400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жігіт-сұлтаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар оның сырын ашқанда жұрт қызығады,жігіттер келіп сайысқа бойындағы бар дарындарын ортаға салуда. Барлығымыз қол соғып қошеметтеп отырамыз. Барлық көрермендер сайысымызды саралап таразылап жігіттерімізге қолдау беріп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 22.02.18

Тақырыбы: «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ»

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті тәрбиеленушілер, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2,3 ,4 сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің
2,3,4 сыныпта оқитын интернат тәрбиеленушілерінің  жеті жігіті өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

1.Нағашыбаева Лиза, 2. Сапарбаева Арайлым. 3. Аманбаева Күнжан.





Жүргізуші:

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.



1.Қуантады білімімен бізді Айдын
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.



 2. Өзі сүйкімді келбетті

Күлімдейді жай ғана
Ақылды бала тілалғыш

Келесі біздің Бейбарыс




3. Біледі ол жақсы менен жаманды
Мақтағанды сүйеді
Қошеметпен шақыралық ортаға

Сұлтанбек атты жігіт болған сарбазды



4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келіп тұрған

Бекарысты қарсы алайық. 



5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі бар маң-маң басқан
Келбетті ай қабақты
Қарсы алайық 
біздің Әлихандай жігітті



6.Кіп-кішене болсаң-дағы
Елді аузыңа қаратшы
Таныстырып өтер өзін
Қарсы алайық Мейрамбекті


7.Келесі жігіт салмақты
Қай іске де сабырлы
Қарсы алайық бәрәміз
Дамир атты жігітті.

/Әр сайыскер сандар суырып, нөмірлерін тағады/.

Жүргізуші: Ал енді сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін 

  1. Таныстыру 

  2. Өз өнері

  3. Сұрақ-жауап

  4. Мақал-мәтел жалғасын тап

  5. Нысана көздеу

  6. Батаменен ел көгерер (бата беру) 

Жүргізуші:

І бөлім: «Таныстыру»

Жігіттер өздерін таныстырып өтеді.

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

2 бөлім:  «Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар деп жігіттеріміз үйден дайындап келген өнерлерін ортаға салады.

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

3 - бөлім . «Көңілі ояу, көзі ашық» (сұрақ - жауап)

Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын табама екен бұл жігіттер
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар.



Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

 4 – бөлім. Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.

Әр жігітке 4 мақалдан  беріледі,олар жалғасын табулары керек.

5-бөлім. Құралайды көзге атқан / нысана көздеу/

6-бөлім.

Жүргізуші: “Батаменен ел көгерер,жаңбырменен жер көгерер” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің баталарын берсін!


Жүргізуші: Келесі кезекте әділқазылар шешімін айтқанша кезекті әнге береміз.

«Анажан», орындайтын: Ешмағанбетова Қарақат.



Жүргізуші: Әділқазы апайларға сөз кезегін береміз.

Марапаттау.

Бас жүлде: Нағашыбай Айдын Білімді жігіт ном-сы: Жалмағанбетов Сұлтанбек

І орын: Ермекбаев Әлихан Өнерлі жігіт : Жұмабаев Бейбарыс

ІІ орын: Жұмабаев Бекарыс Сұлу жігіт: Өтениязов Дамир

ІІІ орын: Саябеков Мейрамбек

Жүргізуші: Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын,-деп бүгінгі
«Жігіт сұлтаны» сайысында алған марапаттарыңыз құтты болсын, осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, сау саламатта болыңыздар!




            

































   1-оқушы:

1.Төрт түлік малды ата.
2. Түйенің сүтін ата.
3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?

4. Төрт түлік мал төлінің атауы қандай?



   2-оқушы: .

1. Ер жігіттің бес қаруын ата. 
2. Биенің сүтін ата?
3. 7 күнді ата
4. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?

   3-оқушы:

1. Үйдегі алтын адам кім?

2. ҚР Тәуелсіздікті қашан алды?

3. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағамды ата?
4. Үш биді атаңыз?



4-оқушы

1. ҚР ның президенті кім?

2.Бала жүре бастағанда жасалатын  салт-дәстүрді ата?

3.Күз айларын ата?

4. Қазақша ай аттарының атауын ата?



 5-оқушы

1.Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?

2.1 жылда неше ай бар?

3.ҚР Мемлекеттік Гимнінің әнін кім жазған?

4.Дина Нұрпейісова кім?

      

6-оқушы

1.103 нөмірлі қандай машина?

2.Қыс айларын ата?

3. 1 аптада неше күн бар?

4.Қандай бата білесің?



7-оқушы

1.Қазақтың ұлттық ерлер бас киімін ата?
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

3.Төрт түлік мал пірінің атауы қандай?

4.Аттың ер тұрмандарына нелер жатады?



1-оқушыға:

1. Тазалық- (денсаулық кепілі) 

2. Отан – (оттан да ыстық. )

3. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

4.Оқусыз білім жоқ , (білімсіз күнің жоқ.) 

   2-оқушыға:

1.Білекті бірді жығады ,  (білімді мыңды жығады. )

2. Әдепті бала - арлы бала  (Әдепсіз бала – сорлы бала).

3. Алтын, күміс тас екен, (арпа, бидай ас екен.)

4.Жері байдың, (елі бай)

 

  3-оқушыға:

 1.Тіл тас жарады.(Тас жармаса, бас жарады.)

2.Бас кеспек болса да, (Тіл кеспек жоқ.)

3.Отансыз адам –( Ормансыз бұлбұл)

4.Піл көтермегенді, (тіл көтереді.)


4-оқушыға:

1.Көз қорқақ, …. (қол батыр).

2.Туған жердей жер болмас,(Туған елдей ел болмас).

3.Ананың сүті—бал, Баланың тілі — бал.

4.Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер.



5-оқушы

1. Білім – таусылмайтын кен.(Ақыл - тозбайтын тон)

2.Әдепті бала ата-анасын мақтатар, (Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.)

3.Үлкенге – құрмет,  (Кішіге – ізет. )                                      

 4.Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті.)

 

     6-оқушы

  1.Жаңбыр жауса жер ырысы, (Батыр туса, ел ырысы)

   2.Ананың көңілі балада, ( Баланың көңілі далада.)

   3.   Ананың сүті- бал,( Баланың тілі- бал.)

   4.Қына тасқа бітеді,   (Білім басқа бітеді.)



7-оқушы

1.Ашу дұшпан, (ақыл дос)

2.Әдептілік ар-ұят, (адамдықтың белгісі)

3.Жері байдың, (елі бай)

4.Аққуды атуға болмайды, (достықты сатуға болмайды)





























































  

































 
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі