Материалдар / Жетпісбаева Зәуреш Е есебі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жетпісбаева Зәуреш Е есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшбасшы мұғалімдерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
597
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай білемін?





Тәжірибе кезіндегі жұмысымның басты мақсаты- бірлекскен оқуды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыру.Зерттеу барысында мектептегі анықталған басымдықты жүзеге асыру мақса-тында «Мектептегі бөлінген көшбасшылық» жәнекоучингтер өткіздім.Осы орайда менің мектебімде деңгейлік бағдарла-маны оқыған мұғалімнің жоқтығын еске салғым келеді...Тәжірибе барысын-да мектебімізге енгізіліп жатқан өзгерістерді қадағалауды және тың өзгеріс-тердің әріптестерімнің жұмысына ықпалын,олардың оқушылармен арадағы қарым-қатынастарын және оқу үдерісінің нәтижелілігін бақылау үшін тізбек-телген сабақтарға кіру және мұғалімдердің бірлескен тобындағы «Ltsson Staby» зерттеу тәсілін жүргіздік. Бірінші зерттеу сабағымыз 8-сыныптағы Қазақстан тарихынан «ХІХ ғас.ІІ жартысындағы Қазақстанды зерттеу». Пән мұғалімі А.Ө.(тәлім алушы).Сабақ басында мұғалім оқушыларды мозайка әдісі бойынша 4 топқа бөлді.Мұғалім таңдаған бұл әдіс «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді»,- деп Александр атап өткендей,бұл жерде де сыныпты ынтымақтастықпен оқытуға мүмкіндік берді.Өз кезегінде үй тапсырмасын сызба тест бойынша пысықтады.Сосын жұлдызша жапсырылған мозайканың бір бөлігін алған оқушыға топтың мүшелерін бағалап отыру тапсырылды. Ал жаңа сабақты ДЖИКСО әдісі арқылы өтті.Оқып талдау үшін 5минут уақыт бөлінді. Топтар мәтінді барынша белсенді талқылады,бірақ кейбір оқу-шылар пассив отырды,тіпті талқылауға белсенділігі төмендеу болды десем де болады.Себебі мәтінді оқуға уақыт аз берілген сияқты,олай дейтінім,оқушы-лар арасында мәтінді баяу оқитындар аяғына дейін оқып үлгіре алмағанынаңғардым.Оқушылардың кейбіреуі мәтін мазмұнын толық меңгермегендік-тен,сыныптастарына еркін жеткізе алмады.Сонымен қатар оқушылар басқа топқа орын ауыстырғанда кедергілер ұшырасты,тез орналаса алмады.Және оқушылардың кейбіреулері мәтін мазмұнын толық меңгермегендіктен,ойла-рын сыныптастарына еркін жеткізе алмады.Бұдан байқағанымыздай,келесі сабақта уақытты көбірек қосып,оқушылар бұл әдіске дағдыланып үйренген соң,уақытты жаймен азайтуға болатынын білдім. Енді «А» бақылауындағы оқушыға келетін болсақ,оқушы топта тақырыпты талқылауда белсенді қатысты,еркін отырды.Ал «В» бақылауындағы оқушыжазба жұмысын асқан ыждағаттылықпен қызығып орындады.Керісінше «С»бақылауындағы тек тыңдаушы ретінде ғана отырды.Және тағы бір аңғарға-ным,мұғалімнің өзі сұрақтар мен тапсырмалар беруде қателіктер жіберді.Мұ-ғалім бұл жерде тапсырмалар мен сұрақтарды өзгертіп,түрлендіріп,біртіндеп,









жеңілден қиынға қарай бағыттаса,бүкіл сыныпты қамтуға болатын еді.

















Оқушылар «Бірге ойланамыз» әдісі бойынша бүгінгі сабақтың мазмұнын постерге түсірді.Сонда олар бір тақырыптың өзінен әр түрлі идея,әр түрлі постер шығарды.Нақ осы бағытта мұғалімдер тапсырмаларды осылайша түр-лендіріп отыратын болсақ,балалардың шығармашылықпен жұмыс жасайты-ныныа көз жеткізгендей болдым.Десек те,оқушыларымызда еркіндіктің,ло-гикалық ойлаудың әлі де жетіспейтіндігін байқау қиын емес.Мұғалім үй тап-сырмасына эссе жазып келуді тапсырды.Ал сабақ соңында «Бағдаршам» әдісімен бағалау ұйымдастырылды.Бұл стратегия өте тиімді,оқушыларды та-қырыпты немесе белгілі бір тапсырманы орындау барысында оқыту үдерісі туралы ойлануға жетелейді.Топтар өзара бірін-бірі «жасыл» түспен бағалап шықты.Сонымен сабақ соңында тапсырманы орындауға уақыт аздық етті,жетпеді.Кері байланыс болмай қалды.Бірақ сабақта СТО,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,оқыту үшін бағалау,оқуды бағалау,оқытуды басқару және көш-басшылық,АКТ-ны пайдалану модульдері қолданылды. Сабақ аяқталған соң,мен «А,В,С» бақылауындағы оқушылардан сабақ жайлы,өту барысы туралы ой-пікірлерімен бөлістім.Оқушылар өздерін ыңғайсыз сезінгендей,ұялып тұрды. «А,В» бақылауындағы оқушылар топпен жұмыс жасаған өздеріне ұнағандарын жасыра алмады.Бірақ уақыт өте қысқа болды десті.Ал «С»бақылауындағы оқушы» сергіту сәтін» бір рет жасау аз секілдідей отырып, ол да топпен жұмыс істеудің өте қызықты болғанын айтты. Және сабақтың оқу барысы жайлы тәлім алушымен кәсіби әңгіме жүргіз-дім.Мұғалім сабақта толық мақсатына жете алмағанын айтты.Мұндай тәсіл-дерді сабақта қолдану қызықты екендігін,бірақ жаңадан қолдана бастаған-дықтан ба,әлі де дұрыс игере алмай жатқанына өкініш білдірді.Мен оған са-бағының құрылымы жаман еместігін,оқушылардың қызығушылықтарының да басым болғанын және «Джиксо» әдісін өте тиімді пайдалана алғанын айта отырып,келесі сабақтарында мәтінді оқуға уақытты кішкене көбейту,соны-





ПШО Атырау



мен қатар сабақты әлі де түрлендіру керектігі жөнінде кеңес бердім. «Lessou Staqy» тәсілі бойынща сабақ барысындағы бақылауымызды аяқтап,келесі сабағымызды бірлесе отырып қайта жоспарлап,іс-әрекетті ба-қылауға көштік.















Тәлім алушы Ө.А-ның «1860-70ж.оқу-ағарту мекемелері»тақырыбындағы екінші бірінші сабақпен салыстырғанда әлдеқайда сәтті өтті.Бұл сабақта оқу-шылардың сабаққа белсенділігі жоғары деңгейде болды.Бұл күні өткен сабақ-қа қарағанда мұғалімнің де көңіл-күйі көтеріңкі болды.Мұғалім жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында сыныпты ортаға шақырып,шаттық шеңберін құрды.Оқушылар бір-біріне өздерінің жылы лебіздерін ар-нады.Түрлі-түсті пішіндер арқылы сыныпты үш топқа бөліп алды.Үй тапсыр-масын сұрау үшін «Бинго» әдісін қолданды.Осы жерде бұл әдісті қолдану өте тиімді болды.А4 қағазын төртке бүктеп,жауабымен төрт сұрақ жазылып,со-сын топтар парақшалармен алмасты.Тым тез жылдамдықпен сұрақ пен жауапты сәйкестендірді.Және «Лото»ойыны ойналды.Бұл сұрақ-жауап арқылы жүзеге асып отырды,мұғалім мен оқушы арасындағы ұтымды диалогболды.Осы орайда Блум таксономиясының білу,түсіну деңгейін оқушылардың кедергісіз орындай алуға мүмкіндігі бар деп айтуға болады.Мұғалім бүгінгі сабақты «ой шақыра» отырып ашуға бағыттады.1860жылқай ғасырды құрайтынын сұрау арқылы оқушылардың бүгінгі өтетін(жаңа)сабақтың тақырыбына жақындауына ой тастады.Оқушылар дәл жауап бере алмаса да,әр қилы болжамды ойларын білдірді.Әрі қарай мұғалім жаңа сабақ-тың мазмұнын әр топқа ыңғайлап бөліп,оқуға бес минуттай уақыт берді.Осы жерде балалардың жеке жұмыс жасаудағы әрекеттері айқын көрінді.Бұл оқу әдісіне олардың дағдыланып қалғанын,тиімділігін түсінгендіктері байқалады. Оқып біткеннен кейін, топ ішінде талқылауға тағы бес минут берілді.Талқы-лау аяқталғаннан кейін,топтарға түрлі тапсырмалар бөлініп берілді. «А» то-бына пирамида,»В» тобына Венн диаграммасына түсіру,ал «С»тобына кесте,«Д»тобына тірек-сызбаны пайдаланып орындау тапсырылды.Бұл жерде «А»





бақылауындағы оқушының көшбасшылық қасиеті айқын көрінді.Өйткені берілген тапсырманы ең бірінші сол орындады және топ мүшелерімен ашық-жарқын тіл табысады,өзіне өте сенімді.Сондықтан бастаманы өзіне алып отырды.Ал «В» бақылауындағы оқушының да нәтижесі жаман болған жоқ.Ол салыстыруды логикаға сай,тыңғылықты орындап шықты.Ынтасы да жаман емес.Топ мүшелерімен диалогте болды және көңілді,сергек отырды.Мұғалімге тапсырма төңірегінде сұрақ та қоймады.Енді «С»бақылауындағы оқушы бұрынғыдай емес,топ мүшелерімен бірігіп орындауға жұмыстанды,ынталы отырды.ЖАДА қалыптасы деп те айтуға болады.Бірақ мұғалім тара-пынан әлде де «С»бақылауындағы оқушыны тартатындай,қызықтыра алатындай стратегиялар пайдалану қажет деп ойлап отырдым. Бұл жолы да әдеттегідей постерді жақсы оқитын оқушылар қорғап жатты.Тағы да бір шашыраңқылық болды ма,әйтеуір бір реттілік болмағандай көрінді. Десек те, бүгінгі сабақ мазмұны толығымен ашылған сабақ болды,Оқушылардың қызығушылықтары да жаман болған жоқ.



















Оқушы жүрегіне жол табатын тамаша әдіс кері байланыс екені кім-кімге де белгілі.Және бір жағынан алдағы сабақтың анықтап отыруға мүмкіндік бере-ді.Мұғалім «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы рефлексия жасатты:нені біл-дім?,нені үйрендім?,нені білгім келеді? Содан кейін сабақты мұғалім ауызша қорытындылап,үй тапсырмасын берді.Сабақ соңында сергіту үшін әдемі әуенмен жаттығу қимылдары жасалды. Бұл сергіиу оқушылар үшін өте тиімді болды деп ойлап отырдым.Өйткені күні бойы тапсырма орындаған балалар шаршауы мүмкін,сондықтан көңіл-күйлері көтеріңкі болу үшін сабақ соңында сергіту сәті артық етпейді екен.Шынына келсек,бұл сабақта да сол топ белсенділері қайта-қайта жауап беріп,қалғандары қамтылмай,кішкене шеттеп қалғандай көрінді. Себебі постер қорғаған кезде әлі де сенімсіздік,қобалжу,жүрексінулер болды.Бұған қарап,бұл әдісті әлі де дамыта түсу керек екен деген ойға тоқталдым. Сабақ аяқтала келе «Оқушы үні» алынды.Балалар үй тапсырмасын орын-даудағы «Лото», «Бинго» ойындарының өздеріне ұнайтындығын жеткізді.







«В» тобындағы оқушы қыз басқа топтардың көп шулағанын айтса, «С» то-бындағы оқушы жеке жұмыс жасағанды жақсы көремін деді. Кәсіби сұхбат жасағанымда уақытты ұтымды пайдалану,оқушылардың өзара бірін-бірі тыңдау мәселелеріне байланысты топ ережесін шығару қа-жеттілігі жайында өз ойымды жеткіздім.Ал кейбір оқшау қалып,белсенділік танытпай отырған оқушылардың ынтасын арттыру үшін рөлдік тапсырмалар-ды беруге беруге мүмкіндіктердің бар екенін есте ұстау керектігін нақтыла-дық.











Тәлім алушы Ө.А.-ның «Шоқан Уәлиханов - қазақтың ұлы ғалымы»тақырыбында өткен үшінші сабағы өте сәтті шыққан сабақтардың қатарынан саналды деп айтуға толық негіз бар.Бұл сабақтың ең басты ерекшелігі сы-ныптағы үлгермеуші оқушылардың сабаққа қатысуда белсенділік танытқан-дықтары.Әдеттегідей алдымен сыныпта жағымды психологиялық орта қа-лыптастырып алғаннан кейін «Тұрғын үй және оның тұрғындары» ойыны ар-қылы сыныпты төрт топқа бөліп алды.Сосын үй тұрғындарын анықтап алып,сары,жасыл,қызыл,көк түстерге қарай орналастырды.Үй тапсырмасын «Кір жаятын жіп», «Кубизм»әдістері арқылы пысықтады.Оқушылардың сабаққатүсінгендіктері осы әдістер арқылы білініп тұрды.Оқушылар маңызды оқиға-ларды тізбектеп жазуда асқан ептілік танытты.Қимылдары да сондай ширақ болды. «А» бақылауындағы оқушы бұрынғыдай емес реттілікті сақтап отырды және көшбасшылықты да өзге оқушыға ұсынып отырды. «В»бақы-лауындағы оқушы топ мүшелерімен пікірлесе отырып,берілген тапсырмалар-ды қызыға орындады. «С» бақылауындағы оқушы постер қорғады.Қорғауды өзінің сөзімен жеткізе алмаса да,әйтеуір оқушы сөйлемей қалмады және өзін еркін ұстады.Бұл біздер үшін үлкен бір жетістік болды.Алынбас асуды ба-ғындырғандай қуанып отырдық.Өйткені бүгін үлгерімі төмендеу оқушы-ларымыз сабаққа барынша белсене қатысты. Бүгін топ белсенділері де топ-тың барлық мүшелері сабаққа қатысу керектігін түсінген секілді.Бұд жердеең бастысы реттілікті ,тәртіпті сақтап отыруға топ ережесінің көмегі көп бол-



ды.Оқушылар бір-бірімен әрекеттесе отырып білім жинайтыны анық.





«Әліпби желісі» әдісі бойынша топтардан бір-бір оқушыдан шығып,сергіту сәтін ұйымдастырды. «Және әліпби» әдісімен бүгінгі тақырып бойынша сөздерді атап шығу тапсырылды.Бірақ бұл әдіске көп жаттығып,көп пайдала-ну керек секілді.Оқушылар жылдам ойлап,ұтымды тапқырлық көрсете алма-ғандай көрінді.Егер бұл әдісті үнемі пайдаланса,оқушылар тез дағдыланар еді.Жаңа сабақтың мазмұнын кластерге түсіруде олардың сыни тұрғыдан ой-лай алу қабілеттері көрінді.Осы кезге дейін мұғалімдер,өзіміз оқушылары-мыздың түрлі болжамдар жасауына ,еркін ойлануына ерік бермеген екенбіз.Мұғалім «Кім жылдам?» ойынымен сабақты қорытындылады.Бұл ойын оқу-шылардың бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылауға және уақытты үнемді пайдалануға көмектесті.Сабақ аяғында әр топ өздерінің топ мүшелерін сумативті бағаласа,мұғалім тарапынан оқыту үшін және оқуды бағалау жүрді. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы тәлім алушы Ө.А.-ның «Ы.Алтын-сарин жаңашыл педагог»тақырыбындағы төртінші сабағы жоғары деңгейде өткен сабақ деуге болады.Бұл сабқта бағдарламаның жеті модулі өзара үйлесімділікпен кіріктірілген бір сәтті сабақ болды.Енді Блу таксономиясының баға-лау деңгейіне жете алмаса да,жинақтау кезеңіне жетті.Қағаз қиындыларын құрастыру арқылы сынып тағы да төрт топқа бөлінді.Бұл жолы да мұғалім үй тапсырмасын «Бинго»әдісімен сұрады.Өйткені өткен сабақта балалар «Бинго»әдісінің ұнағандығын өздерінің рефлексияларына жазған болатын.Яғни,олардың бірі әннің әуенін ыңылдап айтады,ал келесі оқушы әннің атын табукерек.Бұл жерде мұғалім АКТ-ны тиімді пайдаланды.Яғни,АКТ арқылы сұ-рақтар қойып, «Ия»,не «Жоқ» деген жауаптар адды.Бұл тапсырманы орындауда балалар белсенділік танытты.Бұл жердегі жақсы әрекеттеріне қарай отырып,өткен сабақты жақсы түсінгендігін байқауға болады.Яғни,біз қолданған стратегиялар орынды жерінде тиімді қолданылып жатыр деген сөз.Енді бұл жерде тапсырмаларды жеке оқытумен қатар,топта талдату арқылы да бүгінгі жаңа сабақтың мазмұнын өздеріне ашқызды.Топтардан бір оқушы-дан шығып, «Кезбе тілші» әдісі бойынша тапсырмалар берді.Мысалы,бір оқушы телефон арқылы Ыбырай туралы деректер айтып хабарласа,екін-ші оқушы теле-жүргізуші болып, Ыбырай туралы мәліметтер келтірді.Үшінші оқушы куәгер болды,ал төртінші оқушы куәгерден сұхбат алатын тілші болды.Балалар бұл тапсырманы да сәтті орындап шықты.Бұл жерде аң-ғарғанымыз,оқушылардың көбі рөлдік ойындарды жақсы көреді екен.Сонда тапсырмалардың өзін балалардың қызығушылығына,таңдауына қарай берсек,олар жоғары табыстарға жете алады екен деген ойға келдім.Және олардың бойынан сондай балаға тән жарасымды бір еркіндікті байқадық.Оқушыларжаңа сабақтың мазмұнын тұжырымдамалық карта арқылы ашты.Алдыңғы са-





Бақтарда қызығушылығы төмендеу болған оқушылар бұл жолы тақтаға өз еріктерімен шығып, Ы.Алтынсарин туралы мәліметтерді жүйелей жеткізді. Мұғалім «Алғашқы дала қоңырауы»атты сабаққа байланысты видеоролик көрсетті.Сабақ соңына қарай талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда кеңейтілген тапсырмаларды қолданудың белгілерін есте ұстай отырып, «А»бақылауындағы оқушыға бүгінгі сабақты қорытындылау үшін5 минут мұғалім өз рөлін ұсынды. «А» бақылауындағы оқушының сөйлеу қабілеті,өзін-өзі еркін ұстай алуы,тапқырлығы,ойлау жылдамдығы,тіпті дауыс мәнеріне дейін оның сыни ойлау дәрежесінің деңгейін көрсетіп тұрғандай бізге жақсы әсер қалдырды.Ол сыныптастарын өзіне ұйыта білді және олар-ға қорытындылау,пысықтау сұрақтарын да қоюды ұмытқан жоқ.Бұл күні «А»бақылауындағы оқушы өзіне тән ерекше қасиетін танытқандай болды. «Бағдаршам» әдісі бойынша бүгінгі тақырыпты түсінген,түсінбегендікте-рін сабақ соңында әр түрлі түстер арқылы көрсетіп отырды. Сабақ барысындағы түрлі өзгерістер оқушыларға әлеуметтік, танымдық,эмоционалдық мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесті деп ойлаймын.Өйт-кені оқушылар сабақтың мақсатын өздері қоя білуге,сыни тұрғыдан ойлауға,өзін-өзі реттеп отыруға дағдыланады.Нәтижесінде «А»бақылауындағы оқушы іздене білетін,көпшіл,жан-жақты ойлай алатын білімді дедарынды оқушы , «В» бақылауындағы оқушы да ,әрине,ізденімпаз,мақсаьына өз бетін-ше ұмтылады,бірақ мінезінде аздаған тұйықтық бар.Ал «С»бақылауындағы оқушыда ілгерілеу болғаны анық көрінді,ол сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасауды,топ мүшелерінің тәжірибесіне сүйенуді үйренді. «Lessou Staby» тәсілінің көмегімен әріптестерімнің арасында бірнеше сәтті қадамдар жасалды.

1.Бір-бірімен тәжірибе алмасты2.Зерттеу барысында кәсіби жетілді 3.Сыныптың толықтай оқытылуына барынша ат салысты 4.Мұғалімдер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болды 5.Сабақтарды бірге жоспарлады 6.Зерттеу мүшелері негізгі идеяларға келісіп,бірге жүзеге асырды 7.Мұғалімдер оқушылардың әрбір жетістігіне қуана білді Тәжірибе кезеңінде алға қойған ең басты мақсатымыз-бірлескен оқуды тиім-ді пайдалану арқылы оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыруболатын.Және менің мектебімдегі оқушылар да,мұғалімдер де бұл мақсатқа қол жеткізудің алғы шарттарын көрсете білді деп ойлаймын.Біздер алғашқы сабақтарда кеткен кемшіліктердің орнын келесі сабақтарда толықтырып отырдық.Және оқушы үні мен кәсіби әңгіме ықпалының көмегінің көп екен-дігін білдік.Сонымен қатар әріптестерімнің түрлі әдіс-тәсілдерге қажетті әдістемелік ресурстарға деген қызығушылықтары оянып,көзқарастары өзгер-

ді.Оқушыларымыз да бірте-бірте бірлескен оқуға төселе бастады.Олардың сабақтарда топтың намысы үшін бір-біріне көмектесетіні ,өзара біріге қала-тындықтары,жұптық,топтық тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орын-дайтындары,ұйымшылдықтары байқала бастады.Алғашқы сабақтардағы сенімсіздіктен арылып,еркіндік сезіле бастады.Олар бұрынғыдай емес мұға-ліммен де еркін сөйлесуге болатынын түсінді.Өзін-өзі бағалаудың,өзара баға-лаудың не екенін білді. Мектебімдегі тәжірибе кезеңінің соңғы жағына қарай осы үдеріске аралас-қандардың ойларын білу үшін,тағы да сауалнама жүргіздім.Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойдым:-жұппен,топпен бірге жұмыс істеу ұнады ма? Неліктен? (ұнамаса,неліктен?)-сабақта бірлескен оқу кезінде сыныптастарыңның бойынан қандай өзгеріс-терді байқадың?-мұғалімнің сабақ өтуінен қандай өзгерістерді, жаңа тәсілдерді байқадың?-мұғалім мен оқушы арасында қандай пікір алмасу,қандай еркін байланыс болды деп ойлайсың?-өзара бағалау дегенді қалай түсінесің? Оның пайдасы болды ма?Оқушылардың жауаптары мынадай болды:













































Бұл үдеріске қатысқан ата-аналардың пікірін білу мақсатымен оларға да сауал берілді,олар сауалға қуана жауап беретіндіктерін айтты.Сұрақтар:-топтық жұмыстың нәтижелі болатынына сенесіз бе?-балаңыздың бойынан өзгерістер байқайсыз ба?-байқаған өзгерістер туралы пікір алысып көрдіңіз бе?-ол өзгерістерді қалай,неден байқадыңыз?-бұл жаңашылдықты болашақта қолдайсыз ба?









































































Сонымен қатар тәжірибе барысында коучингке қатысып, өз сабақтарына жа-ңа әдіс-тәсілдерді пайдаланған әріптестерімнен де төмендегідей сауалнама алынды.

1.Сіз қатысқан коучинг тақырыбы сізге жаңа серпін бере алды деп ойлайсыз ба?2.Сіз үшін өткізілген коучингтердің маңызы бар ма?3.Өткізілген коучингтер сіздің кәсіби дамуыңыздың сұранысына сәйкес келе ме?4.Өзіңіздің ойыңызша, неге қол жеткіздіңіз?5.Сіз болашақта өзгелермен өз жұмыс қорытындыларыңыз жайлы ой бөлісе аласыз ба?6.Жаңа оқу жылында осы жаңалықтардың қайсысын өз іс-әрекетіңізде жос-парлау ойыңызда бар?7.Осы тақырыпқа(бастамаға)коучингтің пайдасы болды ма?8.Сапаны қалай бағалайсыз?

Мен























































Сонымен өз мектебімдегі тәжірибе кезінде атқаратын жұмысымды,зерт-теуімді ,МДЖ-да алдыма қойған мақсаттарымды орындадым деп айта ала-мын. Элементтердің қисынды ретін белгілеу арқылы алғашқы деректер-қызмет,соңғы деректер-нәтиже-ықпал ету арқылы өзімнің логикалық моде-лімді құрылымдадым деп ойлаймын.Тәжірибе барысындағы іс-әрекеттегі зерттеуіме,талдауыма,жүйелеуіме сүйе-ну арқылы осы қорытындыға келдім.Әрине,жаhандануды бір айдың көлемін-де мектебіме әкеле алмасым анық.Бірақ менің үлкен мақсатым орындалған-дай.Ол мектебіме мен әкелген кішкентай ғана жаңалықтың тұрақтап қалуы,соны әріптестерімнің ұстап қалуы еді.Солай болғанына мен сенімдімін.





Пайдаланылған әдебиеттер:1.Мұғалімдерге Арналған Нұсқаулық. І деңгей2.Үлестірмелі материалдар.І деңгей3.Оқушылардан алған рефлексиялар4.Оқушы,мұғалім,ата-аналардан алынған сауалнамалар5.Сабақтардың бейнежазбалары6.Мұғалімдердің орта мерзімді,қысқа мерзімді жоспарлары







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!