Жігіт сұлтаны сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жігіт сұлтаны сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жігіт сұлтаны- 2017»

аудандық байқауының сценарийі


Өтетін жері: Аршалы аудандық Мәдениет үйі

Өтетін күні: 18.03.2017 ж. сағат:15.00


ФАНФАР


Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті қонақтар мен өнер сүйер қауым!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін! Бүгін бізде бойында егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өршіл рухы бар, ер жігітке жарасар «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің бойына зерделеп жеткізу мақсатында өткізгелі отырған «Жігіт сұлтаны - 2017» байқауына қош келдіңіздер!

 

Құрметті көрермен қауым олай болса қошеметпен жігіттерімізді сахна төріне шақырайық!


  1. Сырым Шайық-Арнасай ауылы, №44813 Арнасай әскери ротасының қызметкері;


  1. Ғайып Темірхан –Михайловка ауылы, Михайлов орта мектебінің ұстазы;


  1. Қойшыбаев Нұрсұлтан- Аршалы кенті, №3 Аршалы орта мектебінің ұстазы;


  1. Аманхан Жандос- Сараба ауылы, Сараба орта мектебінің 11сынып оқушысы;


  1. Сүлейманов Азиз-Ага-Аршалы кенті, №6 жеке атқыштар ротасының маман -бақылаушысы;


  1. Қасымов Ахмет-№4 Агротехникалық колледжінің 2 курс студенті;


  1. Огадиев Рамазан-Қойгелді ауылы, Қойгелді орта мектебінің ұстазы;



  1. Бригадхан Думан-Волгодон ауылы, Волгодонов орта мектебінің ұстазы;


  1. Гимранов Ильшат-Жібек жолы ауылы, Новоалександров орта мектебінің ұстазы;


Жүргізуші: «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Ержан Қорғанбек Бейсембайұлы – Аршалы ауданы мәдениет үйінің директоры, қазылар алқасының төрағасы;


Маханов Руслан Жалғасбайұлы – Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры, қазылар алқасының мүшесі;


Князов Көпжасар Серікұлы–Аршалы ауданының спорт және дене шынықтыру бөлімінің маманы, қазылар алқасының мүшесі;


Нұрхан Қуандық– Аршалы ауданының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, қазылар алқасының мүшесі;


Ұзахбаева Шырынкүл Маханбетиярқызы-Аршалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы;


Жүргізуші: Бүгін біздің жігіттеріміз өз бақтарын сынауға сайысқа түскелі отыр.Сайыста 4 кезең бойынша сыналатын болады.  Қатысушыларымыздың өнерлерін 3-5 балдық жүйемен бағаланады. Жігіттерімізді сахна сыртына шығып дайындалуға рұқсат берейік. Сонымен, жігіттерімізге сәттілік тілейміз!


Музыкалық нөмір «Мерекем» орын.Жапаров Сұңғат


Жүргізуші:

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен сіздерменен танысуға.

Бірінші кезең: «Таныстырсам өзімді» өзін-өзі таныстыру (5минут уақыт беріледі)

Қазылар алқасынан таныстыру кезеңінің бағаларын сұраймыз.



Жүргізуші: Екінші кезең: «Сегіз қырлы,бір сырлы» деп аталады( ән айту, би билеу, өлең оқу , әзіл-сықақ, монолог орындау, аспаптарда ойнау т.б.) – 5 минут.


Қазылар алқасына кімнің өнері ұнады екен, қане, көрейік!


Музыкалық нөмір «Арманай» орын. «АйДанАру» триосы


Жүргізуші: Үшінші кезең: «»Күш атасын танымас»

Фон


Үшінші кезең бойынша бағасын берсеңіздер.



Жүргізуші: Соңғы төртінші кезең: «Білімді мыңды жығар». Бұл кезеңде қазылар алқасы дайындаған сұрақтарға жауап беру қажет. Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.


Жүргізуші: Әділ қазылар байқауға қорытынды шығарғанша кезекті әнге берсек.


Музыкалық нөмір «Көк өрік» орын.Ақтан Жаңабергенов


Жүргізуші : Ендігі сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.


Марапаттау


Жүргізуші: Осымен "Жігіт сұлтаны- 2017" аудандық байқауы мәресіне келіп жетті. Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын! Қош сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.05.2018
1210
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі