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы мен іскерлігі жатады.Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып , тәрбиемен ұштасса , бала қайырымды , байсалды , бір сөзді, батыл жүректі , табанды болып ер жетеді . Ал , бала бойында ынжық мінез қалыптасса , онда сылбырлық , жалқаулық , күйгелектік , қорқақтық , мылжыңдық мінездер пайда болады . Бала өскен сайын көп көріп , естіп білуге ұмтылады . Өз ойын айту , басқалармен достасу , пікірлесу сияқты мінез - құлық қалыптасады . Баланың дамып , нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор.
Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар . Мектеп мұғалімдері “ қиын ” балаларға теріс көзбен қарайды . Олардың мұндай балалармен жұмысы келеңсіз , стимуляция әдісімен бүкіл сынып алдында жүйке жұқаратын әңгіме , жазалау , т.б түрінде жүзеге асады. Әдетте , бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді , керісінше “ қиын ” жеткіншектердің мұғалімге , мектепке кектенуі күшейе түседі және қарсы келуіне әкеліп соқтырады.
Мұғалімдер “ қиын ” жеткіншектерге деген өзінің кері көзқарасын жасырмайды , олармен кикілжіңге де келеді . Девиантты мінез - құлықта жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс - шаралар тұлғаға әсер ету ғана емес , түзету іс - шаралармен де шектелмейді. Жеткіншектің әлеуметтік дезадаптациясы кері әсерлі ортада сауықтыруды және әлеуметтік педагогикалық тузетулерді қажет етеді.
Кәмілетке толмағандардың девиантты мінез - құлқындағы профилактика мен ескерту қоғамның әлеуметтік , психологиялық қажеттілігінен туындайды .Жасыратыны жоқ , бастауыш сынып , жоғарғы сынып оқушылары арасында да адамгершілік тәрбиені іске асыруда қиындық келтіретін , оқуға және тәрбиеге көнбейтін нашар , қиқар оқушыларды жиі кездестіреміз . “ Қиын ” оқушылар отбасы , мектеп және жұртшылық тарапынан тәрбиеде жіберілген түрлі кемшіліктерден болса керек.
Жоғарғы сыныптарды “ қиын ” оқушылардың тәртіп , заң бұзылушылығын кездейсоқтық деп қарауға болмайды , ол оқушы бойындағы бұрынан бар екенін мойындауымыз керек.
Оқушылармен жұмыс істеу жан - жақты зертеуді , баланың бойындағы ұнамсыз әрекеттердің шығу себебін , тәрбиеленіп , өскен отбасын , мектептегі тәрбие жұмысының деңгейін зертеуді жан - жақты білуден бастау керек .Өкінішке орай,еліміз егемендік алғалы тәрбие мәселесінде белгілі бағыт - бағдардың болмауы , мектеп директоры мен жергілікті жерде білім және ішкі істер бөлімдерінің бірігіп жұмыс жасамау салдарынан “ қиын ” балалардың көбейгені жасырын емес. Қалаларда аудан - ауданға бөлініп , аудандық жерде көшелерге бөлініп балалардың төбелесуін немен түсіндіруге болады.
“ Қиын ” оқушылардың ата - аналары мектепке ата - аналар жиналысына келмейді , баланың тәртіпсіздігінен қылмыстарын естуден қашады .Кейбір ата - аналардың өз міндеттерін түсінбеуі , түсінгендерінің өзі менің балам “ судан таза , сүттен ақ ” - деп бетбақтырмауы бала тәрбиесінде қиындық келтірер үлкен кедергі.
“ Қиын ” балаларды тәрбиелеугеде спорттық шаралар мен әскери - патриоттық тәрбиенің де маңызы өте зор. “ Қиын ” балалардың үлгілі оқушылар санатына қосылуы педагогикалық ұжымның талмай еңбек етуінің арқасында жүзеге асатын үлкен жұмыстың айғағы екенін ата - ана мен ұстаздар қауымының дұрыс түсінгені жөн.
“ Қиын ” жеткіншектердің мектепке , жаңа топқа бейімделу мәселесіне тоқталсақ . Жеткіншек мектепке тез бейімделе алмаған жағдайда , мектептегі қиындықтар психиканы жарақаттайтын фактор ретінде көрініп , жеткіншектің эмоционалды жағдайының өзгеруіне әкеп соғады . Мектеп өміріндегі кез - келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның үлгеріміне әсер етіп , жүйке - психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі .
Баланың мектепке келгенде ерекше өзгешелігі оның мінез - құлқында көрінеді . Бейімделу процесін зерттеу үшін бағытталған бақылау әдісін қолдану керек .Онда жеткіншектің оқу белсенділігін , білімді меңгеруін , сабақтаға , қоңыраудағы мінез - құлқын , сыныптастармен және мұғалімдермен қарым – қатынасын , эмоционалды көріністерін бақылау қажет . Жеткіншектерді мектепке бейімделуіне қарай үш топқа бөліп қарастырсақ болады :
Бірінші топта бейімделуі аз және шиеленіссіз өткен жеткеншектер жатады. Олар үшін интеллектуалды қызметтің жақсы дамуы мен мектептік тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Бұл топтағы балалардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен , көпшілдігімен , адалдығымен , эмоционалдылықтың бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарлығымен сипатталады.
Ал екінші топқа бейімделудің кешуілдігімен бөлінеді. Психологиялық тексерулер жүргізгенде,оларда жағымсыз тұлғалық қасиеттері бар екендігі белгілі болады : алаңдаушылық , шиеленіс , өзін - өзі бақылаудың төмен деңгейі .Осы топтағылардың жартысынан көбінде интеллектуалды қызметі динамикасының бұзылуы бар болды.
Үшінші топта оқу жылының соңына дейін мектепке бейімделмеген жеткіншектер.Оларда сабақ үлгерімі төмен , жаман жұмыс жасауы , өзіне сенімділігінің жоқтығы , алаңдаушылық , шиеленіс , яғни , эмоционалды дискомфорт байқалды .Осы топтың бір бөлігі жоғарлы моторлы қозғыштықпен , танымдық қызығушылықтың төмендігімен сипатталды.
Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығының сезінген 2 - 3 топтағы балалар бөлінді .Зерттеулер көрсеткендей , онтогенез процесінде балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық жағымсыз факторлардың болмауынан , әр түрлі қиындықтардың себебі болып көбіне психологиялық дамудың жетіспеулігі екені белгілі болды . Жиі кездесетін бейімделу кезіндегі қиындықтар пайда болу себебіне әлеуметтік - педагогикалық бетімен кетушілік факторы жатады . Бұл бетімен кетушіліктің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін және ол отбасындағы психологиялық жағдайға байланысты . Ата-аналарда білім деңгейі төмен болған кезде , бірінші кезекте баладағы танымдық сферасының қалыптасуы зардап шегеді . Мұндай балалар білім қорының аздығымен , ой - өрісінің тарлығымен көрінеді . Олар тапсырмаларды орындай алмай , салыстыру дағдысын талап ететін , жалпылау , әр түрлі өмірдегі жағдайларда бағытталу , заттар мен құбылыстарға дәлме - дәл анықтама беру сияқтыларды талап ететін тапсырмаларды орындай алмайды . Мұндай жеткіншектердің негізгі жетіспеушілігі – вербальды сферасының қалыптаспағандығы болып тұр . Сонымен бірге олар талаптанғыш , мектеп ережелерін жақсы орындайды , эмоционалды бір қалыпты .Осы оқушылардың тәрбиесіндегі басты қателік : мектепке дейінгі жаста интеллектуалды дамуы үшін стимулдары жеткіліксіз болған .Олардың өмірлерін ұйымдастырғанда бәрінен бұрын практикалық іс-әрекет ( мысалы , үй жұмысын орындауға көмек ) жағымды бағаланды . Ата - аналардың берген жоғары бағасы өзіне сенімділігін , ұқыптылықты , адалдықты қалыптастырып , бірақ ең маңыздысы – танымдық сферасы жүзеге аспай қалып қойды .
Отбасындағы мәдени деңгейдің төмендігінен , баладағы психологиялық дамудың кешуілдегенінен мұндай балалар мектепке үлгермейтін топтағы оқушыларға шарасыз енеді . Оқу материалын меңгерудегі пайда болған қиындықтар олардың толығымен бейімделу жолдарына кедергі жасайды . Мұндай балалар мектепке келгенде оқу сабақтарына үлкен қызығушылықпен қарап , мұғалімді көңіл қойып тыңдайды , қажетті білімді меңгеруге тырысады , яғни,мектептік мотивацияның жоғарлығымен көрінетіндігін атап өтуге болады . Мұғалімдердің мейірімді және сезімді қарым - қатынасы оларды пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі , біртіндеп мектепке бейімделе бастайды ,бірақ та басқа сыныптарға қарағанда бейімделу ұзақ мерзімде жүреді . Бұл топтағылар бейімделуі кешуілдегендерге , яғни екінші топқа жатады .
Кейбір жағдайларда ата - аналардың төмен білім деңгейіне баланың қараусыз қалуы , отбасы ішіндегі дау – дамайлар , алкоголизм сияқты жағымсыз әлеуметтік факторлар жатады . Мұндай отбасыдағы балалар мінез-құлықтың қарапайым дағдылары сіңбеген , оларда танымдық мотивтері қалыптаспаған және өз жұмысын дербес ұйымдастыру дағдысы жоқ , интеллектуалды кешеуілдікке тұлға дамуының дисгормониялығы қосылады . Осындай отбасынан шыққан қыздарға тұлға типінің инфантильдігі бар болатындығын айтып өту қызық , олар өздеріне сенімсіз , өзінің міндеттерін түсінудің болмауына байланысты сәтсіздіктерге қобалжымайды және мектептік мотивациясының төмендігімен сипатталады . Оларға мына сұрақтарға жауап беру қиын : ” Сен сыныпта кіммен достасасың ? ” , “Үлкейгенде кім болғың келеді ? ” және т.б. Мектептік тақырыптағы суреттерде оларда ойындық сюжеттер басым . Біздің мәліметтер бойынша , бұл қыздарға 1- ші сыныпта бейімделу процесі болмайды . Сондай балалардың суреттері орындаудың ұқыпсыздығымен ерекшеленіп , ұсынылған тақырыптан басқа олар өздерін көбірек қызықтыратын заттарды ( мысалы , машина , ұшақ және т.б ) салады .Олардың вербалды сферасының динамикасының бұзылулары қосылады . Алғашқы оқу жылының барысында олар мектептік ережелер мен талаптарды меңгере алмайды . Біздің зерттеулеріміздің мәліметтері бойынша мұндай балалар бейімделмеген оқушылар тобына жатады , яғни , 3 - ші топқа .
Баланың мектепке бейімделу қиындықтарының пайда болуына әкелетін басқа факторлар , яғни,жағымсыз тұлғалық сапаның қалыптасуы бәрінен бұрын тәрбиелеу амалының дұрыс еместігінен көрінеді . Мұндай балалардың ата - аналарының білім деңгейлері жоғары болуы мүмкін , балаға көп көңіл бөліп , баланың танымдық сферасын дамытумен шұғылдануы мүмкін . Бірақ та оларда балаға жағымсыз әсер ететін ата - аналарының арасындағы дау - дамайлы қарым - қатынас бар . Балалардың әрқашан үрейлі, қорқынышты жағдайда болуы тұлғаның эмоционалды , бір қалыпты емес типінің қалыптасуына әкеліп соғады : оларға алаңдаушылық , шиеленіс , әлеуметтік жасқаншақтық , өзіне де сенімсіздік сияқты сапалар тән .Оларда жоғары қызығушылық бар . Тапсырмаларды , жаттығуларды орындағанда , орынсыз асығыстық көрсетіп , көп қателіктер жіберіп , өз - өзін нашар баққылайды . Бұл жетіспеушіліктер мектеп тапсырмаларын орындағанда тікелей әсер етіп , орынсыз асығыстық жауап беруіне әкеліп соғады . Алдынғы атап өткен тұлғалық сапалар сыныптағы ұжымға кіруге кедергі жасайды . Бұл балалар бейімделуі кешеуілдеген топтың мүшелері ( екінші топтағалар).
Кейбір жағдайда жағымсыз тәрбиелеу әсері ата - аналар жағынан гиперопека түрінде көрінеді . Мұндай жағдайда балаларда тұлғаның инфантильді бітістері қалыптасады немесе өзін - өзі жоғары бағалау және доминантты болуға бейімділік пайда болады . Инфантильді балалар жасқаншақтығымен , тұйықтықпен ерекшеленіп , сыныпта “ изоляцияланған” топтағыларға жатады.Социометриялық мәліметтер бойынша , сыныптастары оларды таңдамайды және олар өздері де қарым - қатынас жасауға ұмтылмайды.
Өзін - өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде айналасындағылар жағынан ерекше көңіл бөлуді талап етеді , көш бастаушылық позицияны алуға ұмтылады , сондықтан да құрдастарымен әрдайым дауласып , келіспей қалады. Басқа жеткіншектерде де көбіне оларды қабылдамайды және өзінің жағдайына қанағаттанбаушылық оларда жағымсыз эмоциялардың , сыныптастарына деген қарым - қатынастың агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі . Бұл жеткіншектер әлеуметтік жоспарда ұзақ уақыт бейімделе алмай , ұжыммен қарым - қатынас бекітуде қиындықтар сезінеді .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жеткіншек жастағы балалардың мінез құлқының жетілуі

шағым қалдыра аласыз