жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жігіт сұлтаны
Дамир: Ақжарқын,сәлем білесің бе,бүгін қандай күн?
Ақжарқын: Жігіт сұлтаны?
Дамир: Жооооқ, Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз келіп жетті емес пе.
Ақжарқын: Аааа, дұрыс айтасың. Дамир , сені наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Олай болса құттықтау сөзді мектеп директоры Муканова Магиза Какашевнаға береміз.
Сөз:
Дамир: Ұлыстың ұлы күнінде барлығына арайлап атқан әр күн шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол болсын, жыл ырысты болсын.
Ақжарқын: Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын.
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын.
Дамир: Соған орай Ұлыстың ұлы күнінде Жігіттің Сұлтанын анықтасақ қайтеді?
Ақжарқын : Тамаша ұсыныс! Олай болса бастайық
Дамир: Армысыздар оқушылар мен қадірлі де құрметті ұстаздар!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Ақжарқын: Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Ақжарқын:
Өрендерге
бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін,
Сезімтал
мен зерегін таразылап көретін,
Таныстырсақ
сіздерді қазылармен бұл кештің
Тарландардың
бағасын әділ шешіп беретін,
Қазылар
алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
1. Физика пәнінің мұғалімі Қабышев Есенгелді Маратұлы
2. География пәнінің мұғалімі Дауымова Дана Жумабековна
3. Бастауыш сынып мұғалімі Екібасова Рысжан Айқынқызы
Дамир:
Енді бүгінгі сайыстың өтілу ретімен
таныстыра кетейін:
1-«Таныстырсам
өзімді»- өзін таныстыру
2-«Жігітке жеті өнер де аз»-өз өнерін көрсету
3-Салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап сайысы
4-Спорттық жарыс, жерден тартылу
Ақжарқын: Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер Жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық. Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Дамир: Байқауымызды ашық деп жариялап,
«Жігіт сұлтанына» қатысушы жігерлі жігіттерімізді қошаметпен ортаға шақырайық.
Ақжарқын: Зерек,шапшаң,нақты ғылымдар шебері,орнықты жігіт 10 сынып оқушысы Ғалымов Алишерді ортаға шақырамыз.
Дамир: Техниканың қыр-сырын терең меңгерген, сыпайы,сабырлы жігіт 9а сынып оқушысы Нығметолда Дильшатты ортаға шақырамыз.
Ақжарқын: Көпшіл,көңілді,физика ғылымын терең меңгерген,сері жігіт, 8а сынып оқушысы Амирғазин Алижанды ортаға шақырамыз.
Дамир: Әзілқой,әдепті,бишілік өнерді терең меңгерген, көңілді жігіт,8ә сынып оқушысы Тоқтарбеков Мирасты ортаға шақырамыз.
Дамир: Қатысушыларымызды 1-ші сайысқа дайындалуға шығарып салайық.
Ақжарқын: Жігіттер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға,
дей отыра жігіттерімізбен таныса отырайық
Дамир: 1-ші сайыс- «Таныстырсам өзімді» деп аталады, әр қатысушы өзін таныстырады,бірінші болып 10 сыныптың үміткері өзін таныстырады.
Ақжарқын: Екінші болып 9 «а»сыныбының үміткері өзін таныстырады.
Дамир: Сөз кезегі 8 «а» сыныбының үміткеріне беріледі.
Ақжарқын: Сөз кезегі 8 «ә» сыныбының үміткеріне беріледі.
Дамир:
Қайсысы
әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!
Ал ендеше өнер жарысының кезегі де келіп жетті. Алдарыңызда 10 сынып өнерпазы Ғалымов Алишер
Ақжарқын: 9 а сыныбының өнерпазы
Нығметолда Дильшаттың өнерін тамашалайық
Дамир: Көпшілікті өз өнерімен тәнті еткісі келетін 8а сыныбының өнерпазы Амирғазин Алижан
Ақжарқын: Мектеп қауымын өз өнерімен таңқалдыруға асығып отырған 8ә сыныбының өнерпазы Тоқтарбеков Мирас
Дамир: Ата-баба дәстүрін,
Қаншалықты бағалар,
Жігіттердің ақылын,
Сұрақ –жауап шамалар.
Ақжарқын:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты
танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер
сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер,
күлімде.
Дамир: Қазақтың салт-дәстүріне байланысты «сұрақ-жауап» сайысы! Әрбір бала 2 билеттен алып, 2-3 минут ойлануға уақыт алады. Әр қатысушы өз сұрағына ғана жауап береді.Билеттегі екі сұраққа жауап кімде дайын болса, сұрақты оқиды,жауап береді,10 сынып білімпазына жауап беруіне рұқсат.
Ақжарқын: 9 а сыныбы білімпазының жауабы
Дамир: 8 а сыныбы білімпазының жауабы
Ақжарқын: 8 ә сыныбы білімпазының жауабы
Сұрақтар:
1. Жігіттің неше жұрты болады,оларды ата?
(өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
2. Жеті қазынаны ата?
(құмай тазы, қыран құс, берен мылтық, сұлу әйел, жүйрік ат, ер жігіт, ілім-білім)
3. Үш арсызды ата?
( ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
4. Қазақтың үш биі?
(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
5. Қазақтың үш бәйтерегін ата?
(Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин)
6. Қазақтың ұлттық киімдері?
(шапан,тақия,тымақ,камзол,бешпет )
7. Киіз үйдің құрамдарын ата?
(кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш,табалдырық сықырлауық)
8. Ұлы даланың жеті қыры ?
(аңшылық,ежелгі метталлургия,қызғалдақ пен алма,алтын адам,Ұлы жібек жолы,бесік,атқа міну мәдениеті)
Дамир: Үміткерлеріміз келесі сайысқа дайындалған уақытта көрермендермен ойын ойнаймыз,ойынның аты Аударыспақ. Ойынның шарты: әр сыныптан екі ұл баладан қатысады,біреуі епті,білек күші мығым ержігіт,екіншісі оның жарысқа қатысатын сәйгүлігі,ат үстіндегі батыл жігіттер қарсыласын өз жағына тартып әкету керек,ойынды бастау үшін әр сыныптан екі ұл баладан шықса,8а мен 8ә,9а мен 10 сынып аттарын таңдап мінсін,бір-біріне қарама-қарсы тұрсаңыздар,ал бастадық.
Ақжарқын: Шынықсан шымыр боласың,
Намысқа кеуде толарсың
Бастайық енді сайысты
Спорттық ойын жарысты
Дамир: Соңғы сайысымыз спорттық жарыс, жерден тартылу,жерден тартылу ережесін сақтап, қатысушыларымыз жерден тартылады,мен санап отырамын, алдымен кезекті тағы да Алишерге береміз.
Ақжарқын: Келесі кезекті Дильшат өзіңе береміз.
Дамир: Кезекті Алижан өзіңе береміз.
Ақжарқын: Келесі кезек Мирас өзіңде
Дамир: Осымен біз сайысты тәмәмдаймыз,
Жігіттердің сұлтанын сіз таңдайсыз.
Ата-баба дәстүрін қадір тұтып,
Жаңғыртып отырудан біз талмаймыз!
Ақжарқын: Құрметті әділқазылар алқасы, сайыстың қорытындысын есептеп,жігіт сұлтанын анықтауды, номинацияларды тағайындауды сұраймыз.Осы кезде Дамирдің тамаша әні «Қыз бала-гүлді» қабыл алыңыздар.
Ақжарқын:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің
жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік
тілейікші.
Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер
болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын
анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз
береміз.
Әділқазылар алқасы:
Дамир:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты
шың
Жігіттердің
ішінен шыққан Сұлтан мықтысың!
Құттықтайық
ал енді
Сұлтан
болған баланы
Өрге
жүзіп өнері,
Тауға
өрлесін талабы.
Қуанышты
жанары,
Шоқтай
болып жанады.
Ақжарқын: Осымен бүгінгі біздің сайсымыз аяқталды,хош сау болыңыздар
Дамир: Біз сіздермен қоштасамыз,Ұлыстың ұлы күні құтты болсын !
Жігіттің неше жұрты болады,оларды ата?
|
Жеті қазынаны ата?
|
Үш арсызды ата?
|
Қазақтың үш биі?
|
Қазақтың үш бәйтерегін ата?
|
Қазақтың ұлттық киімдері?
|
Киіз үйдің құрамдарын ата?
|
Ұлы даланың жеті қыры ?
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген