400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеткіншектерге арналған психогимнастика бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Психогимнастика-адамның танымдылық, эмоционалды-тұрғылық аумақтарын дамыту мен теңестіруге бағытталған арнайы жұмыстар курсы. Сіздердің назарларыңызға «Жеткіншектерге арналған психогимнастика» бағдарламасын ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеткіншектерге арналған психогимнастика бағдарламасы

Психогимнастика-адамның танымдылық, эмоционалды-тұрғылық аумақтарын дамыту мен теңестіруге бағытталған арнайы жұмыстар курсы. Сіздердің назарларыңызға «Жеткіншектерге арналған психогимнастика» бағдарламасын ұсынып отырмын.

Бағдарлама ұзақтылығы: 4 ай.

Апталық жүктеме: әрбір топқа сәйкес аптасына 1 рет.

Жұмыс түрі: топтық.

Қатысушылар саны: 10-13

Мазмұны:

  1. Психогимнастика туралы түсінік.

  2. «Жеткіншектерге арналған психогимнасти бағдарламасының» жоспары:

Психогимнастиканың бөлімдері

Психогимнастикалық жаттығулар мазмұны

Психогимнастиканың дайындық бөлімі

Үлгере алмау гимнастикасы

Шеңберде ритмді алмастыру

Айна гимнастикасы

«Мен суда тұрмын, жүрмін»

«Мен ыстық құмның үстімен бара жатырмын»

«Сабаққа асығып бара жатырмын» және т.б

Қалың әйнек арқылы сөйлесу

Сезімді бейнелеу

Мен қандаймын, қандай болғым келеді,басқаларда қалай көрінеді

Психогимнастиканың пантомимикалық бөлімі

Қиындықтардан өту

Менің жанұям

Мүсінші

Менің тобым.өзінің жақындарыңа, отбасы мүшелеріне, топ мүшелеріне сезімдерді білдіруге

Әдеттегі өмірлік ситуациялар

«Мен қандаймын?Мен қандай болғым келеді?, «Адамдар арасындағы Мен», «Менің отбасым», «Менің өмірім», «Менің жарақатым»

Психогимнастиканың қорытынды бөлімі

Қысымды төмендету

Пантомимикалық фаза

Қорытынды фаза



Жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері

Баланың жасы: 15-16 жас

Сынып: 10-11 сынып

Жастық кезіндегі ерекшеліктері:

Психикалық дамудың тұрақтылығы.

Әлеуметтік-педагогикалық жағдай: күрт өзгерістерге дайындық: күрт өзгерістерге дайындық.

Дамудағы негізгі тапсырмалар: интелектуалдық аймақта: іс жүзіндегі әрекеттердің жетістіктерге жету.Кәсіптік және жеке адам ретіндегі өзін-өзі анықтау кезеңі. Жаңа әлеуметтік рөл мен оның айқындамаларын қабылдауға психологиялық дайындық.

Дамудағы перспективті тапсырмалар: азаматтық және жеке адам ретіндегі тұжырымдаманың қалыптасуы. Өзіндік білім алу мен өзіндік психологиялық дамуға қабілеттіліктерін және өзінің керектігін, маңыздылығын сезінулерінің қалыптасуы.

Ауытқулардың арқасында болатын келелі мәселелер: алдынғы жас ерекшелік дамуына ұқсас. Сонымен қатар, мектеп бітіру алдында қорқыныш сөзімдері пайда болады. Өзіндік таңдауға мәміле жасау қажет. Өткені мен болашағына көп көңіл аударып, бөледі.

Регрестің арқасында туатын келелі мәселелері: жасөспірімдік кезендерге қайта оралуы ықтимал. Мамандық таңдау жауапкершілігінен бас тартуы, әлеуметтік тәжірибелерге ұмтылуы және эмоциялық жай-күйінің ауытқымалы болуы мүмкін.

Аутқудың алдын алу:

  1. Баламен жұмыс: эмоциялық жағдайлдарға бақылау жасау. Болашақтың жарқындығын0 өмірдің мағынасын түсіндіретін дұрыс таңдау жасауға, әлеуметтік және жеке адамның тәжірибелерін кеңейтуге бағытталған жұмыстар жүргізу.

  2. Әлеуметтік-педагогикалық жағдаймен жұмыс: оқу іс-әрекетінде және қоғамдық жұмыстарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеулеріне жағдай жасау. Олардың құқықтары мен жауапкершіліктерінің аясын кеңейту.Үлкен адамдардың тарапанан эмоциялық сүйемелдеу болуы керек.

Регресс жағдайындағы түзету және дамыту жұмыстары:

  1. Баламен жұмыс: болашаққа деген сенімсіздіктерін жоюға, соны сезіндіре білуге бағытталған жұмыстар жүргізу. Жоғарғы сынып оқушыларының арасынан өздерін-өздері психологиялық тұрғыдан сүйемелдейтін топ құру. Өзін-өзі бағыттау нышандарын дамытуға арналған жұмыстар жүргізу.

  2. Әлеуметтік-педагогикалық жағдайымен жұмыс:

Жанұялық кеңестер беру.Оқушылардың ерік-жігерінің мүмкіндіктері, жеке мектептің қоғамдық өмірінде өздерін көрсететін толыққанды жағдай мен мүмкіндіктер жасау.Оқу-тәрбие үрдісін гипотетико-дедуктивтік ойдың құрылымын дамытуға негіздеу керек.

Психогимнастика. «Психогимнастика» тар мағынада ойындар, этюдтарды білдіреді білдіреді, оның негізінде топтағы коммуникацияның басты тәсілі ретінде қозғалу экспрессиясын қолданану жатыр. Бұндай психогимнастика топтық психокоррекцияның мәселелерін шешуге бағытталған, яғни қарым-қатынасқа түсу,кері байланыстырды өнлеу және т.б

Кең мағынадағы психогимнастика- бұл адамның танымдық,эмоционалды – тұлғалық аумақтарын дамыту мен қоррекцияға бағытталған арнайы жұмыстар курсы.

Психогимнастика топтық жұмыстың вербольды емес әдісі ретінде әсерленулердің, эмоционалды жағдайларын, қозғалу, мимика, пантомимика арқылы мәселелерідің айқындалуы, клиентке сөзсіз өзін көрсетуге, қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. Бұл реконструктивті психокоррекцияның мақсаты – клиенттің тұлғасын тану мен өзгерту.

Психогимнастика жеке міндеттермен және өзіндік әдістемелік тәсілдермен ерекшеленетін үш бөлімнен тұрады:

  1. Дайындық;

  2. Пантомимикалық;

  3. Қорытынды

Психогимнастиканың дайындық бөлімі.

Міндеттері:

  1. Топқа қатысушылардың қысымын төмендету;

  2. Қорқыныштардан айырылу;

  3. Зейінді дамыту;

  4. Өзіндік қозғалыс белсенділігіне, басқалардың белсенділігіне сезім-талдықты дамыту;

  5. Топтағы қатысушылардың арасында эмоционалды дистанцияны қысқарту;

  6. Сөзсіз өзінің сезімдерінде, эмоцияларында бейнелеу мен басқалардың вербальды емес мінез-құлқын түсіну қабілетін қалыптастыру.

Дайындық бөлімі зейінді дамытуға бағытталғаг, жаттығулардан басталады.

Бұл жаттығулар:

  1. Үлгере алмау гимнастикасы.

Барлық топ оның бір қатысушысының гимнастикалық жаттығуын қайталайды да, жүргізушінің бір қозғалысын орындауға үлгере алмады;

  1. Шеңберде ритмді алмастыру.

Топ мүшелері бір қатысушысының соңынан шапалақтап, берілген ритмді шеңбер бойынша қайталайды.

  1. Айна гимнастикасы, топ мүшелері жұптарға бөлініп, өзінің партнерінің әрекеттерін қайталайды. Жаттығудың келесі түрі қысымды түсіруге

Бағытталып, қарапайым әрекеттерден тұрады, мысалы;

«Мен суда тұрмын, жүрмін», «Мен ыстық құмның үстімен бара жатырмын», «Сабаққа асығып бара жатырмын» және т.б.

Психогимнастиканың пантомимикалық бөлімі.

Психогимнастикада ең маңызды бөлім пантомимика болады. Қатысушы сөзсіз түсінетін тақырыптарды таңдайды.Пантомимика мазмұнының тақырыптары шектелмеген, бір қатысушының немесе топ мүшелерінің бәріне, тұтастай топқа ортақ мәселеге байланысты бола алады.

Көбінесе пантомимикада келесі тақырыптар қолданылады.

  1. Қиындықтардан өту. Бұл символикалық түрде («қиындықтардан өту», «ауру» ,«денсаулық», «бақыт», «үрей») көрсетілетін жалпы адамзаттық мәселелер мен қақтығысты бейнелейтін тақырыптар.

  2. Менің жанұям. Топтың бірнеше қатысушысын таңдап, оларды өз отбасымүшесімен эмоционалды жақындылық деңгейіне сай болу үшін физикалық дистанциясын кеңестікте орнатады.

  3. Мүсінші. Топтың бір мүшесі мүсінші рөлін ойнайды, яғни топ мүшелеріне олардың ерекшеліктері мен конфликтерін бейнелейтін позаларды береді.

  4. Менің тобым. Өзінің жақындарына, отбасы мүшелеріне, топ мүшелеріне сезімдерді білдіруге байланысты тақырыппен байланысты.Топ мүшелері кеңістікте орналастырылады, топ мүшелерінің арасындағы физикалық дистанция эмоционалды жақындықты деңгейін көрсету керек.

  5. Әдеттегі өмірлік ситуациялар (өтініштер, талаптар, кінәлаулар, ұрысулар, кешігулер және т.б).

  6. «Мен» тақырыбы. Клиенттің нақты мәселелеріне байланысты тақырыптар. ( «Мен қандаймын? Мен қандай болғым келеді?, «Адамдар арасындағы Мен», «Менің отбасым», «Менің өмірім», «Менің жарақатым», және т.б)

  7. Ертегі. Тақырып ертегі сюжеттері мен фантазияларды қолдануымен байланысты. Қатысушылар сиқыршылар, ертегі кейіпкерінің рөлдерін ойнайды.

Психогимнастиканың қорытынды бөлімі.

Психогимнастиканың қорытынды бөлімі пантомимикаға, күшті эмоцияларға байланысты туған қысымды төмендетуге, топтың бірлесуіне, сенім мен өз-өзіне сенімділікті жоғарлатуға жағдай жасау керек. Бұндай дайындық бөлімдерінің тәсілдері, әсіресе қатысушының бірлестік сезімін қамтамасыз ететін жаттығулар қолдану керек. Психогимнастиканы коррекциялық жұмыстық дербес әдісі ретінде қолданылуды 1979 жылы Г.Юнова ұсынды. Г.Юнованың психогимнастикасы Д.Мореноның өзіндік жасөспірімдер үшін модификациясы болды Г.Юнова әдістемесінде әр жұмыс ритмиканы, пантомимиканы, ұжымдық ұйымдар мен билерді қосып, үш фазадан тұрады.

  1. Қысымды төмендету. Ол жүргізудің,жүрістің түрлері арқылы жүзеге асырылады, оның социометриялық мәні де бар, яғни, кіммен бір топта бірге болу, кіммен ойнау және т.б

  2. Пантомимикалық фаза. Бұл фазада топ мүшелері өзінің мінез-құлқын терезеге ұры кіргенде, суды басу қорқынышындағыдай вербальды емес көрсету керек.

  3. Қорытынды фаза. Топпен бірігу сезімін нығайтады, онда түрлі ұжымдық ойындар және билер қолданылады









№ 1 орта мектеп

Психолог Құсайын Маржан Болатқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
1445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі