Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Жиб жица күресі
Материал туралы қысқаша түсінік
Қ Әбдіқадіров Жиб-жица келе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
615
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Тексерілді:
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Тексерілді:
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Тексерілді:
Күні | 06.12.17 |
Сабақтың тақырыбы | Қ.Әбдіқадыров Жиб-Жица күресі |
МақсатыКүтілетін нәтижеСабақтың жабыдығы | Автор туралы түсінік беру. Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Алып күш иесін құрметтеуге және спортты сүюге баулу. Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйлауға тәрбиелеу.Әдіс – тәсілдер:«Дөңгелек үстел» әдісі, Аквариум» әдісіКөрнекілігі: Қ. Мұнайтпасовтың портреті, спортшылар суреттері |
Қызығушылықты ояту | Балалар, «Балуан» деген сөзді айтқанда ойларыңызға не түседі, оның мағынасын қалай түсінер едіңдер?Ықтимал жауаптар немесе сөздер:1. Заңғар күш иесі 2. Батылдық, алғырлық, 3. Қайратты, күшті4. Отанын, жерін қорғаушы 5. Мықты, қайсар 6. Өжет, табанды7. Ер, батыр 8. Алып күш 9. Күш атасы 10. Ерлік |
Мағынаны тану | 1.Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб - жица» әңгімесі: - Автор туралы мәліметті тірек сызба арқылы айтуӘбдіқадыров Қалмақан (15. 4. 1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30. 4. 1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған . Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді. Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фирдоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В. М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет — 1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған.Тірек сызба арқылы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірбаянымен танысу.Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1886 - 1948 жж.) — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1886 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген.Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. Жиб - Жица күресіЖапонның Жиб - жица күресіне ұқсас қазір «Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяққа - қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір - бірінің денесіне зақым келтірседе жазаланбайды.2.«Дөңгелек үстел» әдісі1 топқа. Қажымұқан туралы не білеміз?2 топқа. Тірек сөздермен жұмыс. Тірек сөздер: Қажымұқан, палуан, күрес. Осы сөздерді қатыстыра отырып, топтағы балалар шағын әңгіме құрастырады.3 топқа: Қажымұқанға мінездеме беру.3.Мәтінмен жұмыс:- Мәтінді оқу.- Жоспар құру1 бөлім: Қажымұқанның Жапон палуаны Сар - Кек – Ки - мен кездесуі.2 бөлім: Палуандар арасындағы сайыс3 бөлім: Қажымұқанның жеңісі.- «Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Мысалы, мәтіннің 1 - бөлімі бойынша бір топтан, 2 - бөлімі бойынша келесі топтан шығады. Олар мазмұнын баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады. |
Үйге тапсырма | Әңгімелеу, мәтін бойынша сурет салу |
Бағалау | |
Кері байланыс | «Не білдік?», «Не үйрендік?» сұрақтарға жауап беру |
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Математика | Уақыты:07.12.17 | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы | Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу | ||
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор | ||
Сабақтың жабдығы | суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. | ||
Жалпы мақсаттарОқыту нәтижесі | Көп таңбалы сандарды көбейту мен бөлуден тұрған білімдерін нақтылау, тиянақтау; жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын қалыптастыра отырып алғырлыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, өз бетімен жүйелі қорытынды жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау белсенділігін дамыту.Түрі: қайталау сабақ.Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап.Көрнекіліктері: көбейту және бөлуге арналған карточкалар, т. б | ||
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | ||
Топқа бөлу | Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. | ||
Үй тапсырмасын пысықтау | Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері қайталанады. | Оқушылар ауызша орындайды | |
Жаңа сабақ | а) Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу тәсілін түсіндіру:56•70=56•(7•10)=56•7•10=392•10=39203920:70=3920:(10•7)=3920:10:7=392:7=56ә) Жазбаша көбейту және бөлу тәсілін түсіндір:Оқулықтағы тапсырмаларды нұсқауға сәйкес топтарда бөліп орындау.Дәптермен жұмыс. | ||
Сергіту сәті | Бір үйде біз нешеуміз?Кел санайық, екеуміз.Бас бармағым - папам,Балаң үйрек - апам.Ортан терек - ағамШылдыр шүмек - менТиттей бөбек - сен.Бір үйде біз нешеуміз?Бір үйде біз бесеуміз. | ||
Ой толғаныс | 1. Сүт екі шелекке бөліп құйылған. Бірінші шелектегі сүт екінші шелекке қарағанда екі есе көп. Енді екі шелектен де 10 литрден сүт құйып алғанда, бірінші шелекте екіншіге қарағанда 3 есе көп сүт қалды. Әуелде әр шелекте неше литр сүт болған?2. Ермек 4 кітап сатып алды. Бірінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 420 теңге тұрады, екінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 400 теңге тұрады, үшінші кітапты санамаса 380 теңге, төртіншіні санамаса 360 теңге тұрады. Енді әр кітаптың бағасын табыңдар.3. Құмырсқа көрші илеуге барғанда жаяу барған, қайтарында көбелек құртына мініп келген. Жолдың бірінші жартысын көбелек құртына мініп өте ақырын жүрген. Бұл жаяу жүргенге қарағанда екі есе ақырын еді. Ал екінші жартысын ол шегірткеге мініп келді. Бұл жолы ол жаяу жүргеннен 5 есе жылдам жүрді. Құмырсқа қонаққа бара жатқанда аз уақыт кетті ме, келе жатқанда аз уақыт кетті ме? | ||
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? | Саған қайсы тапсырма қиын болды? | |
Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау | Оқушылар күнделіктеріне жазады | |
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма?Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. | Бағалау парақшасын толтырады | |
Кері байланыс |
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Күні | 07.12.17 | |
Сабақтың тақырыбы | Ш.Мұртаза Бала Тұрар | |
МақсатыКүтілетін нәтижеСабақтың жабыдығы | Оқушыларға Ш. Мұртазаның «Бала тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өмірімен таныстыру.Оқып ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту.Отан сүйгіштікке, елін қорғайтын шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.Әдісі: сұрақ жауап, талдау, іздену.Көрнекілігі: Суреттер | |
Психологиялық ахуал | Біз балдырған баламыз,Құстай қанат қағамыз.Дүниені аралап,Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | І.Үй тапсырмасын сұрауIІ. Мақсат қою кезеңі:1. Сабақтың мақсатын тақырыбын хабарлау.2. Жаңа сабаққа даярлығын тексеру. 2 - 3 сыныптарда Ш. Мұртазаның қандай әңгімелерін білесіңдер?«Бала Тұрар», «Интернат қоймасы», «Қызыл жебе»Y Жаңа сабақты меңгертуКіріспе Шерхан Мұртаза туралы қысқаша түсінік.Шерхан Мұртаза: 1932жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Оның «Қызыл жебе» романы, «Белгісіз солдат» романы, «Қара Маржан» деген романдары болған.- Ал енді Тұрар Рысұлов туралы не білеміз? - Тұрар қандай бала болған?Тұрар зерек бала екен. Тұрар Рысқұлов 1894жылы 26желтоқанда Жетісу облысы Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында дүниеге келген.Әкесі - Рысқұл Жылқыайдарұлы Қарапайым шаруа. Қиргиз. Мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылы төңкеріске қатысушы. 1907ж - 1910ж Тұрар Рысқұлов Меркедегі орыс- қазақ бастауыш мектебінде, ал 1910ж - 1914ж Пішкек (қаз Бішкек) ауыл шаруашылық училищесінде оқиды. Бау-бақша мамандығын алады.Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғаш Тұрар Рысқұлбеков еді.ә) Репрессия деген не? Репрессия мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.б) 1937ж - 1938жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үміт насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22мыңы атылды. Белгілі жазушы Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе», романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз.ІІI. Романның үзіндісін түсініп жалғастырып оқу. Мәтінді оқушыларға бөліп оқыту.Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгергенін себебі неде?ІY. Дәптермен жұмысY. Сергіту сәтіҮІ. Сөздік жұмысыТілмаш, Писарь, АспараҮІІ. Шығармашылық жұмысТұрар туралы шағын әңгіме жазуҮIII Сұраққа жауап | |
Жаңа сабақ | ||
Ой толғаныс | ||
Үйге тапсырма | Әңгімелеу | |
Бағалау | ||
Кері байланыс | «Не үйрендік?», «Не білдік?» сұрақтарға жауап беру |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)