Сабақ тақырыбы: « ЖИ және физика »
Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. ЖИ-ті пайдалы қолдану арқылы, заман талабына сай дамыған оқыту түрін іске асыру. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Жасанды интеллект, ой алмасу,ойын, практика.
Сабақтың көрнекілігі: Интеллектуалды тақта, ғалымдар суреті,
формулалар жазылған қағаздар.
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар
және білімге, намысқа, жеңіске құштар қатысушылар!
Бүгін біз ерекше сәттің куәсіміз — бұл ақыл мен логиканың,
жылдамдық пен білімнің, жігер мен рухтың тартысы!
Мұнда тек мықтылар сыналады, тек үздіктер жеңеді.
Байқауды бастамас бұрын қазылар алқасымен танысып өтейік:
Кеттік онда! Керемет білім додасын бастаймыз!
Ендігі кезекте, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтсек;
1-ТУР: ТАНЫСТЫРУ (үй тапсырмасы)
2-ТУР: ПАЗЛ
3-ТУР: ӨЗ ОЙЫНЫ
4-ТУР: ФИЗИКА-ФОРМУЛА
5-ТУР: ТӘЖІРИБЕ
6-ТУР: БЛИЦ мақал-мәтелдер
МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ
Қатысушы 2 топ:
1-топ: F (Күш)
2-топ: m (Масса)
1-КЕЗЕҢ – ТАНЫСТЫРУ ( әр топ өз фантазияларына байланысты креативті түрде өздерін таныстыруға тиіс. Видео, постер,, көрініс түрінде болады)
2-КЕЗЕҢ — ПАЗЛ.
Алғашқы кезеңіміз — “Пазл: физика ғалымдарының
суретін құрастыр”!
Бұл жерде бәрі оңай емес, заңдылықтарды білмесең — шатасасың.
Әр командаға интерактивті тақтада пазл ұсынылады.
Әр қатысушы 20
секунд ішінде пазл элементінде жазылған сұраққа жауап беруі
керек.
Дұрыс жауап берген жағдайда команда өз элементін басқа
бөліктермен қосу мүмкіндігіне ие
болады.
Осылайша, барлығы бірігіп, біртұтас
портрет құрастыруы қажет. Ойын соңында жинаған ұпайлары %
бойынша көрсетіледі.
Бұл
кезеңде қажет — логика, зейін және тапқырлық!
Ал, бастайық — пазл әлеміне енейік!

3-КЕЗЕҢ — ӨЗ ОЙЫНЫ
Келесі кезеңіміз — нағыз тактика мен интеллекттің
айқасы — “Өз ойыны”!
Мұнда бәрі өз таңдауыңа байланысты. Әр қатысушы өзіне ұнайтын
тақырып пен сұрақ деңгейін таңдайды.
Бір дұрыс таңдау — жоғары ұпай, бір қате шешім — мүмкіндік
жоғалту.
Бұл кезең — ақылды, батыл және сенімді адамның алаңы!
Таңдауың — сенің бағытың!

4-КЕЗЕҢ – ФИЗИКА-ФОРМУЛА
Тақтада сурет бөлшектерінде формула құрылымдары жазылып тұрады. Бөліктерді дұрыс орналастыру арқылы формула құрастыру қажет
5-КЕЗЕҢ – ТӘЖІРИБЕ
Оқушылар дайындап келген тәжірибелерін көрсетеді.

6-КЕЗЕҢ — ФИНАЛ: БЛИЦ СҰРАҚТАРЫ
Міне, көптен күткен сәт — шешуші финал,
топбасшылар сайысы!
Бұл — найзағайдай жылдамдық пен нақты білімнің айқасы — “Блиц
ойыны”!
Мұнда сұрақтар қысқа, ал уақыт санаулы!
Бір секунд — бір мүмкіндік. Бір жауап — жеңіске бір
қадам!
Мұнда физика заңдылықтарына
байланысты мақал-мәтел, жұмбақтар оқылады.
Кім бірінші болып
батырманы
басып, мақалды жалғастырса немесе
жұмбаққа жауап берсе ұпайға ие
болады.Бұл
жерде жеңіс — тек жылдам ойлайтын, нақты сөйлейтін және сабыр
сақтайтындардың қолында!
Бастаймыз! Бұл финал — мықтылардың уақыты!
1.Жел тұрмаса ........(шөптің басы қимылдамайды)
2.Күн шықса - ........ (көлеңке қысқарады)
3. Ауырдың үстімен, ......... (жеңілдің астымен)
4. Су ағады ...... (тас қалады)
5. От - ...... (тілсіз жау)
6.Жылжыған тас - ........ (мүк баспайды)
7. Қыс азығын ....... (жаз жина)
8. Бар-жоғын білмейсің
Онсыз өмір сүрмейсің (Ауа)
9.Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды (Масса)
10. Қос сүрлеу бар жолымда,
Екі қамшы қолымда.
Міндім де екі арғымақ
Таудан түстім қарғып-ақ. (шаңғы)
11.Жай көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді. (молекула)
МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ
Марапаттау кезеңі
Ең
қуанышты әрі салтанатты сәт — жеңімпаздарды
марапаттау!
Бүгін әрқайсыңыз өзіңіздің жарқын
біліміңізді, топтық
бірлігіңізді және жеңіске деген
жігеріңізді көрсеттіңіздер.
Қазылар алқасы қорытындысын шығарып жатыр, ал біз
болсақ, ең үздіктердің
есімін білуге дайынбыз!

ҚОРЫТЫНДЫ
Міне, достар, осылайша біз білім мен намыстың
тамаша додасын аяқтадық!
Әр қатысушы — үздік, әрқайсысы — мақтаныш!
Бұл Олимпиада — тек жарыс емес, бұл рухтың, табандылықтың, ең
бастысы — білімге деген құштарлықтың символы!
Білім — мәңгілік, ал бүгін — сіздердің жеңіс күніңіз!
Баршаңызға алғыс айтамыз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"ЖИ және физика" атты сабақтан тыс интеллектуалды сайыс.

шағым қалдыра аласыз