400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жігіт сұлтаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілерді отан сүйгіштікке,батырлық пен батылдыққа тәрбиелеу,бойындағы өнерлерін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жігіт сұлтаны

Сабақтың мақсаты: тәрбиеленушілерді отан сүйгіштікке,батырлық пен батылдыққа баулу. Бойындағы өнерлерін көрсетіп,жеңіске жетуге талпыну.Мәдениеттілік пен әдептілікті бойларына сіңіріп,шығармашылықтарын одан әрі дамыта түсу.
Көрнекілігі: Әдемі безендірілген шарлар,плакатқа салынған суреттер мен мақал-мәтелдер.

Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Қонақтарды құрметтеп,
Әнімізбен қарсы алайық.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері дайындаған шағын концертімізді тамашалаңызар.

1.Ән: «Егемен Қазақстан»

2. Ән:«Ел қорғауға әзірміз ».

3.Қыздарымыздың орындауында тақпақтар тындаңыздар.

4.Қыздарымыздың орындауында «Катюша» биі

Береке де осында,
Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан,
Қырандардың қасында,

дей келе ,мектепалды даярлық тобының ұлдары арасында өткізгелі тұрған
«Жігіт сұлтаны» сайысын ашық деп жариялаймыз.

Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал,қанекей қырандар!
Босқа қарап тұрмандар.
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға самғаңдар,-

деп сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық.
Санжар, Сұлтанбек,Саян,Санжар,Муслим,Шерхан,Еламан,Батыржан

Сайысымыздың кезеңдерімен таныстыру:
І. «Мен қазақтың ұлымын» таныстыру./өзі немесе отбасы туралы /
ІІ. «Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету. /өлең немесе би/
ІІІ.« Асық ату» өнері
ІV. «Адам көркі-шүберек» сән көрсетілімі.

Келді міне ,бүгін сын алуға,
Сын алып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділқазы әділ баға.
Әділқазы алқасымен таныстыру.
Сайыскерлер номерлерін анықтау.
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер таныстырып өздерін,
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.
1.«Мен қазақтың ұлымын» таныстыру.

Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп,ал біреуі ән салыпты.
«Өнерлінің өрісі кең» байқауында,
Қол соғып,барша халық тамсаныпты.
ІІ.«Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету.
Білім оймен арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз.
ІІІ.«Асық ату»
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.
ІV «Адам көркі-шүберек»

Әділқазыларға сөз. Марапаттау.
Қорытынды:
Бүгін міне,оң болып әр сөзіміз,
Жоғары боп күш-жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық сайысымыз.

Picture 12

Picture 13









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі