400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеткіншектің тұлғалық дамуына жағдайлар жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеткіншектің тұлғалық дамуына жағдайлар жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тренингтер

«Өзіңді түсін» жеткіншектерге арналған тұлғалық даму бағдарламасы

«Өзіңді түсін» тренингі жеткіншектерге арналған. Ауысу, өтпелі кезеңіндегі жас ерекшелігінің қиындығы, жастардың есеюі: отбасын құрудың тұрақсыздығы, моральдық құндылықтардың орнықсыздығы, жеткіншектің «Менін», өмірлік қабілетін қалыптастыру, бейімделуін қажет етеді.


Тренингтің мақсаты:

Жеткіншектің тұлғалық дамуына жағдайлар жасау.


Тренингтің міндеттері:

1. Өзін тану, ішкі жан дүниесіне үңілу және өзінің бағытын білуге жағдай жасау.

2. Қатысушылардың сезім мен эмоция туралы білімдерін кеңейту, өз эмоциясы мен сезімін меңгере білу қабілетін дамыту.

3. Қарым-қатынас жасай білу дағдыларын, тыңдай білу қабілетін, өз көзқарасын білдіре алу, өзгелерді түсіне білуге, компромисстік шешім қабылдай білуін қалыптастыруға көмек.

4. Өзінің өмірлік жоспарларын түсініп, өмірлік мақсат қоя білуге, оларды жүзеге асыру жолдарын таба білуге жағдай жасау.

Қатысушылар категориясы: Тренинг жеткіншектерге арналған, олардың жасының 11-12 жастан асқаны жақсы. Бастауыш сыныптағы балалар әлі өзін-өзі тану сатысына жеткен жоқ, сондықтан оларға бұл тақырып әлі өзекті емес.

  • 10-15 адам қатысқаны дұрыс;

  • Топтар өз бетімен, еркін жинақталуы керек.

  • Ер балалар мен қыз балалардың аралас болғаны тиімді.

  • Жас ерекшелігіндегі айырмашылық өте алшақ болмағаны дұрыс.

Өткізетін орны: Тренинг өткізілетін зал немесе дәрісхана Өткізу формасы: Топтық жұмыс. Аптасына-бір рет.

Әр сабақ үш бөлімнен:

1. Кіріспе бөлім (сергіту)

2. Негізгі бөлім (жұмыс барысы)

3. Аяқтау кезеңі.

Тренинг 2 академиялық сағаттан 6 сабаққа құрылған (жалпы 12 сағат).

Кіріспе мен аяқтау кезеңі бүкіл сабақтың төрттен бір бөлігін ғана алады. Негізгі жұмысқа уақыттың көбі жұмсалады. Сабақтың кіріспе бөлігі қатысушылардың көңіл-күйі туралы бір-екі сергіту жаттығудан басталады. Әр сабақтың басында психолог топты жақсы сезініп, оның әр мүшесінің көңіл-күйін диагностикалап, жұмыс жоспарын құруы тиіс. Бұған қатысушыларға: «Өзіңізді қалай сезінесіз?», «Бұл уақыт ішінде нендей жаңалық (жақсылық, ерекше жағдай) болды?» «Өткен сабақтан не есіңде қалды»?, т.б. сұрақтар көмектеседі. Сергіту жаттығулары ретінде өзінің жеке жағдайларынан топтағы жұмысқа ауысып, белсенді түрде тақырып бойынша жұмыс жасауға, «қазір және осында» жағдайына ену.

Бұл сергіту жаттығулары талданбайды. Бірінші сабақта кіріспе бөлімі уақытты көп алады, себебі жұмыстың ережесімен таныстырып, қатысушылардың мотивацияларына назар аударып, жұмыс неден тұрады, соны түсіндіру керек болады. Алғашқы сабақ топ үшін үлкен маңызға ие: онда топ мүшелері топ ережесін, нормаларын, мотивтерін қалыптастырады.

Тренингтің жетістігі топтың белгілі қағидаларды ұстануына байланысты. Қатысушылардың белсенділік ұстанымы:

  • топ мүшелері әртүрлі әрекетпен: ойын, дискуссия, жаттығу, сондай-ақ өзге қатысушылардың іс-әрекетін бақылап, талдаумен айналысады;

  • қатысушылардың зерттеушілік ұстанымдық қағидалары арқылы қатысушылар коммуникативтік проблемаларды өздері, ал тренер пайда болған сұрақтарға жауап табуға ынталандырып отырады;

  • мінез-құлықты басқара білу принципі: қатысушылардың мінез-құлқы, тәртібі импульсивтік деңгейден объектіленген деңгейге көшеді; ол деңгейге ену- видеотехника көмегімен, сондай-ақ, топтың басқа мүшелерінің болып жатқан оқиғаларға қатынасын білдіруінің көмегімен, яғни кері байланыс арқылы жүзеге асады.

  • қарым-қатынастағы серіктестік ұстанымы: топ қатынасы барлығының қажетін ескеру, әрқайсысының құндылықтарын қабылдау, бір-бірімен өзара теңдікте болу, қол ұшын беру, бір-бірін сыйлау (өзгені «бұрышқа тығу», қитұрқы сұрақ қою, т.б. ыңғайсыздыққа жол бермеу);

  • «осы жерде және қазір» ұстанымы: топ мүшелері өз назарларын дәл қазіргі іс-әрекетке аударып, өткен тәжірибелеріне жүгінбейді;

  • Сырға берік болу ұстанымы: топтың «психологиялық жабықтығы» қатысушыларды психикалық жарақат алудан сақтайды.

Тренингтің міндеттерін шешуді топтық пікірталас, рөлдік ойын, психогимнастика сияқты құралдар жүзеге асырады. Олар топтың құрамына, мақсатына қарай жинақталып, қолданылады. Нақ осы тәсілдер жоғарыда аталған ұстанымдарды негізге ала отырып, қатысушылардың белсенділік, зерттеушілік мінез-құлқын қалыптастырады.

Топтық пікірталас (дискуссия) барысында қатысушылар проблеманың топтық үрдісін меңгеру іскерліктерін меңгереді, сондай-ақ пікірталасқа қатысушының, жаңа идеяны ендірушінің, эрудиттің ролінде болып үйренеді. Мұндай белсенді жұмыс барысында топтық біршама коммуникативтік дағдыларғ а ие болады.

Рөлдік ойында адамаралық қатынасқа, әрекеттесуге мән беріледі. Іскерлік, рөлдік ойындардың жоғары тиімділігін көптеген психологтар атап көрсетеді. Ойын барысында қатысушылар өздерінің күнбе-күн өмірінде кездесетін маңызды рөлдер мен жағдаяттарды «ойнайды». Ал жағдаяттың ойын түрінде болуы одан шығатын нәтиже үшін жауап беруден босатады да, олар мінез-құлықтың әр түрлерін таңдауға, шығармашылыққа мүмкіндік береді.

Ойыннан кейінгі тренермен бірге мұқият жасалатын психологиялық талдауды оқыту, үйрету мақсатын күшейтеді. Рөлдік ойындар ойнау барысында қалыптасқан әлеуметтік тәртіптің нормалары мен ережелері, қарым-қатынас стильдері, әртүрлі қарым-қатынас дағдылары тұлғаның жеткен жетістігі мен құнды байлығы болып өмірінде пайдаға асады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі