«Жігіт
сұлтаны» байқауы
Мақсаты:
Сайыс
барысында ер балалардың бойындағы өнер,
білім, күш-қуат, жігер, ептілік пен
ізденімпаздылықтарын байқау. Оларды
батылдық, шапшаңдық, тиянақтылық,
икемділік қасиеттеріне, отансүйгіштік
пен патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар:
нақыл сөздер жазылған плакаттар,
интерактивті тақта, шарлар, сайыстарға
қажетті құрал-жабдықтар.
Барысы:
Армысыздар
ақ жаулықты аналар, ізденімпаз ұстаздар,
жанкүйерлер мен көрермендер және де
сайысқа қатысқалы тұрған ер жүрек
жігіттеріміз.
Адамдықты
айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел
бірлігін сақтаған татулықты айт.
Атағы
дүркірумен рулы елге жайылған,
Жігіттердің
ішіндегі сұлтанын айт. – дей келе «Жігіт
сұлтаны» байқауын ашық деп жариялаймыз.
(Әділқазылар алқасын сайлау және әр
сайыс 5 ұпаймен бағаланатыны ескертіледі)
Бүгінгі
сайысымызда жігіттер өз өнерлерін
көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді,
онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін
көрсетеді.
Ата
жолын жалғамақ,
Ел
дәстүрін қолдамақ
Ел
намысын қорғамақ.
Жігіттер
шықсын ортаға,
Бүгін
сұлтан атанбақ.
Құрметті
көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп
жігіттерді ортаға шақырайық.
(Үміткер жігіттер ортаға шығып, жеребе
тартады)
І
бөлім «Таныстыру»
Жігіттер
реттік нөмерлері бойынша өздерін
таныстырып шығады.
ІІ
бөлім «Өнер көрсету»
Ат
өнері білінбес,
Бәйгеге
түсіп жарыспай
Ер
өнері білінбес,
Қоян
- қолтық алыспай.
Сайысымыздың
келесі түрі «Өнер көрсету»
ІІІ
бөлім «Бой жазу»
Бұл
сайыста жігіттеріміздің ізденімпаздылығы
мен білімділіктері сыналады. Әр жігітке
3 сұрақтан қойылады. Сұрақтар 3 тарау
бойынша құрылған «Салт-дәстүр»,
«Математика» және «Сауат ашу». Сұрақтың
№ әр жігіт өзі таңдайды.
«Салт-дәстүр»
7
атаңды атап бер
Қазақтың
жыл басы қашан тойланады?
Наурыз
көже нелерден дайындалады?
Жаңа
туылған нәрестені бесікке салу тойы
қалай аталады?
Ұлттық
киімдерді атап бер
Малдың
бірінші сауылған сүтінен не жасалады?
«Математика»
1
жұмыртқа 5 минутта піссе, 3 жұмыртқа
неше минутта піседі?
Түйеқұс
2 аяқпен тұрғанда 200 кг, 1 аяқпен тұрғанда
неше кг болады?
Саржансайға
қарай 1 машина келе жатты. Жолда оған
қарама қарсы 3 машина өтті. Саржансайға
неше машина келді?
Таяқты
2 жерден сындырса, ол неше бөлікке
бөлінеді?
Нұрым
Айымнан үлкен, Айым Гүлімнен үлкен. Кім
ең үлкені?
Дөңгелек
сандарды атап бер
«Сауат
ашу»
Дауысты
дыбыстарды атап бер
Лагерь
сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Сөздерді
қалай тасымалдаймыз?
Терезе,
кеме, биші сөздеріне сұрақ қой
Қандай
сөздер бас әріптен жазылады?
Қосарланған
дыбысы бар әріптерді атап бер
ІҮ
бөлім «Сұр жебе»
Нағыз
жігіт көздеп ата білу керек. Жігіттеріміз
межеленген жерден ара қашықтығы бөлінген
тақтайға жебе лақтыру керек. Мақсат:қақ
ортаға немесе соның айналасына тигізу.
Ортадан алыстаған сайын ұпай да азая
береді. Сәттілік тілейк.
Ү
бөлім «Дәл тигіз»
Тізілген
асықтарды көбірек құлатып, ұпай жинау
керек
ҮІ
бөлім «Дабыл»
Біздің
жігіттеріміз болашақ жауынгерлеріміз.
Олар әркез тиянақты, батыл, шапшаң,
сергек болулары керек. Байқаудың келесі
бөлімі соны қажет етеді. Олар «Дабыл»
деген бұйрық берілген кезде алдына-ала
дайындалып қойған киімдерді киіп, шарды
үріп, дайындығын көрсетулері қажет.
Уақыт есептеледі. Ал, дайындалыңдар.
Дабыл!
ҮІІ
бөлім « Қол күрестіру»
Бүгінгі
сайысқа жігіттеріміздің барлығы да
үлкен дайындықпен келген екен. Сахна
төрінде өнер көрсету әркімнің қолынан
келе бермейтін іс. Сондықтан оларға мың
да бір рахмет айтып, өнерлерің өрге жүзе
берсін дейміз. Ал, қазір әділқазылар
алқасы бір шешімге келгенше сөзді
көрермендерге берейік.
Көрермендермен
ойын
Кім
ерлік, батырлық туралы, ер жігіт туралы
көп мақал-мәтел біледі екен?
Достарым,
түсініңдер сөздің нарқын,
Әр
кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік
жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа
бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші
бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.Енді
сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
(Жігіт сұлтаны анықталып, жігіттерге
мадақтау қағаздары мен сыйлықтар
тапсырылады)
Бәріңізге
де бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауын
тамашалағандарыңызға рахмет, саулықта
қауышайық.
Саржансай
орта мектебі
Өткізген:
Идрисова А.С.
2017-2018
оқу жылы