жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жігіт сұлтаны" атты ұлдар сайысы
«Жігіт сұлтаны» атты ұлдар сайысының сценарийі
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны-2020» атты ұлдар сайысы
Мақсаты: Ұлдарымызды батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекіліктері: слайд, видеоролик, плакаттар, шарлар, банер, асық, қоржын.
ӨТІЛУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру
Күй: «Ата толғауы»
Орындайтын: «Сұлусаз» фольклорлық ансамблі
Фанфары ойналады
Кіріспе сөз
Жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті Жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті Жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар!
Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар! Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бүгін мектеп интернатымызда өтетін «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келдіңіздер.Олай болса, бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймыз.Қоржында асықтар салынған. Қатысушылар қоржынның ішінен асықты таңдап алып нешінші шығатынын біледі .
Уа,
халайық, халайық,
Мұнда назар
салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел
дәстүрін қолдамақ
Ел намысын
қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін
сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы
сайып қырандарымызды шақырайық! Қарсы
алыңыздар!
(Сахнаға қатысушы талапкерлер шығады)
Жүргізуші: Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
5a сыныптың ер Жігіті,
Шақырайық ортамызға ұлды
5a -сынып оқушысы Уалиханов Алдияр
Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар Ботабаев Нұрзат ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан -
8 a-сынып оқушысы Ботабаев Нұрзат
Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Алинур атты Жігіт болған сабазды -
6 a -сынып оқушысы Тоқтарғазы Алинур
Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында.
5 «а» сыныптың ер жігіті
Шақыралық қошеметпен ортаға
5 a сынып оқушысы Саят Абылай
Он очень добрый и отзывчивый товарищ
И в школе много у него друзей,
Всегда с улыбкою Сергей,
С ним в нашей в школе точно веселей!
Ученик 6 «б» класса Вербенко Сергей
Жарқырап ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Білімін таразыға салып көрсең ,
Бір тонна алтының да, баса алмайды.
7 «а» сыныптың ер жігіті Еркінов Әлібек
Бар таланты бір бойына сыйлайды,
Бір өнері тал бойына жинайды,
Мектептегі ең көңілді Бекзат
Барша жұртқа өз өнерін сыйлайды
8 «а» сынып оқушысы Мухиденов Бекзат
ІІ. Негізгі бөлім
Жүргізуші: Сайыстың бағдарламасымен таныстырсақ:
1. Таныстыру
2. Өз өнерін көрсету
3. Танымдық сұрақтар
4. Асық ату ойыны
5. «Шалма тастау» ойыны
6. «Тоғызқұмалақ» ойыны
Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Қанатов Қуандық Қанатұлы –әскери қызметкер, өрт кезінде 15 адамды құтқарған батыр, қазақ халқының біртуар азаматы.
Түзету пәнінің мұғалімі Базарбаева Жанар Женисбековна
Жүргізуші: Сөз кезегін мектеп интернатымыздың директоры Қалиғожин Акрам Асемханұлына береміз.
Келесі сөз кезегін әскери қызметкер, қазіргі заман батыры, қазақ халқының біртуар азаматы Қанатов Қуандық Қанатұлына береміз.
Жүргізуші: І.Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстыру» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
2-ші, 3-ші, 4-ші, 5- ші 6- шы 7- ші қатысушы.
Ән: «Балапан қаз». Орындайтын: Уалканова Алуа
Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы «Таныстыру» шартының бағасын берсеңіздер.
ІІ. «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды Жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта Жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем Жігіт» - ел басқаратын Жігіт,
«Шешен Жігіт» - дау шешетін Жігіт,
«Батыр Жігіт» - еліне қамқор Жігіт,
«Сері Жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі Жігіт. Олай болса сері Жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
Келесі шартымыз «Өз өнерін көрсету» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5- ші 6- шы 7- ші қатысушы
Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы «Өз өнері» шартының бағасын берсеңіздер
ІІІ.Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «танымдық сұрақтар» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз экрандағы сұраққа жауап береді. Ортаға 1-ші номерлі қатысушымызды шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5- ші 6- шы 7- ші қатысушы
Саят Абылай: Қайрат Нұртас, Геннадий Головкин, Асанәлі Әшімов, Асылхан Төлепов (Жаужүрек мың бала фильмінде Сартай рөлін сомдаған)
Уалиханов Алдияр: Айбек Нұғымаров, Тұрсынбек Қабатов, Төреғали Төрәлі, Ермахан Ибраимов.
Еркінов Әлібек: Әбу наср Әл - Фараби (шығыс ойшылы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз), Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған, «Төрт ана», «Отырар» атты шығармалары бар) Димаш Құдайберген әнші, Әйтеке би кіші жүз биі.
Тоқтарғазы Алинұр: Балғынбек Имашев айтыскер ақын, Шәкен Айманов режиссер, актер, қазақ кинофильмінің негізін салушы. «Алдар Көсе», «Атаманның ақыры» киносын түсірген. Қазбек би орта жүз биі, Аян Өтепберген (Жаужүрек мың бала фильмінде Таймас рөлін сомдаған)
Мухиденов Бекзат: Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен халықаралық спорт шебері, Ернар Айдар әнші, Бекзат Саттарханов боксшы. 2000 жылғы Сидней олимпиадасында чемпион атанған. Денис Тен – мәнерлеп сырғанаушы. Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Ботабаев Нұрзат: Ескендір Хасанғалиев әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Әдемі», «Атамекен» атты әндері бар. Сәкен Сейфуллин ақын, жазушы. Еңбектері: «Қазақ әдебиеті», «Батырлар жыры», «Ләйлі Мәжнүн». Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының батыры, әскери қолбасшы. Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. Төле би Ұлы жүз биі, «Жеті жарғының» негізін салушылардың бірі.
Вербенко Сергей: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Абай Құнабайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Абылай хан.
Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы «Танымдық сұрақтар» шартының бағасын берсеңіздер
IV.Би болатын Жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар Жігіттің,
Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Асық ату» ойынына береміз.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойыншылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады.
Жүргізуші: Ортаға барлық қатысушыларды шақырамыз. 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5- ші 6- шы 7- ші қатысушы.
(Ойын басталғанда музыка қосылады)
Жүргізуші:Әділ қазы алқасы «Асық ату» шартының бағасын берсеңіздер.
Y. Ей, Жігіттер!
Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп дей келе келесі сайысымыз қазақтың ұлттық ойыны «шалма тастау» ойынын бастаймыз.
Шалма тастау — ұлттық ойын. Ойынға қатысушылар алаңды таңдап алады. Сол жерден көн белгіленеді, он метр жерге қазық қағылады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алады да қазыққа лақтырады. Ойынға қатысушылардың санына қарай кезек үш рет қайталанады. Шалманы нысанаға кім көп түсірсе, сол жеңеді.
Жүргізуші: Ортаға барлық қатысушы ұлдарымызды шақырамыз. (Ойын басталғанда музыка қосылады)
Жүргізуші: Әділ қазы алқасы «Шалма тастау» шартының бағасын берсеңіздер.
YI.Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Бүгін таңертең қатысушыларымыз қазақтың ұлттық ойыны «тоғызқұмалақ» ойынын ойнады. Қорытындысы мынадай. (Ұпайларын айтады)
ІІІ. Қорытынды
Жүргізуші:Сахнаға «Мен қазақтың ұлымын» атты әнімен Мұратов Бекболатты шақырамыз.
Жүргізуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділқазы алқаларына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын деміз! Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген