Жеткіншектік шақ психологиясы: ғылыми зерттеулер, ерекшеліктері, дағдарысы
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейеленген.бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланыстыдаму процестерінің күрделілігі мен мңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады,организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктеді игеруге, үлкендермен және жолдастармен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады [1].
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік шақтың іс жүзінде басаталуы V класақа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен, ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дірежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты, олар: 1) ересектіктің дамуын тежейтін жайлар: балалардың көбінде басқадай тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балалардың тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы; 2) ересектендіретін жайлар: мұны жөнімен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны; көптеген ата – аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым–қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VIII класта бет–пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бірақ сонымен қатар оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар, ал болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат–жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ [2].
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әртүрлі және әрбір бағыттың көптеген нұсқалары болуы мүмкін. Бір өлшем ұқсас үш нұсқада ересектіктің дамуы әрқилы болады да, бұл орайда мазмұны әртүрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреу үшін маңыздының енді бірге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты; бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым–қатынастарын түбірінен өзгеретін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болвп жатқан өзгерісер екінің бірінде, бір жағынан жеткіншектің өзінде әртүрлі субьективтік қиыншылықтармен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады: жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен назарлықтың әртүрлі формалары шығады (қиқиарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңде дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектің дамуындағы биологиялық факор мәселесі баланың ағзасында нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында ағзаның морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Ағзаның қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің (қалқан жыныс, бүйрпек үсті бездерінің) қызметіне өолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің ағзасында көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс мүшелерінің дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады [2].
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі –жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді: денеің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт бойы сыңар жақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда омыртқа қисайып кетуге бейім тұрады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста мұндай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кездердегіден оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады (қыз балалардың жыныс мүшелері осы сүйектердің аралығында болады). өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқ киім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.
Бұлшықеттің және бұлшықет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшықеттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп, әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшықет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшықеттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуы мен қатар көріне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік, қолапайсыздық). Бұдан күйзеле қыңжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6-7 жастың 13-14-ке дейінгі шақ – кқптеген қозғалыс сапалары оптимальды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады [2].
Әртүрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы қан қысымының артуы, бастың ауруы бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін.
Жеткіншектік шақта ағзаның ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің уақытша тоқтауы, гипертиреоздың дамуы) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамаданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана калыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерелеріне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады[3].
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың райда болуында бірталай маңызы бар. Бірінішіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны обьективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қою, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы - қалыпты құбылыс.
Жеткіншектің ағзасында болатын елеулі өзерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әртүрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С.Холл мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен ерекшеліктері мен комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.
Антрополог Р.Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті: 1) үздіксіз және 2) баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің ролін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері түсініктер арасында үзілістер болатын типі. өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұөсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыптв өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орынауға даяр болып шығады. өтудің екінші типі балалар мен ересектерге өойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады) [3]. Мұнда кей жағдайларда балалықтан ересектікке өту әртүрлі қиыншылықтар мен қабаттасып оның өзіне тән нәтижесі болады - ресми кемелділікке жеткен кезде ересектің ролін атқаруға дайын болмау келіп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әртүрлі қоғамдарда әркелкі болады және оның ешқайсысы да кемелділікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.
Антропопологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына бірінші жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына; екінші дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтырдың болуына; үшінші балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлеледенді. Бұл зерттеулерден фрейдизмге қарама-қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік болғандықтан ондағы табиғи дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қорытынды шығады. Антрополпготар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К.Левин (АҚШ) ерекше орын алады, ол жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Бұл қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір-бірінен бөлінгендігін, жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына ілгерілейтінін атап көрсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге деген және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересек тобының қатаң бқлінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңінің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа шетел психолгтары дамытуда, олар жеткіншектердің ерекше бір «субмәдениеті» бар дегенді, яғни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады [4].
Л.С.Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар санадағы негізгі жаңа құрбымды бөліп кқрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасынағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын құрайды деп пайымдады [5].
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайлары мен оның ересек адамдар дүниесінде қоғамдық жағдайымен анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Абрамова Г.С. Возрастная психология. /Абрамова Г.С. Учебное пособие для стед. ВУЗ-ов. 4-е изд. стереотип. М.: Издательский центр «Академия», 1999. – 672 с.
-
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М.: Прсовещение, 1968 – 463с.
-
Божович Л.И. Этапы формирования личности в онтогенезе. // Вопросы психологии. – 1979. - №4 – с. 23 -34.
-
Гуткина Н.И. Личностная рефлексия в подростковом возрасте. – ДИс. Канд. псих. наук М., 1983 – 174с.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз