«Жігіт сұлтаны» сайысының сценарийі
Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, шар, гүл, мультимедия, қанатты сөздер
(Музыка ойнап тұрады, қонақтар жайғасады, жүргізуші ортаға шығады)
1 –
жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті
тәрбиешілер, балабақша бүлдіршіндері және «Жігіт сұлтанына» келген
барша көрермендер!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп
дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда
нанымды!
Сол
өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын
жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп
сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
Сайыстың барысымен таныстырып өтсек:
-
Таныстырсам тегімді» (міндетті түрде өзін-өзі таныстыру презентациясы)
-
«Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» (өз өнерін көрсету, немесе қолдан жасалған қол өнерін көрсету)
-
«Білімді жүзден озар» (салт дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру)
-
«Өнерлінің өрісі кең» (топ бірге шығып би билейді)
-
«Күш атасын танымас» (спорттық сайыс) қол күрес.
жүргізуші:
Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін
көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, сонымен бірге өз
білімдерін, шеберліктерін
көрсетеді.
Ең алдымен осы сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1 –
жүргізуші: Ата жолын
жалғамақ,
Ел дәстүрін
қолдамақ
Ел намысын
қорғамақ.
Ұлдар шықсын
ортаға,
«Жігіт сұлтаны»
атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп
жігіттерді ортаға шақырайық.
(Сайыскерлеріміз сахнаға шығады)
КВН әні арқылы жігіттер
сахнаға кіреді.
Алғыр жігітіміз Әмірхан!
Мейірімді жігітіміз Альазим!
Биші жігітіміз Жантемір!
Салмақты жігітіміз Алихан!
Мықты жігітіміз Алдияр
Өнерлі жігітіміз Али!
жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз
білейікші,
Сұлтаны деп балабақшаның
жүрейікші.
Қазыларға тек қана
әділдікті,
Жігіттерге сәттілік
тілейікші -дей отырып сайыскерлерімізге сәттілік
тілейміз. Жігіттеріміз өздерін таныстырып
өтсін.
(Жігіттер таныстыруға реті бойынша шығады
Парасатты ер жігіт,
Ақылына сай жігіт.
Өнерімді көрсетем
Тең келеді маған қай жігіт?
(
Алдияр)
Таныстырсам
өзімді
Құлақ салғын
сөзіме,
солтүстіктің
баласы
Әруақты бабам
қолдасын.
Атым болса
Жантемір (Жантемір)
Таныстырсам
өзімді
Альазим болады
есімім
Астананың
тумасы
Ата әженің еркесі
Батыр, қайсар баламын
(Альазим)
Армысыңдар,
ағайын,
Бастайын мен
сөзімді.
Таныстырып
алайын,
Ең алдымен
өзімді.
Ата-әже
еркесі
Али деген
баламын.
Оспан батыр
ұрпағы,
орта жүзде
кереймін.
Нұрсұлтан атты
ініме,
Қамқор болар
ағамын.
Жасым кіші болса
да,
Таудай үлкен талабым.
(Али)
Таныстырсам
өзімді…
Астананың
баласы.
Інілердің
ағасы,
Ата әженің
еркесі
Әмірхан деген мен болам ( Амирхан)
Сәлем беру, елдігіміз, салтымыз
Арта берсін,ерлігіміз даңқымыз
Жігіт сұлтаны сайысына кеп тұрмын
Алихан деген сері мен болам. (Алихан)
1-жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер
тегіменен
Туып өскен мекені,
еліменен.
Бәрі де ақын
көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп
өлең.
Ал енді әділқазыларымыздың бағаларын көрсек (жүргізуші айтып тұрады)
2-жүргізуші:
Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар!
1 жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.
2. (Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді. )
жүргізуші: Енді құрметті әділ-қазылар әділ бағаларыңызды берсеңіздер.
(бағаларын көтереді, жүргізушілер айтып отырады)
1 - жүргізуші
Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп!
Сайысымыздың келесі түрі «Білімді жүзден озар» Ол үшін сөзді тыңдай біліп, сөздерді ойға тоқу керек. Салт – дәстүрге байланысты сұрақтарды әділқазылардың алдындағы кағаздан алып, бірден жауап бересіздер.
Сұрақтар:
-
Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, сұлу әйел, ер жігіт, ілім-білім)
-
Үш дауасызға не жатады? (міңез, кәрілік және ажал)
-
Үш тәттіге не жатады? (ананың сүті, баланың тілі, туған жер)
-
Төрт түлік мал аталуы қалай? (Түйе, жылқы, қой, ешкі, сиыр)
-
5 дұшпанды айтыңыз (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
-
Жеті атаны атаңыз (бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)
-
Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз? (көкпар, қыз қуу, күрес, теңге ілу, алтын қабақ, ақсүйек)
-
Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір.
(Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар)
-
Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
-
Ағайын алтау,ана ,........ (біреу)
-
Ана сүтін ақтамағанды, .............. (ешкім жақтамайды)
жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
(Ән орындалады) «Қайда» Фатима, Эсра, Іңкәр ән айтады
Ал енді әділқазыларымыздың әділ бағаларын
көрсек.
(Әділқазылар алқасы өз
бағаларын айтады, жүргізуші оқып
тұрады)
жүргізуші: Ендігі кезекті
4. өнерлінің өрісі кең биге кезек берсек. Флэшмоб
Ал енді әділқазыларымыздың әділ бағаларын көрсек.
(Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады,
жүргізуші оқып тұрады)
5. Білек күші қол
күрес
1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстағы өнерлерін көрейік. Білек күшін сынап көрсек.
Құрметті көрермен қауым! Енді сайысып жатқан жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық. Келесі сайысымыз «Күш атасын танымас»
жүргізуші
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті Жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті Жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар
2 –
жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл
рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз
шешімін шығарғанша балаларымыздың әсем биін карсы
алыңыздар.
Енді әділ-қазылардың
жауаптарын күткенше әдемі әнге кезек
берсек.
орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.
1 –
жүргізуші:
Құрметті
өнер сүйер
қауым,
қадірлі
қонақтар,
ата-аналар!
Өздеріңізбен
бірге
қызықтап,
өнерлерін
тамашалаған
сұлтандар
сайысы
да аяқталды.
Тоқсан
ауыз сөздің
тобықтай
түйініне
келер болсақ
«Жүйріктен
жүйрік
озар жарысқанда»
демекші,
бүгінгі
сайысымыздың
жеңімпазын
анықтау
үшін сарапшылар
алқасына
сөз береміз.
2 –
жүргізуші:
«Жүзден
–
жүйрік»
күшімен,
«Мыңнан
–
тұлпар»
шықты
шың
Жігіттердің
ішінен
шыққан
_______________Сұлтан
мықтысын!
Құттықтайық
ал енді
Сұлтан
болған
баланы
Өрге жүзіп
өнері,
Тауға
өрлесін
талабы.
Қуанышты
жанары,
Шоқтай
болып
жанады.
(Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен
марапатталады.
Марапаттау:
-
Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
-
1 орын
-
2 орын
-
3 орын
-
«Дарынды жігіт»
-
«Сегіз қырлы, бір сырлы»
-
«Өнерпаз жігіт»
-
«Парасатты жігіт»
-
«Алғыр жігіт».
-
«Шымыр жігіт».
-
«Шешен жігіт»)
1–
жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ
жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі
үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта
сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!Өркендерің өссін,
мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы
болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жігіт сұлтаны сайысы

шағым қалдыра аласыз