400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жігіт сұлтаны» байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұл балалармен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» байқауы
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті өнер сүйер қауым!
Ұлттың болашағы ұрпағыңда болса, ұрпақ тәрбиесі - біздің қолымызда. Демек, ата тегін қадірлеу, ер жігітке жарасар «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің бойына зерделеп жеткізу мақсатында, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізгелі отырмыз.

Музыка.
2-жүргізуші:

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық.


1-жүргізуші:

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.


2. Жүргізуші:

Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін
Сезімтал мен зерегін таразылап көретін
Таныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештің
Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін.

Қазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.

3.

1.Жүргізуші:

Арыстандай бабалар жолын қуған
«Баба жолын – ұлылық» деп ұғындырған
Сұлтандарға қарасаң елестейді
Айбарлы да айбатты Абылайхан,-
деп құрметті көрермен қауым, бүгінгі сайысқа түсетін жігіттерімізбен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Музыка

1 - нөмірлі – Асқарұлы Алмаз
2 - нөмірлі –
Ахметов Даниял

3- нөмірлі – Әбдіғали Әлиар

4- нөмірлі – Бұрханұлы Әли

5- нөмірлі – Жалғаспай Ислам

6- нөмірлі – Кеңгірбай Ерасыл

7 –нөмірлі – Курамшин Фархат

8 – нөмірлі – Қаппас Мәди

9 – нөмірлі – Құралұлы Жанболат

10 – нөмірлі – Мусин Расул

2 Жүргізуші:

Енді бүгінгі сайыстың өтілу ретімен таныстыра кетейін:
1
. Таныстыру .
2. Өлең жатқа оқу

3. Сұрақ-жауап.

4. Жерге тартылу

5. Өз өнері

6. Үй тапсырмасы (қолөнер)

1. Таныстыру

1. Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың ұпай саны 3-тік жүйемен белгіленеді.

Бастайық, сынайық біз тарландарын
Әр сыныптың сымбатты арландарын
Таныстыру ретімен бола берсін
Кезек күтіп, дайындал, қалғандарың!,- деп жігіттерді сахнадан қошеметтеп шығарып саламыз.


***1-кезең бойынша әділқазылар бағаларын көрсетсін.


2.Өлең жатқа оқу

2-Жүргізуші:

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

 Таза мінсіз асыл сөз

 Ой түбінде жатады - деп, келесі бөлім бойынша ұлдардың қаншалықты өлеңді жатқа оқитындығын сынап көрелік.

Ортаға жатқа өлең оқуға барлық сайыскерлерді шақырамыз.

1-Жүргізуші:

Өнеріміз жан-жақты,

Ұлдарымыз салмақты, - дей келе жатқа өлең оқу кезеңі бойынша қазылар алқасы бағаларыңызды берсеңіздер.


3. Сұрақ-жауап.

2-жүргізуші:

Жекжат кім, жұрағат кім, жамағат кім?

Көңіліне тоқып бәрін жүре ме екен.

Спорттық, ерлік атаулардан,

Қанекей, біздің ұлдар білімді ме екен?

1-жүргізуші:

Ал ұландар,бұл сайысқа қалайсыңдар

Сендер өтер әлі де талай сын бар

Тапсырма ал сұраққа қымсынбай кеп

Жауап берсеңдер әрине жарайсыңдар – дей келе Сайысымыздың үшінші кезеңі «Туыстық, ерлік, спорттық атауларға байланысты сұрақтарға » билет түрінде, Әділ қазылар алқасы алдынан бір сұрақтан алыңыздар.


2-жүргізуші:

Жақсы екен бата алған ағалардан,

Қазылар бұл сайысты бағалаған.

4-бөлім бойынша қазылар алқасының бағаларын көрейік.


Ән.


4. Жерге тартылу

1-жүргізуші

Әке көрген - оқ жонар ,

Шеше көрген - тон пішер

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір –бірінен кем түсер – дей келе кезекті Жерге тартылу сайсына береміз.

4-кезең бойынша әділқазылар бағаларын көрсетсін.


Би.


5. Өз өнері

2-жүргізуші

Жігітке өлең де өнер,

өнер де өнер
Жүйрік ат өрге салсаң өрмеленер,- деп сайысымыздың келесі бөлігінде жігіттер өз өнерін көрсетеді.


1-жүргізуші

Өнер қуып ұлдарымыз өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

5-кезең өз өнері кезеңі бойынша әділқазылар бағаларын көрсетсін


6. Үй тапсырмасы

2-жүргізуші

Ер ісі – ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек,- дегендей ендігі кезекте үй тапсырмасы - қолөнер сайысы. Әр сайыскер өзінің қолдан жасаған бұйымын көрсетіп, қорғайды.

1-жүргізуші

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жігіттері кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетсе деймін нағыз мықты,- дей келе әділ қазылар алқасы ақылдасқанша, алдарыңызда
«Сарбазым» әнін тамашалаңыздар.

2-Жүргізуші:

«Батыр болған бабамнан
Ел қорғауды үйренген
Ару болған анамнан
Ар қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.


1-жүргізуші: Тұяқтарың мұқалмасын
Қанаттарың талмасын
Жаман адам кез келмесін
Аяқтардан шалмасын
Жігер болсын көздеріңде
Қатардан еш қалмаңдар
Шат заманда, сүйікті елде
Биіктерге самғаңдар!
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
869
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі