15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жігіт сұлтаны-2019
«Жігіт
сұлтаны»
Жүргізуші:
Қайырлы
күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар,
оқушылар!
Асыл
тастан, өнер жастан шығады деп
дарынды,
Халық
айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол
өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны»
сайысына қатысатын жігіттердің
жолы
ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп
сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
Жүргізуші:
Бағына
бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр
дарыған.
Дария ой, даналардан
бата алғандар,
Айнымас
алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар
- деп, халқымыздың әдет - ғұрпында отбасына
ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған»
- деп ерекше оны бақыт санаған. Оның
себебі қазақта отбасының жалғасы,
шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше
көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке,
батылдыққа, ептілікке, имандылыққа
баулыған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен
ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің
үлкен белес асулардан көрінуі елге
әкелген бақытпен тең.
Қайсысы
әнші, кім биші,
Талабына
қарайық.
Кімдер
зерек, кім жылдам,
Таланттарын
табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі
сайыстың барысымен таныстырып
өтейін.
Сайысымыздың
бағдарламасы:
1.
«Тегімді менің сұрасаң» - таныстыру
2.
«Сегіз қырлы бір сырлы»- өз өнерін
көрсету
3. «Өлең
сөздің мәйегі» ақындардың өлеңін
мәнерлеп оқу.
4.
«Білгенге маржан» Сұрақ -жауап
5.
«Күш атасын танымас» Қол күрес т.б
6. Бата
7.Қол өнер қамшы өру,бесік жасау, киіз үй макеті, құсқа ұя жасау, суреттер салу
8. «Тығырыққа тірелгенде» түйме қадау.
Жүргізуші:
«Жігіт
сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың
ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен
күшіне баға беруші қазылар алқасымен
таныс болыңыздар!
1-------------------------------------------------------------------------------------
2-------------------------------------------------------------------------------------
3-------------------------------------------------------------------------------------
Ата
жолын жалғамақ,
Ел
дәстүрін қолдамақ
Ел
намысын қорғамақ.
Жігіттер
шықсын ортаға,
Бүгін
сұлтан атанбақ.
Құрметті
көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп
жігіттерді ортаға шақырайық.
1.Сөз
тауып күн қылатын көңіл – күйді,
Достарына өнерімен болған сыйлы.
Қазақтың ер жігіті, сұлтаны
Шығарайық
ортамызға Балабиді .
2.
Өнерменен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар ортада Жомартты
Тауды
бұзар шын кіріссе намыстан.
3.
Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Ерсұлтан атты жігіт болған сарбазды.
4.
Арман
бар биік шыңға шықсам деген
Қыран
боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі
сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп
қанатымды ұшсам деген Нұрисламды ортаға
шақырайық.
5.
Жақсы адам кімге болсын болар пана
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы сай келетін
Шақырайық Ерболатты ортаға.
6.
Қыздарды сыйлай білетін
Жөн сөзді айта білетін
Қырандай алғыр,
Сұңқардай өр,
Достыққа адал ұлымыз Әлсайит
шықсын ортаға.
7.
Салт - дәстүрін бабалардың
Сақтап биік самғаймыз біз
Ата - әке ағалардың,
Нұрлы жолын жалғаймыз біз - деп Саламатты
ортаға шақырамыз
Жүргізуші:
Ақыл
– көрік бойларында жетеді,
Әлі талай
сынақтардан өтеді.
Мына отырған
баршыңызды өзімен
Тез арада
таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың
бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң.
. . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт
сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
1. Балаби: Ассалаумағалейкум , елім менің ,
Амандасу сөз бастау салтым менің .
Сәлем бердім әділқазы алқасына ,
Әділ баға берсін деп баршасына .
Өнерге қарсы аттанған, Балаби батыр мен болам .
Топтан озу мақсатым болмасада ,
Сері болу мақсатым сегіз қырлы .
Бойымда толы өнерім, Білім қудым жасымнан .
Жолымен баба келемін, Жалындаған осылай ,
Туып жатыр өлеңім, Бақ емес егер бап шапса ,
«Жігіт сұлтанында» жеңемін.
2. Нұрислам : Ассалаумағалейкум , ағайын,
Атым Нұрислам!
Ту ұстаған тутамғалы ұрпағымын.
Анам Гүлнұр , әкем Мақсұттың
Мен сүйікті ұлдарымын.
Менде бір асылдың тұлпарымын,
«Қаратау» орта мектебінің сұңқарымын.
Бабаларым қолдаса , сөз бастайын жарыста .
Қатарымнан қалыспай, өнеріммен таң қылып.
3.Ерсұлтан Ассалаумағалейкум
, дана халқым,
Бидайбек Ерсұлтан
мен боламын.
Әкем Нұржан , Анам Айымжанның ,
Сүйікті ұлы болу бар қалауым .
Сері жігіт болсам деп сынға түстім ,
Қошемет болсын онда батыр ұлға .
Жарыста топты жарып өтер едім ,
Көрерменім мені қолдап отырсаңдар.
4. Жомарт : Ассалаумағалейкум , ағайын,
Амандасып алайын.
Ойықтан
шыққан өр балаң,
Жамбылұлы Жомарт
батыр мен болам .
Қыздардың боп арманы ,
Жігіттің боп сұлтаны .
Жүректің жағып алауын ,
Биікке ұстап жалауын ,
Ел ертеңін ойлайтын,
Жігіттің сұлтаны болу мақсатым.
5.Ерболат : Армысыңдар , халайық ,Үлкен – кіші , ағайын .
Алдыменен өзімді Таныстырып алайын .
Мен қазақтың баласы Аштым өмір есігін ,
Мен Сырлыбайдың немересі ,
Ерболат менің есімім.
Қойған атам атымды .
Сұлтан болып жүрсін деп.
Неге сұлтан болмасқа ,
Шыққан тегім асыл тек .
Ел үмітін ақтаймын.
Ақын болам , батыр болам ,
Елді аузына қаратқан
6. Саламат : Ізетпенен сәлемдесу , адамдыққа бастайды ,
Жаратқан ұрпағының адал ісін қостайды .
Басымды иіп сәлем бердім бәріңе ,
Әділқазы шын жүйрікті бұл бәйгеде растайды.
Жарық күнде сәуле қуған мен балаң ,
Беласар атамның немересі мен болам
Жеңістерге жетермін ,
Халқым мені қолдаңдар.
Тілеймін бәріңе де сәт сапар ,
Жеңістер мен биіктерге самғаңдар.
7. Әлсайит : Таныстырып өтейін мен өзімді ,
Құлақ салып тыңдаңыздар сөзімді .
Бақтиярұлы мен боламын ,
Топқа түсіп бағымды сынар төзімді .
Білім нәрін тамызуда ұстаздар ,
Ұстаз ұлы , ұстазымда ұстам бар .
Жігіт сұлтаны сайысына келіп тұрмын,
Бойымдағы бар өнерді беріп тұрмын.
2.Жүргізуші
:
«Еңбек
ердің – санаты, білім - ердің қанаты»-
демекші адам ақыл - парасатымен сұлу,
Ақылды жігіт ата - анасының жанып тұрған
шырағы емес пе? Қазақта жігіттерді былай
атаған.
«Көсем жігіт»- ел басқаратын
жігіт,
«Шешен жігіт»- дау шешетін
жігіт,
«Батыр жігіт»- еліне қамқор
жігіт,
«Сері жігіт»- аттың жүйрігіне
мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып
ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі
жігіт.
Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық. Сайысымыздың келесі кезеңі «Сегіз қырлы бір сырлы»
Кедеймін
деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің
ырысы
Жарқырап жатыр жолында –
кезекті өнер сайысына берейік.
өз өнері деп аталады.
1. Балаби 2. Жомарт 3.Әлсайит 4Ерболат 5.Ерсұлтан 6. Нұрислам 7. Саламат
3.Жүргізуші:
Болашақтың
жұлдызы биік самғар.
Білімпаз боп әрқашан май күніндей,
Нұрлы жүзбен әрқашан жадыраңдар.
Құтты болсын мейрамың, қуанышың,
Орындалсын арман тілек сұранысың
Таусылмасын ырыздық несібесі
Біздің мына жігіттерге қол соғылсын.
«Өлең сөздің мәйегі» ақындардың өлеңін мәнерлеп оқу.
1. Балаби 2. Жомарт 3.Әлсайит 4Ерболат 5.Ерсұлтан 6. Нұрислам 7. Саламат
4.Жүргізуші: «Білгенге маржан»
Ал,
кәнеки қырандар
Босқа қарап
тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға
самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу
біледі» дегендей салт - дәстүрге
байланысты сұрақ - жауап.
Сұрақтар:
Төрт
түлік малды ата.
Түйенің сүтін
ата.
Киіз үйге жарық қайдан түседі?
Сәби
баланың төсегін ата.
Ер жігіттің бес
қаруын ата.
Қазақтың ұлттық ойындарын
ата.
Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам
Доптың
ортасында не бар?
Үстел
үстінде 3 стакан су тұр, Әлия суды ішіп
қойды. Неше стакан қалды?
Теректе
5 алмұрт өсіп тұр. 2 алмұрт түсіп қалды,
неше алмұрт қалды?
Бір
бала мектепке бара жатқанда оң жағыңда
20 үй болды, қайтқанда сол жағында 20 үй
болды. Барлығы неше үй?
«Темекі»
деген сөзді сыйғыз.
Жігітке
неше өнер аз?
Біздің
сыныбымызда неше орындық бар?
От басында құмған,Екі көзін жұмған.
Жұмбақтың шешуін тауып, дауысын сал.
5.
Жүргізуші:
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық
алыспай.
Күш өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей
сайысымыздың келесі кезеңі
«Күш
атасын танымас»деп аталады . Қол күрес,
серпіліс жасау.
(Өз ара білектесіп күш сынасады)
1. Балаби 2. Жомарт 3.Әлсайит 4Ерболат 5.Ерсұлтан 6. Нұрислам 7. Саламат
6.
Жүргізуші:
Қол
өнер Қамшы
өру
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата - баба салтынан
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
Жүргізуші:
Таныс
болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып,
сайысымыздың
Бата беру : бөлімін бастаймыз.
1. Балаби 2. Жомарт 3.Әлсайит 4Ерболат 5.Ерсұлтан 6. Нұрислам 7. Саламат
8. Жүргізуші: «Тығырыққа тірелгенде» түйме қадау.
Мықты
болсаң тығырықтан шыға біл
Келді
кезек тапқырлықты танытар
Бұл
сыннан да өтсең егер сүрінбей
Жүлде
сенде, қуана бер, күлімде – деп,
«сайысымыздың келесі бөлімі «Тығырыққа
тірелгенде» деп аталады. Жігіттеріміздің
бұл тығырықтан қалай шығатындарын
тамашалайық.
Жүргізуші:
Барына
риза болсын көрермендер,
Көрсетті
өнерлерін жас өрендер.
Осымен
сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін
енді шын бағасын.
Қазылар орнықтырар
әділдікті,
Кімдердің жауаптары
кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер
жарысында,
Жеңіске жетер дейміз
нағыз мықты.
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады»
демекші бүгінгі
сайысымызда
аяқталып келеді.
Енді
сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
«Жүзден
– жүйрік» күшімен,
«Мыңнан
– тұлпар» шықты шың
Жігіттердің
ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық
ал енді
Сұлтан
болған баланы
Өрге
жүзіп өнері,
Тауға
өрлесін талабы.
Қуанышты
жанары,
Шоқтай
болып жанады.
Әр
номинация бойынша қатысушылар атақтармен
марапатталады.
Марапаттау: 1.Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны» 2. «Әнші жігіт» 3.Көсем жігіт
4.«Өнерлі жігіт» 5.«Сері жігіт» 6.«Алғыр жігіт». 7.«Шымыр жігіт».

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген