жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жеткіншектің ғаламтор тұтынушысы ретіндегі мотивациясы
Жеткіншек интернет тұтынушысы ретіндегі мотивациясы
Ақтөбе қаласы, № 40 ЖББОМ психологі
Баймишева Айнұр Мырзабекқызы
Интернеттегі жеткіншек әрекеті қызметтің жаңа түрі болып табылады, ол психологияда дәстүрлі түрде ажыратылатын қызмет түрлерінің түрлі қасиеттерін біріктіреді. Кез-келген қызмет тәрізді өзінің мотивациялық негізі болады. Тұтынушы мотивациясы мәселесі бойынша А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестованың зерттеулері Интернеттегі қызмет адамның жеке тұлғасының дамуы мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы үшін не береді (немесе не бермейді) деген сауал қызығу тудырады. Бұл сауал тұлғалық даму және тұлғааралық коммуникация облысындағы Интернеттегі жұмыстың психологиялық салдарды бағалауға қатысты болып табылады. Субьектінің оның тұтынушылық қызметінің тікелей және жанама нәтижелерді бағалау процесі мотивациялық реттелуге (регуляция) әсерін тигізеді.Қызмет нәтижесінің адам қажеттіліктеріне сәйкестілік дәрежесі яғни қаланған мен қол жеткізгенді салыстыру бұл бағалаудың критерийі болып табылады. Бұл бағалаулар – адамның мүмкіндіктерін дамытады, жаңа дағды орнатады немесе керісінше өзіндік даму мен жүзеге асырылуға мүмкіндік бермейді.
Интернет тұтынушыларының мотивациясын зерттеушілер ішінде А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестова еңбектерін атап өтуге болады. Олар Интернет тұтынушыларынң мотивтерінің келесі классификациясын келтіреді.
1. Іскерлік мотив.Тұтынушылардың көпшілігі үшін Интернеттегі жұмыс нақты мақсатқа, яғни нәтижеге жетуге бағытталған кәсіби қызметтік құрылымды бөлік болып табылады. Бұл нақты бір ақпараттың ізденісі, белгілі бір адаммен өзара әрекеттестік және байланыстар белгілі бір бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру және т.б нақтылы іскерлік нәтижеге бағдарлану іскерлік мотивацияның индикаторлық қызметін атқарады.
2. Танымдық мотив. Бұл мотив жаңа білімдерді алумен байланысты. Тұтынушының танымдық қызығуының бағыттылығына байланысты оның түрлі сипаттамалары болуы мүмкін. Компьютерлік желідегі танымдық қатынас пәні: жаңа қызметтік мүмкіндіктер, түрлі гипермәтіндік ақпарат, жаңа адамдар, жаңа идеялар мен пікірлер визуалды және есту бейнелері.
3. Қарым-қатынас мотиві (коммуникативті мотив). Ол жаңа танысуларды,қызығуларды жақын адамдарды іздеумен, пікірлерді алмастырумен сипатталады. Бұл мотив адамның жаратылыстық қажеттілігі – білімдер, пікірлер,эмоцияларды өзі тәрізділермен алмастырумен байланысты.
4. Корпоративті мотив (ынтымақтастық мотив). Адам қызметтерінің көптеген түрлері құрамы бойынша болсын, құрылымы бойынша болсын, әлеуметтік сипатқа ие. Қызмет адамдар арасындағы функцияларды бөледі: қызмет нәтижелерін алмастыру, жұмыс барысында бірігіп отырып мәселені
шешу. Адамдардың көпшілігі ортақ қызмет жағдайында еңбек етеді. Тұтынушылардың Интернетте жұмыс істеу барысында басқалармен ынтымақтастыққа бағдарлану корпоративті мотивацияның индикаторының қызметін атқарады.
5. Өзіндік табылу мотиві. Бұл мотив негізінде терең психологиялық құбылыстар жатыр. Тұлғалық өзін-өзі бағалау, талап қою деңгейі, жетістік мотивациясы. Адам қызметі өте жиі жетістік сипатқа ие, алайда адамға өзіне және басқаларға өз құндылығын дәлелдеуге тура келеді. Бұл мотив субьектінің тұлғалық құндылықтарының типіне байланысты қызметтің әртүрлі түрлерінде жүзеге асырылады.
6. Рекреация мотиві және ойындық мотив. Ойын және рекреация әр адамның өмірінде маңызды орын алады. Ойын және рекреация жұмысқа қабілеттіліктің функционалды күйін қалыпқа келтіруден басқа, сондай-ақ олар қызметтің жаңа түрлерін игеру әдісі, өз мүмкіндіктерінің жаттығуы және тексеруі, жарысу болып табылады. Интернетте әр адам өзіне неғұрлым жақын және қызықты болып табылатын ойын түрін таба алады.
7. Аффилиация мотиві. Берілген мотив адамның қызметінің әлеуметтік мәні мен тұлғасының көрінісі болып табылады. Ол әр адамның белгілі бір топқа қатысты болу, оның құндылықтарын қабылдап оларға еру, топ құрылымында өз орнын алуға деген қажеттіліктен көрінеді.
8. Тұлғаның өзіндік жүзеге асу және даму мотиві. Тұтынушылардың айтарлықтай бөлігі Интернеттегі жұмыстың жеке тұлғаға және қызметке әсерін түсінеді. Бұл әсерге танымдық мүмкіндіктер, ойын әрекеті, қарым-қатынас ерекшеліктері, тұлға қызығуы қалыптасуының дамуы жатқызылады. Өз мүмкіндіктерін танымдық, коммуникативті тағы басқаларын дамытып, жүзеге асыруға деген саналы бағыттылық Интернеттегі жұмыс барысында тұлғаның даму мотивін қалыптастырады. Бұл мотивте шығармашылық компонент өзінің айқын көрінісін тапқан. Интернетте жұмыс істеу адамға өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді, мысалы, жаңа программалық продуктіні жасау, www ресурстарындағы телеконференцияларда ойды білдіру. Бұл адамға өзінің шығармашылық потенциясын жүзеге асыруға, құзырлы эксперттер және мәнді адамдар тарапынан өз шығармашылығы үшін баға алуға мүмкіндік береді.
Көрсетілген мотив типтері психологиядағы тұлғаның мотивациялық бағыттылықтың негізі түрлерін репрезентациялайды: продуктивті, әлеуметтік-коммуникативті, танымдық, дамытушы.
Интернет өз дамуында программисттердің кәсіби ортада қарым-қатынас жасаудан анағұрлым кең қызығуды жүзеге асырушы еркін қарым-қатынас ортасына дейінгі жолдан өтті деген ойды А.Е.Войскунскийдің зерттеулері дәлелдейді. Бұл мәліметтер Интернет тұтынушыларның қызметінде іскерлік
және кәсіби сипаттағы мотивтердің салмағының азайғандығын көрсетеді. Ал
коммуникативті мотив, рекреациялық бағыттар, жеке қарым-қатынас мотивтері керісінше мотивациялық регуляция жүйесінде үлкен таралымға ие.
Интернет аудиториясы әрдайым өсіп бара жатқандықтан, интернеттің қоғамға әсер ететіндігін жоққа шығару мүмкін емес. Интернеттек қана ақпарат көзі ғана емес, сондай-ақ адамдар коммуникациясының үлкен зонасы. Интернеттегі қарым-қатынастың өзіндік спецификалық ерекшеліктері болады. Бүкіл әлемдік желінің әртүрлі мүмкіндіктері пайдалану адамның психикалық қызметіндегі құрылымдық және функционалдық өзгерістерге әкеледі. Желідегі қарым-қатынас ерекшелігі екі түрлі феномен тудырады: біріншіден, интернет виртуалды тұлғаны жасау мүмкіндігі пайда болды; екіншіден, реалды қарым-қатынастан айырмашылығының бар болуына байланысты интернет әсеріне жол ашылады. Менің болжауымша, интернет әсері тұтынушы тұлғасының психологиялық мәдениеттінің төмен деңгейінің индикаторы болып табылады. Ал интернетті танымның құралы және байланысты үзбеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қабылдау тұлғаның психологиялық есеюдің, жетілудің кепілі деп санауға болады.
Интернет – технологияларды дамыту туралы сұрақтар алғашында Желіні утилитарлы контесті негізінде ғана қарастырылғанымен ол халықтың психикалық саулығы жағынан қарастырылуы тиіс. Алдын – ала сақтандыру бағдарламаларын, қалыпқа келтіру орталықтарын және көмек көрсету топтарын жасақтау қажет. Зерттеудің жаңа облыстарына кибер-тәуелді адамдарды анықтау мен олардың күйін бағалау үшін стандартты диагностикалық құралдарды дамыту енуі керек. Бұл болашақта Интернеттің басқа тұрақтанған әдеттерге (мысалы, алкоголизм, азарттық ойындар, сексуалды комплекстер) және психиатриялық күйлерге (мысалы, депрессия, маниакаьлді-депрессивті бұзылыстар, зейін тұрақтылығының төмендеуі) [37].
Ғылыми-зерттеулердің мәліметтеріне сүйене отырып, «интернет-тәуелділігі» диагнозының негізгі 5 типін көрсетуге болады. Олар адамның нақты нәрсеге құмар екендігін сипаттайды:
киберсекс;
виртуалды танысулар;
онлайнды биржалық сауда;
және азарттық ойындарға құмарлық .
Емдеу сәтті аяқталуы үшін, адам өз бойында ауру бар екендігін саналы
түрде түсінуі маңызды шарт болып табылады. Бұдан кейін пациентті жетімсіздік комплексінің нәтижесі болып табылатын сексуалдық комплекстерден арылтуға көмектесетін шаралар қолданылады. Сондай-ақ адамның зейіннің оның жанұясына ауыстыру немесе түрлі әлеуметтік дағдыларға үйрету де эффективті әдіс болып табылады.
«Тәуелділік» (addicition) термині Интернетті көп кездесетін әлеуметтік және психологиялық мәселелермен ассоциациялау жолымен Интернет мәселелерін идентификациялауды жеңілдету мақсатында психиатрлардың лексиконынан алынған болатын. Барлығы 1-ден 10-ға дейін симптом байқалуы мүмкін, оған желіде тым көп уақыт өткізу, реалды әлемде болған кездегі тынымсыздық, киберкеңістігінде өткізілген уақыт көлемін жасыру немесе реалды әлемдегі жігерсіз әрекеттер. Интернетті тым артық пайдалану әлеуметтік изоляция, өспелі депрессия, жанұя бұзылуы, оқудағы сәтсіздік, финанстық тұрақсыздық, жұмысты жоғалтуға дейін апарады.
Саналық анализдің көрсеткіші бойынша, бұл құбылыстың кең таралуына жағдай жасайтын фактор Желідегі тұлғаның анонимділігі болып табылады. Негізінен анонимділік басты төрт бұзылыспен байланысты:
Түрлі ауытқуларды қалыптан күшеюі, көптеген сайттарда таралған жалған тіпті аморальды не тыйым салынған суреттерді (бала порнографиясы) қарау сияқты криминалдық әрекет жасау.
Кибер-тәуелділігінің пайда болуын интерактивті компоненттер жеделдетіп жібереді ол жанұя ішіндегі қатынастарға және жанұя тұрақтылығына негативті әсерін тигізеді. Ал бұл ең алдымен адамдардың реалды өмірден алыстап, тіпті айырылысуға дейін де апарады. Мұндай жағдайда индивидуалды және жанұя терапиясы қолданылады. Бұл процесс барысында жұбайлар татуласу және жанұяны қайта құру жайында жұмыс істейді.
Фантастикалық Интернет әлеміне ену үйрену үшін септігін тигізеді; бұдан кейін көңіл-күйдің түсуі және психологиялық үйлесімсіздік пайда болады. Олар психотерапиямен емделеді; қажет болған жағдайда фармакологиялық араласуда рұқсат етіледі.
1992 жылы Кимберли Янг ғылым докторы дайындаған ACE (Accesibility Control and Excitament) моделі интернет-тәуелділігінің дамуында басты рольде қол жетерлік, контроль (бақылау, тексеру) және қозу болады деп түсіндіреді. Модельге сәйкес Интернетке деген құмарлық 3 басты факторларға бола дамиды:
Ақпаратқа, интерактивті зоналарға және порнографиялық бейнелерге қатысты қол жетерлік;
Жіберілетін ақпараттың персоналды басқарылуы және анонимділігі;
Бейсаналы деңгейдегі ішкі сезімдер он-лайндағы қарым-қатынасқа үлкен сенім деңгейін бекітеді.
Кішкентай балалардың Интернетке қаншалықты жиі кіретінін білу аса маңызды, себебі он-лайн-педофилияның өсімі байқалып келеді. Ал бұл балаларға қатысты белгілі бір қауіп тудырады. «Педофилия» диагнозын қою үшін міндетті түрде балаларға жармасып, мазалау мысалдары ғана емес, ал адамның балаға қатысты түрлі сексуалды фантазиялармен көңіл көтерудің өзі жеткілікті. Соңғы кезде тыйым салынған суреттерді интернеттен жүктеп алулар саны өсіп келеді. Бұл жерде психологияның басты міндеті бала порнографиясын қарау мен балаға реалды жармасып-мазалау қаупінің арасындағы байланысты зерттеу болып табылады. Сондықтан да мұндай ақпаратты қарапайым мысалға дейін шектеу мұндай веб-беттерге кездейсоқ кіру мүмкіндігін азайту, желідегі іздеу әдісін жетілдіру және мұндай сайттарға кіріп кету кезінде міндетті түрде ескертулер жасау аса маңызды әрі қажет.
Интернет әсерінің деңгейін анықтайтын ресми түрде қабылданған критерийлер болмағындықтан дұрыс диагноз қою ауырға түседі. Дегенмен, Американдық Психиатрлық Ассоциациясының «Психикалық бұзылыстар бойынша диагностикалық және статистикалық анықтамалық» атты кітаптың төртінші шығарылымында критерийлер жүйесі келтірілген. Осы кітапта келтірілген диагноздардың ішінде ең жақын модель ретінде «азарттық ойындарға деген патологиялық құмарлықты» пайдалануға болады. Бұл модельге жүгінетін болсақ, Интернетке үйренуді химиялық заттармен қоздырылмаған, еріктік басқарудың бұзылуы деп анықтауға болады. Көрнекілік мақсатында Янг докторы 1996 жылы қысқаша тест құрастырған, оның көмегімен Интернет-тәуелділігінің дәрежесін былайша анықтауды ұсынды:
Сіз өзіңізді Интернетпен уайым басқан адам ретінде сезінесіз бе?(алғашында болған он-лайн сеанстары жайлы ойлап, келесілері жайлы қам жейсіз бе?)
Желіде өткізген уақытты көбейту жайында қажеттілік сезесіз бе?
Интернетті пайдалануды шектеу немесе тоқтату әрекеттерін жасау негізінде өзіңізді шаршаған, қозулы көңілсіз сезесіз бе?
Онлайнда өзіңіз белгілеген уақыттан артық уақыт өткізесіз бе?
Өміріңізді Интернет үшін жұмысқа, оқуға немесе жеке өміріңізге қауіп тудырған кезіңіз болды ма?
Сізде жанұя мүшелері, дәрігерлер не басқа адамдарда желіде өткізген уақытты құпия сақтаған кезіңіз болды ма?
Интернетті проблемалардан немесе жағымсыз көңіл-күйден арылу үшін (мысалы, жәрдемсіздік, кінә, қозу немесе депрессия сезімдерінен) пайдаланасыз ба?
Пациент бес не одан көп сұраққа иә деп жауап берсе, онда Интернет-тәуелділігі бар дегенді білдіреді .
Интернет идеалды зерттеушілік құрал болғанымен студенттерде оқуда проблемалар пайда болады. Оның себебі олар іске қатысы жоқ сайттарға кіреді, бірнеше сағат чаттарда әңгімелеседі , таныстармен сөйлеседі, оқудың орнына интерактивті ойындар ойнайды. Сөйтіп оларда үй тапсырмасын орындау, емтихандарға дайындаумен байланысты мәселелер пайда болады. Көбіне желіде өткізген уақытын басқара алмай, ұйқыларын қандырмайды.
Неке, ата-ана мен бала арасындағы қатынас, жақын достық та Интернеттің құрбандары. Компьютер компаниясындағы уақыт реалды адамдармен өткізген уақыттан асып кетеді. Алғашында тәуелділік әдеттегі істер - кір жуу, газон қырқу, магазин аралаумен емес, ал компьютердің алдында отырудан көрінеді. Бала жайындағы қамқорлық күнделікті жұмыстар сияқты жайдан жай қалады. Мысалы, анасы өз баласын сабақтан кейін мектептен алып, оған түскі асын беріп ұйықтатуды ұмытып кетіпті, бұл уақыт бойы Интернетте отырыпты.
Жақын адамдар Интернет адам санасын билеп бара жатқанын алғаш түсініп, ол өздігінен қояды деп үміттенеді. Алайда ештеңе өзгермесе; интернетте өткізілген артық уақытқа қарсы аргументтер пайдаланыла бастайды. Өкінішке орай ол қайтымды эффектке апарады. Тәуелді адамдар ашулы болып, Интернетті пайдалануды шектеуге тырысқандардан түрлі жолдармен қорғанады. Мысалы, келесідей стандартты фразалар қолданылады. «Менде проблема жоқ» немесе «Мен жай ғана демалып отырмын, маған бөгет жасама» - мұның барлығы орныққан тәуелділіктің белгілері болып табылады. Бұдан соң алкогольге деген қажеттілігін құпия сақтағысы келген маскүнем тәрізді, адам Интернетте өткізген уақыты туралы жалған айтуды бастайды. Мұның барлығы ертелі-кеш жанұядағы жақын қатынасты не достықты бұзады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген