Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
1.
Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы
қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан
шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін
қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің
қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер мен
мақал-мәтелдер,қабырға
газеттер,гүлдер,шарлар.
Байқауға қатысатындар:
2
«б» сынып
ұлдары
Байқаудың қонақтары:
ата-аналар, оқушылар, мектеп
әкімшілігі.
Байқау барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды
орналастыру.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі
қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер
сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық!
Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
1-топ:Сағи,Азиз,Ерасыл,Елдос,Султан,Ернұр
2-топ:Ақжарқын,Әліби,Диас,Рамазан,Бекзат,Дамир,Ерасыл
3
– жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты
мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші
әділ
қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Жанар
Ибадуллақызы
2. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Гульхан Асылханқызы -----
3.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Мэльс
---------------------------- (Сынып қыздарының ата-анасынан бір
ата-ана әділ қазы мүшесіне
тағайындалады)
1 –
жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың
барысымен таныстырып өтейік. 3-жүргізуші:
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...»
өзін таныстыру
ІІ
бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс
өнер көп емес» өнер сайысы
ІІІ
бөлім «Көркіне ақылы сай » сұрақ –
жауап сайысы
ІV
бөлім «Шебердің қолы ортақ » қолөнер
сайысы
V
бөлім «Ескірмейтін есті сөз »бата
беру сайысы VІ
бөлім «Ақылына күші сай »арқан
тартыс және қол күрес сайысы
2-жүргізуші: Бағына бақытты елдің туған
ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған. - дей
отырып «Жігіт
сұлтаны» байқауын бастаймыз.
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз!
1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, сайысымыздың бірінші бөлімі
«Тегімді менің сұрасаң. . . » деп
аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып
өтеді.
3
– жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер
тегіменен,
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен ісін
білер.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың
«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп
емес» бөлімін бастаймыз.
1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп
аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Әр сұрақтың
дұрыс жауабына 5 балл.
1-топ:
1.
Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек
би)
2.Қазақтың жеті кереметін ата
( Таңбалы тас суреттері,Яссауи кесенесі,Маңғыстау жерасты
мешіті,Астана-Бәйтерек,Алтын адам,Домбыра,Киіз үй) 3.Бес қаруды ата
( ----------- )
4.
Түйе пірі? (Ойсылқара)
5.
«Кел, балалар,оқылық!» өлеңінің авторы? (Ы.
Алтынсарин)
2-топ: 1.Жеті атаны ата
(Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат) 2.Жеті қазынаны ата (
----------------) 3.Қабанбай батырдың шын есімі қалай?(Ерасыл)
4.Сиыр пірі? (Зеңгібаба)
5. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы? (Абай
Құнанбаев)
Би:-------------
2-жүргізуші: Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті
бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде
сайыскерлерімізге берілген үй тапсырмасы
«Шебердің қолы
ортақ» деп аталады. Дайындап әкелген
бұйымдарыңызды әділ қазылар алқасына табыс
етіңіздер. 1 –
жүргізуші:
Дария ой, даналардан бата
алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар-деп, «сайысымыздың келесі
бөлімі «Ескірмейтін есті
сөз» деп аталады. Кезекті бата беру
рәсіміне берейік.Жігіттеріміздің бұл тығырықтан қалай шығатындарын
тамашалайық!
3–
жүргізуші:
Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік
бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың
«Ақылына күші сай»
деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде
жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында
«Арқан тартыс және
қол
күрес » өткізіледі.
2
– жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер
сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін
шығарғанша, сыныптасымыз Шырынбек
Сабинаның орындауындағы
«Аққу» биін
қарсы алыңыздар!
3
– жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар,
ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы
да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйініне тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобын
анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтандары деп
мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
(Әр
номинация бойынша қатысушылар атақтармен
марапатталады.)
3–
жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың,
нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер
көрсетті. Бұл
олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан
сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын
дейміз!
Жүргізушілер:Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі
кездескенше, күн нұрлы болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жігіт сұлтаны

шағым қалдыра аласыз