Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Көрнекілігі:Суреттер, шар, гүл, мультимедия, қанатты
сөздер
(Музыка ойнап тұрады,
қонақтар жайғасады, екі жүргізуші ортаға
шығады)
1 –
жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар, оқушылар және «Жігіт сұлтанына» келген барша
көрермендер! Асыл тастан, өнер жастан шығады деп
дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда
нанымды! Сол
өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын
жігіттердің жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп
сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Сайыстың барысымен
таныстырып өтсек:
Таныстырсам тегімді» (міндетті түрде өзін-өзі
таныстыру презентациясы)
«Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес»
(өз өнерін көрсету)
«Білімді жүзден озар» (салт дәстүрге байланысты
сұрақтарға жауап беру)
«Күш атасын танымас» (спорттық
сайыс)
2 –
жүргізуші:Бүгінгі сайысымызда
жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді,
сонымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін
көрсетеді.
1 –
жүргізуші:Ата жолын
жалғамақ, Ел дәстүрін
қолдамақ Ел намысын
қорғамақ. Ұлдар шықсын
ортаға, «Жігіт сұлтаны»
атанбақ. Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп
жігіттерді ортаға шақырайық.
2 –
жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз
білейікші, Сұлтаны деп колледжің
жүрейікші. Қазыларға тек қана
әділдікті, Жігіттерге сәттілік
тілейікші.
1–
жүргізуші:
Жігіттер келіп жетті
танысуға, Бойындағы бар дарынды
дамытуға Қорықпастан сахнаға келіп
жетті Әдеппен сіздерменен
танысуға
2 –
жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен
сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын
күлерлік, Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей
отырып сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. Жігіттеріміз өздерін
таныстырып өтсін.
(Жігіттер
таныстыруға реті бойынша шығады)
1-жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер
тегіменен Туып өскен мекені,
еліменен. Бәрі де ақын
көрінеді, Таныстырып кетті ғой төгіп
өлең.
2-жүргізуші:
Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар!
1
жүргізуші:Қыран-бүркіткөтерер ердің
нарқын,
Қыран
жігіт асырар елдің
даңқын!-
демекші, енді
жігіттерміздің өнерін
тамашалайық.
(Әрқайсысы өз өнерін
көрсетеді. )
1 -
жүргізуші
Ей
жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын
құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп!
Сайысымыздың келесі түрі
«Білімді жүзден
озар»Ол үшін сөзді тыңдай біліп, сөздерді ойға
тоқу керек. Салт – дәстүрге байланысты сұрақтарды әділқазылардың
алдындағы кағаздан алып, бірден жауап
бересіздер.
Сұрақтар:
Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, қыран
бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, сұлу әйел, ер жігіт,
ілім-білім)
Үш дауасызға не жатады? (міңез, кәрілік және
ажал)
Үш тәттіге не жатады? (ананың сүті, баланың
тілі, туған жер)
Төрт түлік
малпірінің аталуы қалай?
(Түйе –
Ойсылқара, жылқы – Қамбар ата, қой –
Шопан ата, ешкі – Шек-Шек ата, сиыр – Зеңгі
баба)
5 дұшпанды айтыңыз (өсек,
өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал
шашпақ)
Киіз үйдің сүйегі (шаңырақ,
уық, кереге, сықырлауық)
Үш
байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
Жеті жұтты атаңыз (құрғақшылық, жұт, өрт, оба,
соғыс, топан су, зілзала)
Әлемнің жеті кереметі: (Египет
пирамидасы, Вавилонның аспалы бағы, ертедегі Артемида храмы,
Олимпиядағы Зевстің мүсіні, Галикарнастағы Мавсол патшаның
табытханасы, Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың қолдан жасалған
мүсіні, Александрия маягі)
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз