Материалдар / "Жігіт сұлтаны" байқауы

"Жігіт сұлтаны" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эстетикалық пәндер апталығы барысында мектепте өткен 6 сынып ұл балалары арасындағы "Жігіт сұлтаны" байқауы.
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 6 сынып ұл балалары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар.

Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.


жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!


жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

(Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)



6 «ә» сынып оқушысы – Нұртай Мәди

6 «б» сынып оқушысы – Алишерұлы Марлен

6 «в» сынып оқушысы –Жанат Ислам

6 «г» сынып оқушысы – Тулеу Али

6 «д» сынып оқушысы – Сейтан Нұрсейіт

6 «ж» сынып оқушысы – Ралит Сәбит

6 «з» сынып оқушысы – Қалбек Нұрислам

6 «е» сынып оқушысы – Есен Ерканат

жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Насенов Медет Кайрединович
2. Көркем еңбек пәні мұғалімі:
Ералиев Жаксылык Утепкалиевич
3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Сагындиков Мұрадым Кеңесұлы


Алғашқы сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Медет Кайрединовичке беріледі.


жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Үй жұмысы-өз жұмысым» қолөнер бұйымын жасап келіп қорғау.


жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз!

жүргізуші:

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін,– деп, сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады.

Сайысқа қатысушы балалар өздерін таныстырып өтеді.

жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың

«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.


Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.

жүргізуші:
Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Қолөнерден үй жұмысыңды көрсет, шебер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Үй жұмысым-өз жұмысым» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің өз қолдарынан шыққан қолөнер ұйымдарын әділқазылар алдында қорғайды.

жүргізуші:
Осымен «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша музыкалық сәлемдеме:

Қарсы алыңыздар!.


жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.


жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Құттықтайық ал енді
Жігіттерді сұлтанын!


Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
/Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады/.

Марапаттау:
1. «Дарынды жігіт»
2. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
3. «Өнерлі жігіт»
4. «Парасатты жігіт»
5. «Алғыр жігіт».
6. «Шымыр жігіт».
7. «Шешен жігіт»

8. «Шебер жігіт»


жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ