400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жігіт сұлтаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Басатуыш сыныпқа арналған, өте қызық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны-2018»
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сұрақтар,әуендер,асық,
Байқауға қатысатындар: бастауыш сынып ұлдары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі,бастауыш сынып оқушылары.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
1--------------------

2--------------------

3---------------------

Сайыс кезендерімен танысып алайық.

1-бөлім.Таныстыру

2-бөлім.Жігітке жеті өнерде аз

3-бөлім.Күш білекте

4-бөлім.Білгенге маржан

Әр бөлімге жоғары 5ұпай төмен1 ұпай

Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.

1,Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға,сом білек

Қажымұқанның інісіндей Молдағалиев Темірланды.

2. Қуантады білімімен бізді Бейсенбаев Арлан
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

3. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Рамазан

Көрінген күштің басынан

4. Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақыралық ортаға
Темірұлы Алижан   атты жігіт болған сарбазды

Көрерменмен ойын.

2-бөлім.«Жігітке жеті өнерде аз». Өнер сайысы.
Жүрг.: Құрметті көрермендер, әділ - қазылар! Халқымызда «Сегіз қырлы бір сырлы» деген мәтел бар. Енді сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап әділ бағасын берейік.

4сынып көңілді би

3. Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «күш білекте» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі.

3сынып би

4-бөлім.Жүргізуші.:

Қазақтың түрлі — түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын табама екен бұл жігіттер
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар.-деп

«Білгенге маржан» деп аталатын сайысымызға кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз.. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.
Жүргізуші: Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.

Сұрақтар.

1, Төрт түлік малды ата.

2, Сәби баланың төсегін ата.

3, Қазақтың ұлттық ойындарын атаныз.

4, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы? (Абай Құнанбаев)

5, Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

6. Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеулері не деп аталады? (Диалог)

7.Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам.

8. ҚР-ның ұлттық валюта күні қашан?

Жүргізуші.Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.деп бүгінгі
«Жігіт сұлтаны» сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі