Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жігіт сұлтаны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектепішілік 7-9 сыныптың ұл балалары арасындағы
«Жігіт сұлтаны» байқауының сценариі
Мақсаты:
А) ер балаларды ата бабамыздың
салт - дәстүрімен таныстыру;
Ә) балаларды елін, жерін, тілін, өз дәстүрін білуге тәрбиелеу;
Б) ұлттық өнерге, әнге, күйге, биге құмар етіп тәрбиелеу;
В) парасаттылыққа, имандылыққа, мейірімділікке баулу;
Г) денсаулығы зор, сымбатты, елін, жерін қорғайтын білімді де
білекті нағыз Қазақстан патриотын
тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, шарлар,
плакат т.б.
Өтетін
орны: Биология
кабиенті
Қатысушылар: 7-9 сыныптың ұл
балалары.
Жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді! Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар,
оқушылар мен әділқазы алқалары! 16 желтоқсан – Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектепішілік 7-9 сыныптар
арасындағы «Жігіт сұлтаны-2017» байқауына
қош
келдіңіздер!
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны-2016»
байқауына қатысушы үміткерлерді шақырайық! Қарсы
алыңыздар!
(Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
Армысыздар, Алаш елі,
ардақтылар,
Елімнің еркіндігін ардақ тұтар.
Қазақтың дара ұлы Нұрсұлтанмын,
Мәртебесін елімнің асқақтатар.
7 А сынып оқушысы Абылай Нұрсұлтан
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
Үлгілі сыныптың ер жігіті,
Шақырайық ортамызға Бақыт ұлды
7 А сынып оқушысы Ибрайымұлы Бақыт
Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған талайды.
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Абиддин атты жігіт болған сабазды.
7 Ә сынып оқушысы Абдилбайұлы Абиддин
Өнерменен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар Төрениязды ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан -
7 Ә сынып оқушысы Жорабек Төренияз
Өнерлі өренімін өз елімнің,
Сөйлермін таясымен кезегімнің.
Ұлтының бостандығын ту ғып өткен,
Тұяғымын Махамбеттей ел ерінің.
6 Б сынып оқушысы Қази Имамаддин
Береке де осында
Мереке де осында.
Болып жатыр сайыс та,
Қырандардың қасында.
Байсалды жігіт Нұрбақта.
6 Б сынып оқушысы Оразхан Нұрбақ
\
Ендеше бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
І бөлім «Таныстырсам өзімді» өзін-өзі таныстыру.
/1 минут/
ІІ бөлім «Сен білесің бе?»
сұрақ-жауап
ІІІ бөлім «Күш атасын танымас» кір тасын
көтеру
ІV бөлім «Сегіз қырлы, бір сырлы» өз өнерін көрсету
Ү бөлім «Шебердің қолы ортақ» (қолөнер)
Әділқазы алқасына бір
сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйірік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!- деп енді осы жігіттердің өнерін
бағалайтын әділқазы мүшелерімен
таныстырайық:
Комиссия төрайымы:
Момбекова Нағима Маханбетқызы - педагог-ұйымдастырушы
Комиссия мүшелері:
Бурханбаев Жасдәурен – алғашқы әскери дайындық жетекшісі
Мангулов Қайрат Қожантайұлы – технология пәнінің мұғалімі
Аминов Даврон – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Барша қатысушы жігіттерімізге сәттілік тілей отырып, алғашы кезеңге дайындалулары үшін сахнадан шығарып салайық.
І кезең:
Ақыл-көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – демекші, сайысымыздың
алғашқы кезеңі «Таныстырсам өзімді» деп аталады.
№1 Абылай Нұрсұлтан – 7 а сынып оқушысы
№2 Ибрайымұлы Бақыт – 7 а сынып оқушысы
№3 Абдилбайұлы Абиддин – 7 ә сынып оқушысы
№4 Жорабек Төренияз – 7 ә сынып оқушысы
№5 Қази Имамаддин – 6 б сынып оқушысы
№6 Оразхан Нұрбақ – 6 б сынып оқушысы
Құрметті көрермен қауым, Енді сайыскерлерді қошеметтеп ортаға шақырайық. / сайыскерлер ортаға шығады/
ІІ кезең:
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
Ендеше ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын, білімді сарапқа салатын кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Сен білесің бе?» деп аталады. Сұрақ жасырылған парақшаны номерлеріңіз бойынша алыңыздар. /Бұл шартта жігіттеріміз сұраққа жауап береді/
ІІІ кезең:
«Еліміздің болашағы білімді ұрпақ» -деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей, ел ертеңі баланатын сұлтандарымыздың білек күшін анықтайтын «Күш атасын танымас» кір тасын көтеру кезеңіне де келіп жеттік. Ендеше сайысқа қатысушы үміткерлер алдарыңызда тұрған кір тасын реттік номер бойынша көтеретін боласыздар. Баршаңызға сәттілік.
ІҮ кезең:
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.
Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлеріміздің
«Сегіз қырлы, бір сырлы» кезеңі бойынша өз өнерлерін тамашаласақ.
Ү кезең:
Қазақ жігіттерін қалай мақтасақ да жарасады.
Қырандай алғыр, ұзын бойлы, терең ойлы, кең маңдайлы, қапсағай денелі,
жау жүректі, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, өжет, төзімді.
Әділқазы алқалары «Шебердің қолы ортақ» кезеңі бойынша жігіттеріміздің өздері жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалап, өз бағалараңызды
берулеріңізді сұраймыз
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей келе әділ қазылар алқасы сайысқа түсуші жігітттеріміздің әділ бағаларын берсе.
Жеңімпаздар анықталып, марапатталады. Сыйлықтар тарқатылады. /Естелікке суретке түседі/
Қорытынды: Құрметті өнер сүйер қауым,қадірлі қонақтар, ата-аналар мен ұстаздар! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны» байқауы өз мәресіне жетті. Егемен елдің қорғаны болатын жас ұландарымыз алдағы уақытта да биік белестерден көріне берсін. Бүгінгі байқауды тамашалаған барлық көрермендеріміз бен сұлтандарымыздың жанкүйерлеріне, әділ бағасын берген әділқазына алқаларына алғыс білдіреміз. Келесі байқауларда кездескенше, қош, сау болыңыздар!